Quantcast
Channel: Все публикации пользователя admin - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 2282 articles
Browse latest View live

Бу арқылы емделу

$
0
0

Бу арқылы емделу медицина тілінде ингаляция деп аталады. Жөтел, тұмау, бас ауруы, күйзеліс кезінде бумен емделсеңіз, біраз айығып қаласыз. Оның дәрі-дәрмектерден, екпе алудан артықшылықтары бар. Қандай дейсіз бе? 

Бу арқылы емделудің артықшылығы бар және ол қалай қызмет атқарады? Ингаляция – асқынып кеткен аурудың бетін бумен қайтару. теріге ине салмай-ақ, қышқыл дәрілермен ағзаны күйдірмей-ақ емделудің тағы бір артықшылығы қол жетімді. 

Қалай жасайды? 

Медициналық процедура өз тәртібімен жүрсе, ингаляция да белгілі бір тәртіппен орындалуы тиіс. 

- ем қонсын десеңіз, емдік шараны 1,5 сағат сайын жасап тұру қажет; 

- шұңғыл табақшаға құйылған қайнаған ыстық су бетті күйдіріп жібереді, сол себепті судың аздап суығанын күту керек; 

- қайнаған ыстық суды құйып, қашықтық – 30 сантиметрдей болуы тиіс, басты қалың орамалмен жауып қояды; 

- емдік шарасы 20 минутқа созылады; 

- бумен емделу кезінде дұрыс демалу керек: тамақ ауырса, ауызбен демалып, тыныс алу мүшесі ауырса, танаумен демалған дұрыс. 

- тамақ ішу, өлең айту, қатты сөйлеу – мұның бәрі ингаляциядан 1,5 сағаттан кейін жасалады. 

Бумен емделу – үй жағдайында емделудің бір түрі. Ринит, тонзиллит, фарингит, бронхит, баспа және тағы басқа тыныс алу мүшелерінің ауруларына ем бола алады. Сонымен қатар, ауыз қуысы ауыратын және туберкулезбен сырқаттанатын адамдарға да – ем. Тек тамақ ауырғанда емес, үйде ароматерапия жасауда қолдануға болады. Ыстық суға бір тамшы эфир майын тамызып, бас ауруын емдеп алуға болады. Бірақ, мұндай ем барлық адамға жаға бермейді. Басы ауырып тұрған адамның дене температурасы 37,7°С-тан жоғары болса, бұл ингаляцияны қолданып қажет емес. Эмфизема, гипертоника, өкпе ауруларына шалдыққан науқастарға және жүкті әйелдерге рұқсат етілмейді. 

Эфир тамшылары 

Жоғарғы тыныс алу мүшесін бумен емдегіңіз келсе, 3-5 тамшы жалбыз, 5 тамшы эвкалипт, 3 тамшы камфара майларының қоспасын ыстық суға қосыңыз. 

Мұрын бітсе және бас ауырса, ыстық суға 5 тамшы даршын, 3 тамшы шайыр (ладан) майларының қоспасын тамызыңыз. 

Бас ауырса және күйзеліске тап болсаңыз, ыстық суға түймедақ және лаванда эфир майын 5 тамшыдан тамызыңыз.


Анасы қызына мына кеңестерді айтуы керек 

$
0
0



Ұрпағының санасына ұят ұялатып, жастайынан дұрыс тәрбиемен сусындатқан ана мен әке бақытты. Ертең адам деген атқа лайық болып өсуі үшін балаға тура жол сілтеу біздің де, сіздің де міндет. Ал қыз баланы тәрбиелеудің жүгі бәрінен ауыр. Өйткені бүгінгі тұлымшағы желбіреген қыз – ертеңгі ақ жаулығы желбірейтін ана, аяулы жар. Ана болған соң ол өмірге бала әкеліп, оны өсіру үшін тағы бір жауапкершілікті мойнына алады. Сондықтан біз бүгінгі жазбамызды қыз өсіріп отырған бүгінгі аналар қауымына арнаймыз. Төмендегі кеңестерді көңілдеріне қондырып алған аналардың да, олардың қыздарының да мәртебесі биік болмақ. 

1. Өмірің мен көңілің тыныш болмаса, дүние мен байлықтың сені бақытты етер күші жоғалады. 

2. Өмір жолында қандай қиын проблема туындаса да, ол ұзаққа созылмайды және мұнымен өмір шегіне жете қалмайды. 

3. Өзіңді өзгелермен салыстыра берсең, өзіңді де жоғалтып аласың. Өзіңде барыңмен мақтан, өзгенің де комплексі барын ұмытпа. 

4. Анаңа кез келген мәселе бойынша сұрақ қойып түсіндіруін өтінуге қақың бар. Сыр сақтауға келгенде құрбыларыңнан қайран болмаса, анаңа кеп бөліс. Анадан артық сыр сандық жоқ! 

5. Кімнен болса да бірінші болып кешірім сұрауға әуестен. Бұл сенің әлсіздігіңді емес, күштілігіңді дәлелдейді. Өйткені қаншама мықты адамдар реніш пен өкпені жеңе алмай жүр. 

6. Үнемі күлімісіреп жүр. Күлімдеу – өмірдің сәні екенін есте сақта. 

7. Реті келгенде жылап, шеріңді өз уақытында шығарып тұр. Қайғы мен мұңды іште сақтай бергенің өзіңе сор. 

8. Әйел адамның бойында әртүрлі жағымды қасиет болғаны дұрыс. Көп болғаны одан да жақсы. 

9. Құрбы таңдағанда мұқияттылық керек. Адамдар сені құрбыңа қарап танитынын ұмытпа. 

10. Әйел адамның әдемілікке құмартуы заңдылық. Әдемі болып жүруге, сұлулықты сақтауға уақыт табуға тырыс. 

11. Ер адамның намысын таптама және таптатпа. 

12. Ата-анаңның қадірін олар қасыңда тірі жүргенде біліп, құрмет білдір. 

13. Табиғи сұлулықтың орнын ештеңемен толтыруға болмайды. Сондықтан жас кезіңде косметиканы шектен тыс пайдаланбай, табиғи әдемілігіңді бағала. 

14. Әйелдің дене бітімі – әлемнің ең әдемі жаратылыстарының бірі. Сондықтан көптің кір көздерінен ұятты жерлеріңді тығып ұста. Сәнді сүйсең де, тәнді жалаңаштама.

Насыбайды атпасам. Ауырады басым-ай: Желі қолданушылары балалар кітабындағы мәтінді көріп шошыды (фото)

$
0
0

Желі қолданушылары балалар кітабындағы өлең мәтіндерін оқып таңғалды.

Әлеуметік желіде мәтіннің суреті тарап кетті.

«Домырам басы балқурай,

Басына қонар бозторғай.

Қалампырлы насыбай.

Насыбайды атпасам,

Ауырады басым-ай», – деп жазылған мәтінде.

«Қарлығаш, қарлығаш,

Қанаты қайқы қаңғыбас.

Тырна келді, тұр қатын.

Түндігіңді түр қатын.

Кілем жай да,

Арқан тарт

Сандық аш.

Бөдене, бөдене,

Ішіңе тисін тегене,

Төмен қарай дөңгеле», – делінген тақпақта.

Желі қолданушыары мұның бассызық екенін айтып ашынды. Кейбірі әдейі жасалған жалған ақпарат екенін айтып дауласты.

