Quantcast
Channel: Все публикации пользователя admin - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 2282 articles
Browse latest View live

Сценарий: 1 наурыз Алғыс айт күні

$
0
0

Ән «Көңілді күн» Нағашыбай Раухан
І жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар
ІІ - жүргізуші! «Болашақ бүгіннен басталады» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

І жүргізуші:
Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні белгіленбек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір - біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді ұсынды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Назарбаев: "Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді. Саманнан жасалған екі бөлмелі үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды - киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасында өмір сүрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым", - дей келе, "Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады - барлық ұлттың бір - біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді", - деп нақтылады.

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
— Қара жер жаралғалы қазағымның,
Шын сүйіп, шын түсінген азабын кім?
Жүрекке қолды қойып ниет қылдым,
Жетті деп тарихымды жазатын күн.
Уақыттың диірмендей тасы айналад…
Ұл туса, бауырыңа бас аймалап.
Тағдырды Алла ғана нәсіп етіп,
Тарихты тұлға ғана жасай алмақ!
Жанардың жәудіретіп нұрын ала,
Бұл күнді күтті қанша Ұлы Дала.
Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,
Күн шықты арай шашып құбылаға.
Күн шықты арай шашып аспаныма,
Дүния кілт айналды басқа ағымға.
Ол Ана ұл тумапты, нұр туыпты
Бүгінгі өзек болар дастаныма.
Ол ұлдың заты – Нұрдан, аты – Сұлтан!
Кеш туған зарықтырып уақытынан.
Жаралған жан әлемі Күлтегіндей,
Халықтың арман, тілек, бақытынан.
Ел үшін Жерді шарлап ұшқан ұлы,
Ұлт үшін аямаған күш - дарынын.
Қазақта Ер тумайды енді Сіздей,
Жарылып кетсе де өті дұшпанымның.
Бабалар армандаған ізгі үмітпен,
Арылды дана халық жүз күдіктен.
— Нұраға, о не дейсіз? Біз дайынбыз!!!
Тарих тұр сахнадан Сізді күткен…
«Нұр аға» 8 - сынып

Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,
Білімдік бар биікке шығар сәті
Ең алғаш басталады осы адамнан
Сүйеді сондықтан да сүйген жаты

ІІ жүргізуші:
Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын мамандық, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап қажетті кеңестермен сусындатады.

І жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, мектеп оқушыларының атынан көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен аялы алақан, жылы лебіздеріңіз үшін басымызды иіп, рақметімізді айтамыз. Еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз.

ІІ жүргізуші:
Мұғалімнен өнеге – білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз
Оқушылар алғысы мұғалімдерге 10 - сынып

Ән «Әгугәй» Мұхит Гүлбану 7 - сынып
І жүргізуші:
Мерекеміз «Болашақ бүгіннен басталады» деп аталады, шынында да біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жолдауы арқылы еліміздің болашағына көз салуға мүмкіндік берді. Болашақ ұрпаққа: «Мен елім үшін не істей аламын?» — деген сұраққа жауап іздеуге көмектесті. Барлық оқушылар «Қазақстан – 2050» жаңа көзқарасы бар, жоғары білімді, салауатты өмір салтын ұстанатын азамат ретінде елестетеді. Осы болашақты жақындату үшін көп еңбектену қажет екенін түсінеді..
Ән «Бақыт деген» Хайрулла Динара

ІІ жүргізуші:
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын.
Көркемсөз оқу: Бекнұр, Гүлдерай, Гүлжазира, Динара

І жүргізуші:
Ұстаздарға арналған өз жадынан шығарған өлеңімен – Дүйсеней Жанат.

ІІ жүргізуші:
Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыздар бұрала билейді би.
«Қазақ биі» 10 - сынып

І жүргізуші:
Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.
Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім.
Хор «Ризамыз»
Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың берекелі боп өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Халық мақалында «Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деп табиғаттың тамаша құбылысына теңеген екен. Әке – ұрпақ иесі, панасы, үй басшысы. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Әке – бала үшін шыңы биік асқар тау.
Жан әке, Сіз жүргенде көзіңді сап,
Өсеміз бәйтеректей өзің құсап.
Ортада Сіздер барда дара шыңдай,
Бізге ашық кең пейілді сезім құшақ.
Жан әке, үйреткен Сіз ерлікті де,
Ұғындық Сізге қарап елдікті де.
Жүреміз жалғызсырап дәстүріңді,
Дарытып дархандықты, кеңдікті де.
Жан әке, бүгін той ғой ән салатын,
Шаттыққа толы болсын әр сағатың.
Атыңды асқақ біз ұстаймыз,
Болашақ мерейтойлар салтанатын.
9 «Б» сынып Әкелерге тілек.

ІІ жүргізуші:
Құрманғазы, Тәттімбет
Домбырамен сайраған.
Жүректе от жансын деп,
Елге күйін арнаған.
Келесі кезекте өнерлі қыздарымыздың күй өнерін тамашалайық.

І жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй деп, келесі кезекте Раухан қыздарыңыздың өнерін тамашалаңыздар.
«Аққу» биі Сапар Динара 7 - сынып

ІІ жүргізуші:
Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.
Тірлікке бастаусыңдар тұнық бұлақ,
Таң шапақ сәулесіңдер жарық шырақ.
Жүз көрер айнасыңдар шаң қонбаған,
Жайдары жаз күніндей жанға шуақ.

І жүргізуші:
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.

ІІ жүргізуші:
Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір - қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада» демекші, өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата - анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!

І жүргізуші:
Бүгінгі ризашылық күнін пайдаланып аналарымызға да басымызды иіп, рахметімізді айтамыз!
Аналарға тілек 9а - сынып
Ән «Ана сен бақыттысың» Мырзабек Гүлжазира 8 - сынып

ІІ жүргізуші
Бүгінгі күн — нұрлы күн
Жарық шашқан әлемге
Ескеретін күн бүгін
Ризашылық қой әр елде

І жүргізуші:
Құрметті оқушылар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.

ІІ жүргізуші:
Осымен «Болашақ бүгіннен басталады» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізді аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рахмет!

І жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.


Сценарий: 1 наурыз Алғыс айт күні

$
0
0

Анама алғыс!
Жанарымды жайнатқан жөргектегі елде.
Еңсесі түзу жан болар ма едім?
Құба талды бесігін тербетпегенде.
Түн ұйқысын тәркі етіп тынымсыздыққа
Қуанышы тасыған еңбектегенде.

Әкеме алғыс!
Ұл болсын деп тілеген Ер Түрігімдей.
Өмірімде бөрідей болуға баулып
Қойынына басатын бөлтірігіндей.
Бақытым болар жырымды жария етсем
Әуелеген әкемнің еркін үніндей.

Ағаға алғыс!
Ұзай кетсем ойлайтын қамымды менің.
Бір бәлеге тап болса құрсақтастарым
Қапсырмалап,қысатын жанымды демім.
Бауырларым болмаса тірегім болған
Осыншама айбатты,арынды ма едім?!

Әпкеге алғыс!
Нұсқауымен көрсеткен кәделіні ұқтым.
Анамыздан айнымай туылғаннан ақ
Иесіне айналған әдемі үміттің.
Өшірмейтін жарығын мына әлемдегі
Белгісі болып жаралған әдеміліктің.

Ініге алғыс!
Жалғасы болып өмірдің тұратын күліп.
Деп жүреді:"Ардақтап көтеремін мен
Атамыздың аманат,мұратын биік"
Қиындыққа кезіксе соққы болатын
Менің жаным ол үшін тынатын күйіп.

Ұстазға алғыс!
Бағым жанып,батылмен бел асқаныма.
Төзіндіріп өмірдің талаптарына
Ниеттеген арманның ең асқағына.
Арқасында ұстаздың даналар баққан
Ой-өрісім бұл күнде тең аспаныма.

Сүйгенге алғыс!
"Үйленуге біздерге ерте" деп маған
Айтып жүреді,керемет күндер тілейді
Шығыс жақтан ңұрланса ертелеп далам.
Көздерінде бар әлем әрленіп қалып
Күлімсіреп тұрады еркелеп маған.

Досыма алғыс!
Бірге қарсы шығатын қиындықтарға.
Ең бақытты ер болып жүретін едім
Қысылғанда достарым күйімді ұққанда.
Көтеретін еңсемді егіліп,талсам
Жақсылықты жамандық зұлым жыққанда.