«Не деген масқара, сауатсыз кітаптар. Бұл қай оқулықтан алынған? Балаларды насыбай атуға үйрете ме?», «Меніңше бұл мектеп оқулығы емес. Балаларға арнап шығарған кітаптарды жеке меншік баспалар шығарып жатыр ғой. Соның бірі», – деп жазды желідегілер.

«Бұл халық арасына кең тараған əннен алынған үзінді. Шошитын түк те жоқ, министр байғұс онсыз да шулы. Алдымен өз сауаттарыңды жөндеп алыңдар. Жаман сөз, байбалам жақсы адамға жараспайды», – дейді Сагимбаев Есенгазы есімді желі қолданушысы.

Көздің құрылысы мен қызметі

$
0
0

Бекітемін                               

 

Бестерек орта мектебі

Билеухан Айнур

Пән: биология 8-сынып.                                                                                                                                           

Күні: 

                                                                                                                                                                                

Тақырыбы: Көздің құрылысы мен қызметі.

 Мақсаты:  Оқушыдарға көздің құрылысы туралы толық мағлұмат беру,көздің қызметінің маңызын түсіндіру.                                                                           

 Күтілетін нәтиже  

 - оқушының көздің құрылысы жайлы білімі тереңдейді.

 - алған білімдерін өмірмен байланыстырады. 

 -әр бала өз деңгейіне ,қабілетіне қарай бағаланады.

  -оқушылардың тіл байлығы дамиды.                                                                                                                                                    

Түрі: аралас       

Әдісі: АКТ

 

Кезең

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

 

Оқушылардың іс-әрекеті

 

Ұйымдастыру

 

Бағалау

 

Ресурс

І. Сабақ барысы

 

Ұйымдастыру

2 мин

 

 

Сыныпты түгендеу, амандасу.

Сыныпты тренинг арқылы жұпқа  бөледі.

 

 

 Оқушылар жұптасады.

 

 

бағалау формативтік

бағалау парағын үлестіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ үй

тапсырмасы

 

7 мин

 

Үй тапсырмасын тексереді.

 Сезім мүшелері және оның маңызы жайлы берілген тапсырманы тексеру.

 

Өздері үйде сезім мүшелеріне байланысты дайындап келген суреттерін, тапсырмаларын  қорғайды.

 

Жұппен талдап сыныппен ақпарат алмасады.

 

Бірін-бірі бағалайды

 

Суреттер

Презентация.

Жаңа сабаққа көшу сатысы

 

2 мин

 

 

ІІІ

жаңа сабақ

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызығушы-

лығын ояту

2 мин

Көз туралы оқушыларға жұмбақтар жасыру және мақал – мәлел жалғастыру

 

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі: тақырыппен мақсатты хабарлау

 

 

Интерактивті тақтада көздің құрылысының суретін көрсетіп оқушыларға  бағыт беру

 

 

 

Көздің құрылысы туралы видеоролик, слайдтар, фильмдер көрсетіледі.

 

 Оқушылар жұмбақтың жауабын айтады және мақал-мәлел жалғастырады.

 

 

Дәптерге тақырыпты жазып алу.

 

Осы суретке қарап көздің құрылысымен танысады.

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша ақпарат алады.

 

 

топпен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұпта талдау, сыныпқа қорғау.

 

 

 

 

 

Оқушылардың зейінін    жинақтау.

Өзара бағалау парағын толтыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интерак тақта

 

 

 

 

 

 

АКТ

 

Жұптық жұмыс ой толғау

5 мин

 

Посстер сызу

 

Мәтінмен жеке танысады.топта талдайды, сыныпта қорғайды.

1-топ Көздің құрылысы

2-топ Көздің пайдалы жақтары

3.Көздің зиянды жақтары

 

 Әр топ өз постерларын қорғайды

 

Топпен бағалайды

Банер,стикер,қайшы,фламастер,түрлі-түсті қарындаштар

Қорытынды

6 мин

Мұғалім түрлендірілген тапсырма береді.Кесте толтыруға тапсырма береді.

1.Суретке қарап көздің құрылысының атауларын жазу.

2. Кесте толтыру.

3.интеактивті тапсырма орындау

Ізденеді,тыңайды, белгілейді.

Өздерін жұпта бағалайды

Интерактивті тақтадағы  тапсырма

 

Кері байланыс

Бағалау

 

 

Үйге тапсырма:

3 мин

 

Табыс ағашына алма бейнелегнен стикерді жабыстыру (қызыл-түсіндім,жасыл-толық емес,сары-түсінбедім)

Бағалау парақтары арқылы топ мүшесі қорытынды бағасын шығару.

 

 

§18 .1. «Ойланып, жауап беріңдер» тапсырмасын оқулықтан орындау.

        2. мәтінді оқу

        3. әр оқушы 5 тест сұрақтарын құрастыру

 

Рефлективтік есеп

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

Сабақтың басындағы ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға жұппен жұмыс жасайтыны жайлы хабарлап қысқаша сабақтың құрылымымен  таныстырдым.Үй тапсырмасына барлық оқушылар жауапкершілікпен дайындалып келіпті.Әр оқушы өз ойын дайындаған суререттері және слайдтар арқылы еркін әрі толық жеткізе алды.Жоспар бойынша  жаңа білім  беру кезеңінде оқушылар жұп бойынша инсерт стратегиясы арқылы танысып шығып жұпта және сыныпта  талдады. Оқушылардың іс әректінің жүйелі болуына мұғалімнің дайындап келген АКТ құралдары, инсерт стратегиясы тиімді ықпал етті.Соның нәтижесінде тақырып бойынша берілген ашық сұрақтарға ,қорытынды  бөліміндегі бекіту тапсырмаларына оңай жауап берді. Жалпы сынып белсенді қатысты, енжар оқушылардың да қызығушылығңы байқалды .Сабақ соңында оқушылар жұп бойынша бірін- бірі бағалады, Мұғалім бағыттаушы ролінде болған бұл сабақ оқушының өз іәрекеттерін еркін әрі толық пайдалануына мүмкіндік жасады.

7-сынып биология,оқулық. Қ. Қайым Р.Әлімқұлова. Ж. Қожантаева..дидактикалық материалдар.

                                                                                                                   

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті:  не істеймін?

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар, кітаптар, компьютерлік жабдық және т.б. қажет?

Тақырып

Есту мүшесінің құрылысы мен қызметі

 

 

2мин

Ынтымақтастық атмосферасы

 

 

 

 Үй тапсырмасын сұрау.

* Төле бидің жұмбақтап айтқандарын, Қазыбек би мен Әйтеке бидің толғауларын әр топтан жатқа сұрау

* «Шынайы шешен-жарқын тұлға» тақырыбына жазылған ойтолғауларын оқытқызу

 

Әр топ өздерінің тақырыптары бойынша жаттауларын айтады. Ойтолғауларын оқиды

 

2мин

Кәмпиттер беру арқылы топқа бөлу

3 түрлі кәмпиттерді жеу арқылы 3 топқа бөлінеді

 

3мин

Білу

1. Шешендік сөздер дегеніміз не?

2. Қазақтың шешендік сөз тарихы кімдердің есімдерімен байланысты айтылады?

3. Шешендік өнердің кеңінен дамып, биіктеген кезеңі ?

4. Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін қайдан кездестіреміз?

Шешендік сөздер қандай болады?

 

 

 

 

 

Оқушылар берген сұраққа бұрыннан білетіндерін еске түсіре отырып жауап береді

 

 

 

 

 

2

Түсіну.

Тақтада көрсетілген слайд бойынша шешендік сөздердің түрлеріне түсінік беру

 

 

 

Слайдта көрсетілген деректерді дәптерлеріне жазып алады

 

 

Жеке жұмыс

 

3

Қолдану.

Берілген мәліметтерге сүйене отырып, хрестоматиядан шешендік сөзге мысал келтіру

 

Оқушылар топ болып жаттығуды ауызша орындайды және хрестоматияның ішінен шешендік сөздің әрбір түріне мысал келтіріп, дәлелдеп, өз сөздерімен айтады

Қазақ әдебиетінің хрестоматиясы

4

Талдау.

Оқулықта берілген шешендік сөздердің түрлерін топ ішінде талқылап, постер жасау

1-топ. Шешендік арнау

2-топ. Шешендік толғау

3-топ. Шешендік дау

 

 

 

Әрбір топ тапсырма бойынша ізденеді, постерді қорғайды

 

Топтық жұмыс

 

5

 

 

Жинақтау.

Бес жолды өлең құрастыру

1-топ. Шешендік арнау

2-топ. Шешендік толғау

3-топ. Шешендік дау

Жазған сценарилерін 3 топ пікірталас түрінде қорғайды

Топтық шығармашылық жұмыс

6

Бағалау.

 

 

 

 

 

Бас бармақтарын көрсету арқылы

Топтық жұмыс

Әр топтың пікірлері тыңдалды. Пікір білдірген оқушылардың бәрі де өз ойларын толық жеткізе білді Оқушылар бас бармақтарын көрсету арқылы тақырыпты қаншалықты деңгейде игергендерін көрсетеді.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.  

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

 

.

            

 

 

 

 

 

 

Кім аяздан қорықпайды?

$
0
0

№11 «Балапан» балабақшасы

 

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті

   Тобы: «Құлыншақ»

     Тәрбиеші: Исаева К.

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі «Кім аяздан қорықпайды?» тақырыбында «Құлыншақ» тобы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» бөбекжай-балабақшасы

Тәрбиеші: Исаева Кигаш Нагашыбаевна

 

 

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

 

Тақырыбы: «Кім аяздан қорықпайды?».

Кіріктірілген: «Денсаулық», «Шығармашылық»

Мақсаты: Табиғаттың сауықтырушылық күшін пайдалана отырып, балалардың денсаулығын сақтап нығайтуға ықпал ету. Қимыл-қозғалыс қабілеттерін жетілдіріп, сергек, шат көңілді және белсенді болуға, ептілікке, жылдам қимылдауға, батылдыққа, төзімділікке баулу. Досқа көмектесу, сыйластық, мейірімділік, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

 

Қажетті-құрал жабдықтар: 2 шана, әр балаға ойыншықтар,  

                                                   қар жапалақтары-бала санына.

Кейіпкерлер: Қар-адам.

Өткізетін орын: Балабақша ауласы.

 

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

Қозғаушылық

 

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

- Амандасу деген не?

 

 

 

- Аман-саулық немесе денсаулық

   деген не?

 

 

- Бүгін сендерді шынығып шымыр болып, аязға қарсы тұру үшін, батырлар мен батылдардың еліне саяхатқа шақырамын. Аяздан қорықпай, қызықты саяхатқа аттануға дайынсыңдар ма?

- Ендеше, сиқырлы пойызға отырып, саяхатты бастайық!

- Балалар, бірінші аялдамаға жеттік.

Бірінші аялдама: «Жаттығу қаласы».

- Балалар, қараңдаршы, бізді кім қарсы алып тұр? (Аялдамада Қар-адам тұрады).

- Қар-адам: Амансыңдар ма, балалар! Денсаулық мықты болу үшін, шынығып шымыр болу үшін әр күнді неден бастау керек?

Әдемі: Таңертеңгі жаттығуды орындаймыз күнде біз.

Кәусар: Нығайтамыз денсаулықты, болу үшін бізде күш.

Нұрағат:«Қыстың суық күндерінен,

               Аяз соққан желдерінен.

               Қорықпайды бүлдіршіндер,

               Шұғылданған спортпенен!»

Музыка сүйемелдеуімен балалар көңілді жаттығуды орындайды.

 

 

Балалар амандасады.

-ол аман-саулықты сұрау. Адамдар сәлемдескенде бір-біріне денсаулық тілейді.

- Денсаулық-ол күш-қуат, ептілік, шымырлық, тазалық, сұлулық, жақсы көңіл-күй.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Таңғы жаттығудан.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық-

Ізденістік

 

1-ші жаттығу:«Қарлы мүсіндер».

Аяқтарды-топылдат!

Соқ қолыңды-шапалақ!

Бастарыңды шайқалтып,

Соз қолыңды аспанға.

Отыр бүгіп тізеңді,

Қайта секір түзеліп.

Жүгір шеңбер бойымен!

Үшке дейін санаймыз!

Қарлы мүсін жасаймыз!

Бір, екі, үш!

2-ші жаттығу: «Спортшы қоян».

Құлақтарын шошайтып,

Отыр аппақ қояным.

Басын бұрып жан-жаққа,

Қайта-қайта қарайды.

Тоңып қалды қояным,

Жылдам ойын ойнайық,

Соқ-соқ, шапалақты соқ!

Топ-топ, аяғыңды соқ!

Секек-секек қозғалып,

Шеңберде жүгір айналып!

Қар-адам: Жарайсыңдар, мені өздеріңмен бірге саяхатқа алыңдаршы!

-Балалар, сиқырлы поезға отырып, саяхатымызды жалғастырайық!

Келесі аялдама «Спорттық қала»

Қар-адам: Спорттық қалада жарыстар өтеді. Сендер жарысқа дайынсыңдар ма? Ал менің жолдастарым аю мен қоян бір-бірімен жарысқанды ұнатады.

Эстафета: «Аңдар жарысы»

 

 

 

- Саяхатымызды жалғастырамыз.  

  Сиқырлы пойызға отырыңдар.

 

Келесі аялдама- «Ойын қаласы».

(Балалар бір тізбекке тұрып жүреді).

 

Қар-адам: Мен сендерге бірнеше жұмбақ жасырамын, шешуін тапсаңдар қызықты ойын ойнаймыз.

                     Жұмбақ:

1. Шанамен сырғанап келемін,

    Шаңғы, коньки тебемін,

    Аққала жасап ойнайтын.

    Қай мезгіл деп ойлайсың?

2. Шелек қалпақ басында,

    Сәбіз екен танауы

    Қыста қардан тұрады,

    Танып көрші сен оны.

3. Мамықтай ұлпа,

    Қанттай ақ.

    Қыста жер бетін басады,

    Жазда сайға қашады.

 

Ойын: «Қар қиыршықтары»

Шарты: Екі топтың балалары екі жаққа бөлініп, алдарында тұрған қар қиыршықтарын бір-біреуден алып межелі жерге тасу.

Қай топта қар қиыршықтары көп болса, сол женімпаз болады.

 

Ойын: «Кім тапқыр?».

Шарты: Екі топтың алдарында тұрған шыршаның артына сәбізді қоян болып секіріп жүріп апарып, тығады.  Келесі бала барып тығылған сәбізді тауып алуы керек.

 

 

- Сиқырлы поезға отырып, келесі аялдамаға аттанайық.

Келесі аялдама:

                           «Музыка қаласы»

Қар адам: - Қазір жылдың қай мезгілі?