Еліме алғыс!
Балаң едім батаңмен жанатын бағы.
Нәтижесі тілектің өзіңнен туған
Мына ұлыңның ақын болып жаратылғаны.
Қол жеткізіп еліме тарту етемін
Биіктікті қыранның қанатындағы.

Өмірге алғыс!
Өнегеңді түсіндім бар күшімменен.
Айналайын,тағдырым, қасиетіңнен
Келіп тұрар бетіме қарлы шыңменен.
Шабыттанған жаныма жауап қатқайсың
Ей,өмірім,алғысқа- алғысыңменен!!

Short term plan

$
0
0

Short term plan

Lesson plan

Before beginning, refer to your medium term plan. Your lesson plans should be developed from this, making any adjustments necessary in the light of recent teaching and learning.

 

LESSON: 31 My pets. Craftwork

School:  Ilinka secondary school

Date:

Teacher name: Zhunusov Beibit

CLASS:  1a

Number present: 5

absent:-

Learning objectives(s) that this lesson is contributing to

1.L1 recognise short basic instructions for a limited range of classroom routines spoken slowly and distinctly

1.L3 recognise with support common names and names of places recognise the spoken form of a limited range of everyday and classroom words

1.S3 pronounce familiar words and expressions intelligibly

1.S5 use words in short exchanges

1.L1 recognise short basic instructions for a limited range of classroom routines spoken slowly and distinctly

1.L3 recognise with support common names and names of places recognise the spoken form of a limited range of everyday and classroom words

 

Lesson objectives

All learners will be able to: 1.S3 pronounce familiar words and expressions intelligibly

1.S5 use words in short exchanges

1.S5 use words in short exchanges

Most learners will be able to:

1.S1 make basic personal statements about people, objects and classroom routines

 

 

Some learners will be able to:

 

 

1.UE3 use basic adjectives to describe people and things

1.L3 recognise with support common names and names of places recognise the spoken form of a limited range of everyday and classroom words

1.UE3 use basic adjectives to describe people and things

 

1.UE1  use there is / there are to make short statements and ask questions

 

 

Previous learning

Pets, colours and size

Plan

Planned timings

Planned activities (replace the notes below with your planned activities)

 

 

Resources

Start

5 min

 

 

 

 

 

 

Organization moment:

 T. greets the learners and present the lesson objectives. After that the teacher asks the Ss to make a circle and sing a song -  “Hello”

Lead in: Lead in: Learners revise some key words from a previous topics  (pets, size and colours)  SS

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

song,

 

 

Middle

 

5 min

 

 

 

          

 

10min

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 min

 

 

 

 

 

 

 

 

10 min

Lead in: Lead in: Learners revise some key words from a previous topics  (pets, size and colours)  SS

 

T demonstrates fish, mouse, dog, cat, rabbit using projected visual images.

 

 This is my pet. It`s a fish

  This is my pet. It`s a mouse

This is my pet. It`s a dog

This is my pet. It`s a rabbit

 

 

T. Point to the dog and say:

    This is my dog! Woof! Woof!

The pupil repeat after the teacher. Follow the same procedure to present the rest of the song.

 

Play the CD. The pupils listen to the song. Play the song again.  The pupils sing along.

AUDIOSCRIPT

This is my dog!

Woof! Woof!

This is my dog!

Woof! Woof!

This is my dog!

And its name is Snoopy!

Woof! Woof!

(See the introduction for further ideas on how to exploit the songs)

 

 

 

Listening and reading.

 Set the scene by asking the pupils questions about what they can see in the pictures

T. (pointing to picture1) Who is in the pet shop?

Cl. Lilly, Liam, Charlie and a girl

T. (pointing to the fish) What`s  this?

Cl. A fish! etc.    

Play the CD and ask the pupils to listen and follow along in their books. 

 

 

Explain the activity . The pupils look at the pictures, read the dialogue silently and tick the pictures of the animals that appear in the dialogue. Check their answers.

Keys. fish, Charlie

 

 

pictures

toys

 

 

 

 

 

 

CD,

DVD discs,

notebook

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

DVD discs,

notebook

 

 

 

 

 

 

 

                 CD

End

 

10

T. put up the “My pets” poster on the board .

Let’s play “I spy” with the class.

I spy with my little eye something beginning with “F”

I spy with my little eye something beginning with “R”

I spy with my little eye something beginning with “D”

 

 

 

 

 

 

 

Additional information

Differentiation – how do you plan to give more support? How do you plan to challenge the more able learners?