- Далада жерде не жатыр?

- Музыка қаласында би билеп, ән айтады. Мен сендерді би билеуге шақырамын.

Би: «Қар жапалақтары».

 

 

 

- Балалар, келесі аялдама «Балапан» балабақшасы. Қар – адам әрі қарай суық жаққа саяхатқа кетеді.

 

 

 

 

 

- Балалар бір орында мүсін жасап тұрып қалады

 

 

 

 

 

 

 

 

- Балалар сөздерін айтып қимылдарды салады.

 

 

 

 

 

 

 

- балалар тізбекке тұрып жүреді

 

 

 

 

 

 

-Балалар екі топқа бөлініп, ойыншықтарды шанамен белгілі жерге дейін тасып жарысады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Қыс

 

 

 

-Аққала

 

 

 

- Қар

 

 

 

- балалар ойынды қызыға ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Қыс мезгілі

- Қар жапалақтары

 

 

 

Балалар шеңберге тұрып, қолдарына қар жапалақтарын ұстап билейді.

 

Рефлексиялық

Түзетушілік

 

       Қар-адам: Балалар, сендер суықтан, аяздан, қиындықтан қорықпайтын қайсар, батыр балалар екенсіңдер. Сендермен саяхатқа шығу маған ұнады. Сау болыңдар!

- Балалар қоштасып «Зырлайды шанамыз» әнімен бақшаға оралады.

 

 

 

- Балалар Қар-адамымен қоштасып, топқа ән айтып оралады.

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

Біледі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін, қысқы ойын түрлерін

Түсінеді: жұмбақтар шешуді, тақпақтар айтуды, ойындарды.

Меңгереді: аққала жасауды.

 

№11 «Балапан» балабақшасы №12 «Құлыншақ» тобының ашық оқу іс-әрекетіне

 

А н ы қ т а м а

 

 

18.02.2015 ж «Құлыншақ» тобында «Кім аяздан қорықпайды?» атты ашық оқу іс-әрекеті болып өтті. Ашық оқу іс-әрекетіне барлық бала қамтылып, балабақша ауласында өтті.

Балалар сиқырлы пойызға мініп бірінші аялдама «Жаттығу қаласына» келді. Онда Қар адамымен кездесті. Жаттығу жайлы Әдемі, Кәусар, Нұрағат тақпақтарын айтты.

1-ші жаттығу: «Қарлы мүсіндер», 2-ші жаттығу: «Спортшы қоян» жаттығуларын жасады.

Сиқырлы пойызға мініп келесі аялдама «Спорттық қала» аялдамасында «Аңдар жарысын» өткізді.

Келесі аялдамамыз «Ойын қаласына» келіп ең алдымен Қар адамының жұмбақтарын шешіп, ойын ойнады. Ойын «Қар қиыршықтары», «Кім тапқыр?» ойындарын қызыға ойнады.

Сиқырлы пойызға мініп балалар «Музыка қаласына» келді. Мұнда балалар тәрбиешімен және Қар адамымен бірге «Ұлпа қарлар» биін топ болып биледі.

Келесі аялдама келгенде Қар адамымен қоштасып «Балапан» балабақшасына «Зырлайды шанамыз» атты әнін айта жүріп топқа оралды.

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті өте жақсы деп бағаланды.

 

 

Тәрбиеші: Исаева К.

 

Тобы: №12 «Құлыншақ» тобы

 

Қаскелең мектебіндегі жартылай жалаңаш тәрбиеші туралы жаңа деректер шықты

$
0
0

Құрманғазы Айтмұқанов 10 жасар баласының бөлмесінде жартылай жалаңаш күйде ұстап алған мұғалім еңбекке жарамсыздығы бойынша демалысқа шығып кетіпті. Олар азаматқа баласымен не істегенін әлі түсіндірмеген деп хабарлайды "Евразия" телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оған қоса, бөлмеде болған бір әйелдің мектепте жұмыс істемейтіні анықталған.

"Алғашында өзім ұялып қалып, бөлменің есігін жаба салдым. Содан кейін онда бір жамандықтың болғанын түсініп, суретке түсіріп алмасам, кейін дәлелдей алмай қаламын деп шештім.

Бөлмеге кіріп, екі сурет түсірдім. Тәрбиешілерден онда не істеп жатқанын сұрадым. Олар жарытып ешнәрсе айта алмады. Неге олай жасағандарын әлі деп түсіндірмеді", - дейді Айтмұқанов.

Ал тәрбиеші баламен бір бөлмеде болғанын жоққа шығарып, азаматтың жала жауып жатқанын айтқан.

Баланың шын мәнінде бөлмеде әйелдермен болғанын интернаттың камералары нақтылады. Тәрбиеші мен белгісіз әйелдің жанында 10 жастағы оқушы 40 минуттай жеке қалған.

Ең сорақысы, Арсеннің өзі бөлмеде не болғанын айтып бере алмайды. Оның ақыл-есі дамуы біраз артта қалып, аутизмнің белгілері байқалған.

Еске салсақ, бірер күн бұрын Қаскелең қаласындағы ақыл-есі бұзылған балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат оқушысының әкесі сұмдық жайттың бетін ашқан болатын. Ол ұлын бір бөлмеге қамап қойып, өзі жартылай жалаңаш төсекте жатқан тәрбиешіні тауып алған.

Қарағандылық оқушылар электронды домбыра жасап шығарды

$
0
0

Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары өзі ойнайтын электронды домбыраны ойлап тапты.

Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Айта кету керек, бұл екі шекті аспап Қазақстан бойынша алғашқы түпнұсқа болып саналады. Ұлттық аспап адамның көмегінсіз-ақ өзі күй ойнай алады. Аталмыш жобаны құрастыру үшін оқушылар небәрі 1 күн жұмсаған. Ал бағдарламаны іске қосуға 1 апта уақыт кеткен. Әзірге бұл дайын домбыра қазақтың «Еркемай» күйін орындайды. Алдағы уақытта оқушылар бағдарламаға жаңа күйлерді енгізбек.

«Домбыра біздің, қазақ елінің рухани байлықтарымыздың бірі деуге болады. Домбырада бұрыннан бері ата-бабаларымыз ойнап жүрген. Сондықтан жастарға рухани жаңғырту кілті ретінде көрсететін болсақ, қазақ елін алға жетелейтін боламыз», – дейді 10-сынып оқушысы Ерасыл Тұраров.

Қызылордада 6-сынып оқушысы өз кітабын шығарды

$
0
0

Қызылорда қаласындағы №267 орта мектептің 6-сынып оқушысы Алтынай Берік «Ертегілер» атты кітап шығарып, еліміздегі ең жас жазушының бірі болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жас дарын Алтынайдың алғашқы кітабының шығуына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қолдау білдірген. Сонымен қатар ол алғашқы туындысының бір данасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдапты.

60 беттен тұратын жаңа туынды 1000 дана таралыммен оқырман қолына тиді. Кітапқа 32 ертегі мен өлеңдер еніпті. Сондай-ақ, кітапта жас өреннің өз қолымен салған суреттері де бар.

Алтынай 7 жасынан бері қолына қалам ұстап, түрлі әдеби шығармалар жазып келеді. Бүгінде оның 40-қа жуық ертегісі бар екен. Жас дарынның шығармаларының көпшілігі жан-жануарларға арналған. Мәселен, «Ақ көжек», «Мөлдір бұлақ», «Қызыл қораз», «Түйе», «Қамқорлық» сынды туындылары республикалық байқауда орын алып жүр.

Сондай-ақ, Алтынайдың ертегілері «Балапан» телеарнасының 5 жылдығына орай өткізілген «Менің ғажайып ертегілерім» атты жинаққа енгізілген.

Алтынай күні бүгінге дейін түрлі байқауларға қатысып, жоғары жетістікпен оралып келеді. Тұңғыш рет «Жас өркен» серіктестігі ұйымдастырған бәйгеде жеңмпаздар тұғырынан көрінген еді.

Алтынай көп балалы отбасыдан шыққан. Ол – отбасындағы 7 баланың екіншісі. Әкесі Айбек пен анасы Айзада қарапайым жандар.


Жұмыстағы ұжымда өзіңізді қалай ұстауыңыз керегі жайлы 8 кеңес

$
0
0

Лайықты жұмыс тауып, ұжымда тұрақтап қалу үшін не істеу керек? Бұл көпшіліктің көкейінде жүрген өзекті сұрақтардың бірі. Өйткені көп уақытымызды бірге өткізетін адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуды барлығымыз қалаймыз. Әрине  бөгде біреудің қызғануы, жек көруі мен біреуді айыптауын еркінен тыс қойдыра алмаймыз. Бірақ төмендегі психологиялық кеңестер мен ұсыныстардың өзіңізді ұжымда сенімді ұстауға септігі тиері сөзсіз.
 

Бірқатар нұсқалар:

Басшылықтан ақылдылығыңызды көрсетуге ұмтылудың қажеті жоқ.
Егер сізді жақсы бағалағанын қаласаңыз, өз ойыңызды тиянақты әрі нақты ақпараттармен жеткізуге тырысыңыз. Көпшіліктен озып шығып, өзіңізді көрсетуге тырысып бағатын болсаңыз, басшыңыз сізді өзіне бақталас санап, сізден құтылуға тырысуы мүмкін. Бірақ барлық басшыларды бұлай сипаттай алмаймыз.
 
Жаңа есімдер мен лауазымдарын есіңізде сақтап қалыңыз
Жұмысқа жаңа тұрған болсаңыз, бірінші кезекті рет-ретімен қызметкерлердің есімдері мен лауазымдарын есте сақтауға тырысыңыз. Ұжымдағы әріптестеріңіз бір-біріне «сіз» әлде «сен» дейді ме, соған назар аударыңыз. Өйткені әр ұжымның өз тәртібі пен ұстанымдары болады. Сізге «сен» деуді ұсынса, бастартпай, жылы қарым-қатынасты жалғастыра беріңіз.
 
Көп тыңдап, аз сөйлеңіз
Жұмыстағы алғашқы күндеріңізде болса, бақылаңыз. Басшылық пен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас, бір-біріне деген пейілдерін сырттай пайымдап, өзіңізге тұжырымдар жасап алыңыз. Жалпы бұл жұмыста көптен бері болсаңыз да, бақылаушы рөлі аса тиімді. Өйткені бір тарапқа жақтассаңыз, екінші тарапқа жау болып шыға келесіз, ал тәуелсіз бақылаушы болу арқылы өзіндік сыйыңыз қалады.
 
Сұрақ қоюдан қорықпаңыз
Тіпті қарапайым жұмысқа орналассаңыз да, сіз білмейтін жайттарға тап болып, көкейіңізде сұрақтар орын алуы мүмкін. Осындай сәттерде әріптестеріңіздің көмегінсіз қиын. Жалпы, әріптестеріңізден көмек сұрау немесе сауал қою арқылы сіз өзіңіздің игі ниетіңізді білдіре аласыз.
 
Сын айтудан  аулақ болыңыз
Әлі іс барысын толық меңгермейінше, тіпті меңгеріп алған жағдайда да, сын айтуға асықпаңыз. Ал егер ескерту айту керек жағдай орын алса, оны сыпайы түрде жеткізіңіз.
 
Сабырлы болыңыз
Қандай жағдай болмасын салқынқанды әрі сабырлы қалыпты сақтаңыз. Салқын қабақ пен дөрекілік танытты ма? Әрине, жағымсыз жағдай, бірақ бұл ең сорақысы емес, адамдар әртүрлі, барлығына бірдей жағу мүмкін емес. Жағымсыз эмоцияларыңызды жасырып қалуға тырысыңыз.
 
Жеке өміріңіз жайлы айтуға асықпаңыз
Әрине, жаңа әріптестеріңізге сіздің жеке өміріңіз аса қызық болып көрінуі мүмкін. Бірақ бәрін бірден жайып салсаңыз, бұл сіздің абыройыңыз бен сыйыңыздың төмендігін көрсетеді. Әрі бұл ресми форматқа да жатпайды. Өзіңізді жеңіл ойлы жан ретінде көрсетіп алуыңыз мүмкін.
 
Сауатты сөйлесіңіз
Артық ауыс сөздер қолданбай, барынша тиянақты әрі асықпай сөйлеңіз. Қойылған сұрақтарға нақты жауап беруге тырысып, сенімсіз сөйлеуден арылыңыз.
 
Осындай қарапайым қағидалардың арасында жаңа ұжымға сіңісіп кетуге болатынын қаперіңізден шығармаңыз. Өйткені ешқандай да қызыл диплом сіздің жұмыстағы міндеттеріңізді өздігінен атқара алмайды.
 

Қазақстандық арулар 8 наурызға қандай сыйлықтар алғанды қалайды – зерттеу

$
0
0

Deloitte аудиторлық компаниясының сарапшылары 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қазақстандық арулар қандай сыйлықтар алуды қалайтынын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, арулардың 59%-ы гүл сыйлағанын қалайды. Өз кезегінде ерлердің 90%-ы гүл сыйлауды жоспарлап отыр.

Зерттеуде әрбір 10 ер кісінің 9-ы жақын тусытарын 8 наурыз мерекесімен құттықтап, оларға сыйлықтар беруді жоспарлап отыр. Соның ішінде 33%-ы мейрамханада мерекелік түскі ас немесе кешкі ас ішуді жоспарлауда. 

Ер кісілер сыйлауды жоспарлап отырған сыйлықтардың орташа бюджеті 33 мың теңгені құрайды. Бұл ретте ерлер әйелдерге қарағанда сыйлыққа 40%-ға артық қаржы жұмсауға әзір.

Ерлердің 50%-ы 8 наурызда 3 – 5 сыйлық жасауды жоспарлауда. 23%-ы 10 және одан артық сыйлық жасауды көздейде. Тек 6%-ы ғана сый тартуды жоспарламаған.

Сауалнама нәтижелері бойынша, әйелдердің 37%-ы 8 наурызда сыйлық ретінде туристік жолдама алғанды армандайды. Бұл топтың өкілдерін 36 және одан жоғары жастағы әйелдер құрайды.

26 – 35 жас аралығындағы қазақстандық арулардың әрбір үшінші бөлігі (31%) сыйлыққа зергерлік бұйым алғанды қалайды. 35 жастан асқан әйелдер (22%) сыйлыққа автомобиль алғысы келеді. Ал, бойжеткендер болса сыйлыққа косметика немесе парфюмерия күтеді.

Әйелдердің 10-нан 9-ы 8 наурызда басқа арулар мен қыз-келіншектерге сыйлық жасауды жоспарлап отыр. Бұл ретте сыйлықтардың орташа бағасының диапазонында қызықты үрдіс байқалып отыр: әйелдердің көбісі өздері сыйлыққа алғысы келген заттарды сыйға тартады.

Әйелдердің 56%-ы 8 наурызда өздері қалаған сыйлықты күтпейді. Зерттеуде әйелдер мерекесіне гүлдер, косметика, ақша алуды немесе мейрамханада мерекелік кешкі ас ішуді қалайтын әйелдердің арасында өздері қалайтын сыйлықты алу мүмкіндігі жоғары екендігі айтылады.

Сонымен қатар, зерттеу нәтижелеріне сәйкес, қазақстандықтардың 10-нан 5-і өздері қызмет ететін компаниялардың ұжымында 8 наурызға сыйлыққа кететін шығын өтелмейтіндігін атап көрсеткен.

 

Бүйректе тас жиналуға алып келетін азық-түліктер

$
0
0

АҚШ ғалымдары ғылыми зерттеу жүргізіп, бүйректе тас жиналуына алып келетін 5 азық-түлік өнімін анықтады.
 
Америкалық сарапшылар күніне миллиардтаған адам тұтынатын кофені бүйрек үшін ең қауіпті тағамдар тізімінің ең басына қойды. Зерттеушілердің пікірі бойынша, кофе тұтынушылары санының артуы бүйрегіне тас жиналған емделушілердің санының жылдам өсуіне себепші болып отыр. Сарапшылар кофе бүйректің жұмысының бернеше есе жылдамдататынын, соған байланысты бүйрек тез шаршап, «қартая бастайтынын» дәлел ретінде алға тартады, деп хабарлайды Ren.

Екінші орында – қызыл ет. Бүйрекке зиян тигізбеуі үшін қызық етті тым аз мөлшерде пайдаланған жөн, оны ақ түсті етпен, мысалы тауық етімен алмастыруға тырысу керек.

Үшінші орында – тұз. Тұзды көп пайдалану денеде судың іркіліп, бүйректе тас тәрізді заттардың қалыптасуына алып келеді, бұның аяғы тасқа айналады.

Азық-түліктер тізімінде шәй төртінші орынға жайғасқан.
 
Тізімдегі бесінші орында – газдалған су. Сусынның бұл түрі денсаулыққа аса қауіпті екені белгілі. Зерттеушілердің пікірі бойынша, кез келген газдалған сусын бүкіл дененің ішкі органдарының, соның ішінде бүйректің жұмысына кері әсерін тигізеді.

II - ТУР. Назар аударыңыз - Байқау 2017-2018 (ҚАҢТАР-НАУРЫЗ)

$
0
0

Қатысушылар: 1-11 сынып оқушылары, Cтуденттерге: 1,2,3,4,5 курс студенттері
Қатысушы жұмыстарын қабылдау мерзімінің соңғы күні: 18.05.2017ж
Қорытынды уақыты: 20.05.2017ж
Ұйымдастырушы:  SABAQTAR – Ақпараттық сайты

Байқау түрлері:

Ресейде мұғалім сабақ үстінде оқушымен жыныстық қатынасқа түскен

$
0
0

Санкт-Петербург қаласында мұғалім сабақ үстінде оқушымен жыныстық қатынасқа түскен, деп хабарлады Lenta.ru порталы "Фонтанка" басылымына сілтеме жасап. Порталдың хабарлауынша, мұғалім ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған, ол сабақ үстінде 15 жастағы оқушымен жыныстық қатынасқа түсіпті.

"35 жастағы мұғалімге қатысты қылмыстық іс өткен жылдың аяғында қозғалды, бірақ айып тағылған жоқ. Болған оқиғаны білген соң жасөспірімнің анасы тергеу комитетіне арыз жазған", - делінген жарияланымда.

Күдіктінің аты-жөні белгісіз. Мүғалім сабақ берген жекеменшік мектептің сайтында ол жөнінде мағлұмат жоқ, мекеменің әкімшілігіндегілер де ол жөнінде ештеңе білмейді. Басылымның мәліметтеріне қарағанда, баланың отбасы ауқатты, оның әкесі мәскеулік мұнай компаниясында жұмыс істейді. Жасөспірім жекеменшік мектептің есебінде тұр, бірақ үйден оқиды - мұғалімдер балаға қолайлы уақытта үйіне барып, сабақ береді.

Басылымның мәліметінше, бала жыныстық қатынастарын жариялап отырады және өзін кәсіби футболшымын деп таныстырады.


kaz.tengrinews.kz

Мектеп мұғалімдеріне қару ұстауға рұқсат етілді

$
0
0

 

АҚШ-тың Флорида штатының Сенаты мектептегі қауіпсіздік туралы заңды қабылдады. Заңға сәйкес мұғалімдер енді қару ұстай алады, - деп хабарлайды Associated Press. Сонымен қатар штатта иір ойықты мылтық сатуға шектеу қойылды: енді мұндай қаруды заңды түрде 21 жастан асқандар ғана сатып алуға рұқсат. 

Айта кетейік, 14 ақпанда 19 жастағы Николас Круз Флоридадағы орта мектепте оқ атып, 17 адам мерт болды және 14 адам жараланды. Бұл жағдайға байланысты АҚШ-та қарудың қолжетімділігі туралы талқылаулар туды. 


kaz.tengrinews.kz

Оқушыларды ҰБТ орталығына алып барған мұғалім көз жұмды

$
0
0

Орталда мектеп мұғалімінің жүрек талмасы ұстаған, "жедел жәрдем" жарты сағаттан кейін келген

Оралда № 32 орта мектептегі бітіруші сыныптың жетекшісі оқушылардың көз алдында көз жұмды. Бұл туралы "Уральская неделя" сайтына Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанынан ашылған ҰБТ орталығы хабарлаған.

"№ 32 мектептің мұғалімі өз оқушыларын ҰБТ-дан алдын ала сынақ тапсыртуға алып келді. Оқушылар аудиторияға кіріп кетті, ал әйел дәлізде қалды. Шамамен сағат 13:10-да оның талмасы ұстады, біз оған өз күшімізбен көмек көрсетіп, "жедел жәрдем" шақырдық. Алайда "жедел жәрдем" тез келе қоймады, жарты сағаттан астам уақыт өтіп кетті. Дәрігерлер мұғалімнің көз жұмғанын айтты. Бұл кезде түскі үзіліс еді, БҚМУ дәрігері түскі ас ішуге кеткен. Нақты диагнозды біз білмейміз, дегенмен әйелдің қан қысымы көтеріліп кеткені анық", — деп хабарлады ҰБТ орталығы. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы болған оқиғаға қатысты кейінірек түсініктеме беруге уәде етті.      

 


ОҚО-да оқушылар тауық қораға ұқсас мектепте оқып жатыр

$
0
0

Бала көп, бірақ білім алатын мектепке сыймайды. 300 балаға арналып салынған нысанда 600 оқушы сабақ оқып жүр. Соның салдарынан бір партада үш бала отырады екен. Бұл – Оңтүстік Қазақстан облысындағы жағдай.

Ата-аналар бірнеше жылдан бері бұл мәселенің шешілмей келе жатқанын айтады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Сарығаштағы Көктөбе шағын ауданында мектеп болмаған соң, жергілікті кәсіпкер осыдан 13 жыл бұрын жеке қаражатына бастауыш мектебін салып беріпті. Бүгінде бұл білім ұясында оқушылар үш аусымда оқиды. Әр сыныпта 20-дан астам шәкірт бар. Кей кездері үш бала иықтасып бір партаға жайғасатын күндер де жоқ, емес екен.

Ел арасында «тауықхана» аталып кеткен бастауыш мектебінде бүгінде 500-ден астам оқушы білім алады. Мектеп кезінде жергілікті кәсіпкер Молдалы Қолдастың тікелей қаржысымен салынған. Бірақ, неге екені белгісіз арада біршама уақыт өтсе де оқушылар тар бөлмеде білім алуға мәжбүр.

«0 кластан бастап, әр 6 класстан бар біздің балалар. 4 кластағылар оқиды анда, оның өзі 6 класс. Екеуі осында оқиды, қалғаны ана жақта оқиды. Сол үшін бәрін біріктіруіміз қажет» – оқушының анасы Қалдыгүл Балтабаева.

Ауылда мектепке баратын бала саны артқан соң жергілікті билік үш жыл бұрын басқа жерден жаңа мектеп салып берген. Бірақ, бала санын ескермегенге ұқсайды. 600 орындықтың орнына, небәрі 300 балаға шақталған нысан тұрғызған. Соның салдарынан оқушылар екі мектепке бөлінуге тура келеді.

«Сол кезде аудандық оқу бөлімінде ауыс түиіс деген көп болып жемқорлық деген бірі келіп бірі кетіп жаткан орын алған кезі. Мына жерге есепсіз мектеп түсіп кеткен» – зейнеткер Молдалы Қолдас.

Осы күні ескі мектеп пен жаңа білім ұясының арасы 1 жарым шақырымды құрайды. Егер біреуінде іс шара өтетін болса, оқушылар мен ұстаздар екі жаққа бөлініп жүргені. Сондықтан, шағын емес бірден үлкенін салу қажет еді, дейді тұрғындар.

«Бүгін кішкентай мектеп саламыз бір жылдан кейін тағы айғай басталады сыимай жатырмыз деп.. Жаңа корпус жаңа үлкен жолдың бойында орналасқан.тиімді жері өте қолайлы. Барлық жағдайы сыйады төрт гектар жерге мың балаға мектеп салуға болады» – Сарыағаш қаласының тұрғыны Амантай Мамудаев.

Ауылда мектеп тапшылығы бар екенін аудан әкімдігі де мойындап отыр. Бірақ, жаңа білім ұясының жанынан қосымша ғимарат салып бермекші. Ол үшін жобалау сметалық құжатын әзірлеп жатыр.

«75-80 % проект жұмыстыры бітіп қалды.Ол да үлкен қаражат. 900 орындық болып бірден салынғанда ол дұрыс болар еді. Проект ерте жасалған, ол кезде біз жоқпыз» – Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Құдірет Қыстаубаев.

Дегенмен, жергілікті тұрғындар аудан әкімдігі өз шешіміне өзгеріс енгізер деген үмітте жүр. Егер ойлары іске асатын болса, ескі мектептің ғимаратын балабақшаға айналдырмақшы. Сөйтіп, екеуінің арасын өтпелі галереямен байланыстыруды көздеп отыр.

Иклюзивті білім беруде сындарлы оқыту ерекшелігі

$
0
0

«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ

СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІГІ»

 

Мусабекова Рабига Исматовна

«Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы

 «Өрлеу» БАҰО АҚ Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ» филиалы

Тараз қ., Қазақстан Республикасы

 

Замишева Венера Исматовна

Химия пәнінің мұғалімі

М.Әуезов атындағы орта мектебі

Жасөркен ауылы

Жамбыл ауданы

Жамбыл облысы

 

Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді, ал бұрынғы дәстүрлі оқыту процесінде мұғалім білімді беруші болған болса, жаңа оқыту үдерісінде мұғалім бағыттаушы болып табылады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер – оқушы. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет екенін аңғара отырып, жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ – жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Инклюзивті білім беруде сындарлы оқыту бұл арнайы қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу қажет. Сындарлы оқытуда әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиісті. Инклюзивті білім беруде сындарлы оқыту теориясын пайдаланып, сынып жұмысын жақсарту ісінде көптеген тәсілдер мұғалім жұмысының амалдарына шоғырланады. Инклюзивті білім беруде сындарлы оқыту теориясымен қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті білім беруде сындарлы оқыту теориясының негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.

Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы құруы жоспарланған. Мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті алға қойылған. Инклюзивті білім беруде сындарлы оқыту теориясының үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылуда. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасалмақшы.

Сындарлы оқыту теориясын инклюзивті білім беруде ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданады. Негізінде балалардың қандай да бір алалауды жоққа шығару, барлық адамдарға теңдік қатынасты қамтамасыз ету, оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Инклюзивті білім беруде сындарлы оқыту балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.

Инклюзивті білім беруде сындарлы оқытудың негізгі мақсаты-оқушы пәнді терең түсіну қабілетін дамыту алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Бұл сындарлы оқыту оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалім, оқушы және достарынан алған білімдерін араластыра жүзеге асады деген тұжырымдамаға негізделген. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет екенін аңғара отырып, жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ – жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алады. Инклюзивті білім беруде сындарлы ойланып, жетістікке жетелейтін сыни тұрғыдан ойлану жақсы нәтижеге жеткізеді. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді, яғни метатаным пайда болады, өздері үдеріс барысында ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Топтық жұмыс арқылы «оқушы мен оқушы» арасында, «оқушы мен мұғалім» арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алады. Оқушылар күткеннен де артық әсер алады. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудырады. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгереді. Сабақта «үнсіз» оқушылар да сөйлеп кетеді, себебі мотивациясы төмен оқушылардың өзі тым болмағанда постермен жұмыс жасау барысында сызбамен айналысады. Сондықтан инклюзивті оқытуда сындарлы оқытудың тиімділігі тәжірибе кезінде білінеді. Оқушылар өз бетімен оқып, ой елегінен өткізе біледі. Сабақ барысында сыныпта нақты қызу жұмыс жасалады. Сұрақтар мен тапсырмаларды шешу барысында топ ішінде дұрыс шешім қабылдай білу, қорытынды жасау, өз қателіктерін көру, өздерін және достарын әділ бағалау әрекеттеріне тез дағдыланып алады.

             Сындарлы оқытуда талантты және дарынды балаларды дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсіл пайдаланады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл - ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе. Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жатыр. Бұл оқушылардың қажеттіліктерін түсінуге қатысты ой-пікірлерді, барлық оқушыларды кеңінен оқытуға ықпал ететін оқу бағдарламаларын кеңейту және барлық оқушылардың осындай қажеттіліктерін қанағаттандыратын оқыту мен оқудың сараланған стратегияларын таңдау жөніндегі идеяларды қамтиды.

             Сындарлы оқыту шығармашылық ортаны қалыптастыруда ерекше рөл атақарады. Заманауи әлемде әр адамның алдында шығармашылық үрдіске енуі үшін үлкен мүмкіндіктер ашылған. Шығармашылықпен байланысты сындарлылық ғылыми мәліметтердің жиынтығы, өнертапқыштыққа деген белсенділік, жаңашылдық міндеттерді шешу ретінде түсіндіріледі. Инклюзивті білім беруде кәсіби сындарлы шығармашылық жұмыс әрқайсымыздан жаңа сапаларды талап етеді: жаңа бастамаларға деген қажеттілік; басқалар көріп, біле алмайтын мәселелерді ұғыну, түсіну; баламаларды іріктеу және түсіну қабілеті; алғашқы қадамнан анықтау қиын өндірістің жаңа қырларын айқындау; қиындықтарды тез жеңе білу қабілеті; компьютерлік құралдармен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін сапалар жиынтығы.

Инклюзивті білім беруде сындарлы оқыту теориясы арқылы барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы орта жасауға тырысады. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады. Тәжiрибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып, «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетеді. Инклюзивті білім беруде сындарлы оқыту теориясының тапсырмаларын күрделендіруде талантты және дарынды балаларға бағытталған өзгеріс енгізу стратегиясының бірі оқушыларға сыныпта және сыныптан тыс жерлерде өтетін оқудың күрделендірілген бағдарламасын ұсыну болып табылады. Тапсырманы кеңейту анағұрлым тереңдетіп оқыту, кең көлемді жобалар немесе зияткерлік тапсырмаларды кеңейту түрінде берілуі мүмкін. IGGY жобасы соған үлгі бола алады, бұл орта мектеп оқушыларына арналған кеңейтілген оқу бағдарламалары желісін ұсынатын жоба. Инклюзивті білім беруде сындарлы оқыту үшін балаларға осы айтылған сайтқа кіру ұсынылады, бұл сайтта мұғалімдер тапсырмаларды күрделендіруге және міндеттерді қоюға көмектеседі. Инклюзивті білім беруде сыни тұрғыдан ойланып,  сыныптар мектептегі жетістіктерге үлкен әсер етеді. Олар тәртіптің белгілі нормалары арқылы емес, белгілі оқу ахуалын жасай отырып әсер етеді. Сыныптарда ойлануға және оқушыға бағытталған ахуал жасалған кезде, жоғары үлгерімге қол жеткізіледі.

Инклюзивті білім беруде сындарлы оқыту теориясы арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Егер оқытуға бағдарлауды, оқушыға бағдарланудың белгілі дәрежесі болғанда сыныпқа енгісе, мұндай өзгеріс сәтті аяқталады.

Инклюзивті білім беруде сындарлы оқыту теориясының ерекшелігі мұғалімдер сыныптағы оқушыға бағытталған жұмыс формаларын көбірек қабылдағанын сезген сайын, тек қана академиялық көрсеткіштер өзгеріп қоймай сондай-ақ ынта, мектепке келуі, сабақтың өтуіне кедергі келтіретін мектеп оқиғалары санының азаю секілді басқа да академиялық емес нәтижелер жақсарады. Инклюзивті білім беруде сындарлы ойлауға ие адам, туындаған проблеманы шешуге, жағдайды талап етілген деңгейге сай өзгертуге   немесе нақты әрекет жасай отырып, нақты жағдайда туындаған проблеманы бейтараптандыру үшін дұрыс шешім қабылдауға қабілетті, өйткені бұл өмір талабы.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. –Алматы, 2009. -328 б.
  2. Хохотва О.И. Рефлексивті есептерді жазу және таныстырылым сөздерін дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар. Астана, 2013. -75 б.
  3. Педагогикалық диалог. Ақпараттық-әдістемелік журнал. Астана, №2, №3 2013.
  4. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Астана, 2012. -306 б.
  5. Тренерге арналған нұсқаулық. Астана, 2012. -108 б.

 

 

 

Түлкі мен ешкі

$
0
0

 

 

 

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы

Талдыбұлақ ауылы

Талдыбұлақ ЖОББ мектебінің шағын орталық тәрбиешісі Аманжолова Назгүл Құдайбергенқызы

 

 Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық картасы

Күні:________ _______

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімдері: Көркем әдебиеті

Тақырыбы: Түлкі мен ешкі

Мақсаты: Балалардың білетін ертегілерін еске түсіру арқылы тіл байлығын дамыту, айтылған ертегінің мазмұнын,дауыс ырғағын келтіре отырып айтуға жаттықтыру,қиын кезде достарына көмектесе білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Театр,ешкі,түлкі,шұңқыр суреті.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушының іс-әрекеті.

Мотивациялық ізденушілік.

Шаттық шеңбері

-Балалар, бүгінгі күнді мына өлең шумағымен бастаймыз.

 

Армысың аспан ата

Армысың жер ана

Армысың мейірімді күн

Қуан, шаттан, алақай!!!

Ұйымдастыру кезеңдері

 -Түлкі мен ешкі ертегісін театыр көрсете отырып,мәнерлеп айтып беру.

-Ертегіге не деп ат қояр едіңдер?

-Ертегі не туралы айтылған?

-Түлкінің ешкіге жасағаны дұрыс па?

-Ертегіні тағы бір рет тындандар

-Түлкі қандай болды?

-Шұңқыр қандай еді?

-Суық дегенді қалай түсінесіндер?

Мақал: «Өтірікке алданба басын балеге душар болады» дегенді қалай түсінесіндер?

Түлкі суреті:-Түлкі қандай? Қайда өмір сүреді?

Ешкі суреті:-Қайда өмір сүреді?Қандай?

Шұңқыр суреті:-Қандай?

Қандай нәрсе суық болады?

Суық туралы тағы не айтуға болады?

Дидактикалық ойын: «Түрлену»

Мақсаты: Мимика,жест қимылдары арқылы бейнелей отырып заттарға, жануарларға түрлену,кейпіне ену.

Сергіту сәті:Қояным тұршы,

Бетінді жушы.

Айнаға қарашы,

Шәшінді тарашы

- Балалар қойылымды мұқият тындайды.Қойылған сұрақтарға өз ойларын айтады.

 

 

-Ертегіні 2- 3 бала жалғастырып айтып береді.

 

 

Балалар мақалды 2-3 рет қайталайды.

 

Әдемі,қу,ақылды,батыл,сарғыш.

 

Аңқау,сеңгіш,мүйізді.

Терең,қараңғы,салқын,ылғалды.

Жел,қар,су,жаңбыр,сай.

Қыс,мұз.

Балалар кезекпен белгілі бір обрызды ойлап,атын айтпай бейнелейді. Қалғандары оның сөздік портіретін бере отырып,шешуін табады,атын атайды.

Рефлексивтік түзету.

-Балалар, бүгінгі сабақта не білдік? Не үйрендік? Нені меңгердік?

-Сабақ сендерге несімен ұнады?

 

-Жұмыстарын бағалау

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Қиын кезде достарына көмектесіп қол үшын беру керек.

Не істей білу керек: Ешқашан достарына жаманшылық жасамау керек.

Меңгеруі керек: Шұңқыр,апан.

 

 

 

 

 

8 наурыз мерекесі қалай пайда болды?

$
0
0

Алғашқы уақытта әйелдер күні ақпан айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін. Ал 8 наурызға белгіленгенге дейін де бірталай рет ауыстырылды.

 

8 наурыз мерекесін құрбыларымызбен қалай тойлаймыз?

$
0
0

8 наурыз мерекесін құрбыларымызбен қалай тойлаймыз?
8 наурыз мерекесін құрбыларымызбен қалай тойлаймыз?
Өмірдегі маңызды адамдардың бірі – жақын құрбыларымыз. Олар әрдайым мұңымызды тыңдап, қуанышымызға ортақтасады. Егер 8 наурыз мерекесін құрбыларыңызбен тойлаймын деп шешсеңіз, кешті көңілді өткізу үшін бірнеше идея ұсынамыз.

Viewing all 2282 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>