Assessment – how are you planning to check learners’ learning?

Cross-curricular links
Health and safety check
ICT links
Values links

More support:

through carefully scaffolding

assignments and activities

 

-through exchanging opinions and views in small groups

 

-Use English in class

-Be kind, patient to them

-Smile 

 

 

 

 

 

 

More-able learners:

 

 

Assessment criteria:

Talk about pets and wild animals using preposition of place on

Descriptor:

A learner

 names pets and wild animals appropriately;

make correct 2-3 statements  related to the topic

 asks and answers the questions clearly.

Technique of FA:

Voice prompts

-Art

 

-Music

 

-Biology

 

- Ss will become more careful towards their pets

Reflection

Were the lesson objectives/learning objectives realistic?

What did the learners learn today?

What was the learning atmosphere like?

Did my planned differentiation work well?

Did I stick to timings? What changes did I make from my plan and why?

 

Use the space below to reflect on your lesson. Answer the most relevant questions from the box on the left about your lesson. 

 

Summary evaluation

 

What two things went really well (consider both teaching and learning)?

 

1:

 

2:

What two things would have improved the lesson (consider both teaching and learning)?

 

1:

 

2:

 

What have I learned from this lesson about the class or individuals that will inform my next lesson?

 

 

 

 

 

 

                 

 

Бекболат Тілеухан министрге: Наурыз таяп қалса да менің балам әлі Ю әрпін оқып жүр. Бұл қалай?

$
0
0

Бекболат Тілеухан ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті оқулық мәселесін талқылау үшін Парламентке шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Балалардың тақырыбына бұрылған кезде, ұлт пен мемлекет үшін бұдан маңызды іс жоқ. Шын мәнінде, әліппедегі қаріп тануды қабілетті бала 22-24 күнде үйренеді, қабілеті жоқ деген бала ары кеткенде 60 күнде меңгереді. Ал менің бірінші сыныпта оқитын балам бүгінгі 26 ақпанда әлі «Ю» әрпінде жүр. 7 ай оқып жатқанымен, әріптерді толық танымаған. Бұл қалай? Оның үстіне балада ешқандай еңсесін көтеріп, ойнайтын мүмкіндік жоқ. Таңертең сағат 8:30-да кеткеннен, үйге сағат 17:00 кезінде келеді. Не алып жатқан білім жоқ, не бала болып жүгіріп, демала алмайды. Сонымен қатар күресіне, домбырасына және басқа да үйірмелеріне бара алмайды», – деп тоқталды депутат ҚР БҒМ өкілдеріне қаратып айтқан сөзінде.

Осы орайда Тілеухан мектеп бағдарламасы балаларға қиын түсіп жатқанын атап өтті.

«Былтыр осы мәселені Парламент қабырғасында айтқанбыз. Сол кезде министрден «оқулықтарға тікелей кім жауап береді?» деп сұрағанда, ол өз кезегінде министрлік жауапты екенін айтқан еді. Бір әліппені 7 ай бойы кеміріп жатыр және оны әлі толық өткен жоқ», – дейді Тілеухан.

Өз кезегінде Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов өзінің де баласы жаңартылған бағдарлама бойынша білім алып жатқанын сөз етті. «Менің балам қазір екінші сыныпта оқиды. Бірінші сыныпта сол әліппені оқыды. Бала оқығанда ата-ана ретінде өзің де сол кітапты оқисың. Сондықтан алдыңғы жылы әліппені мен де бірге өттім. Жаңартылған білім мазмұны бойынша балам аталған бағдарламамен тәлім алып жатыр. Осы орайда соншалықты қиын болды, бүгін оқи алмайды деп айта алмаймын», – деді Аймағамбетов.

Білім министрі орынбасарының сөзіне қарағанда, балалардың наурызға дейін әліппені оқып жатқаны типтік бағдарламаға байланысты.

Бұл жерде Бекболат Тілеухан вице-министрдің сөзін бөліп: «Менің балам теңертеңнен кешке дейін мектепте. Неге біздің балаларымыз әке-шешесінің бауырында болмайды? Балалар ата-ананың жылуын көруі керек қой. Кеңестік кезеңде 10 желтоқсанда «әліппемен қоштасу» болатын. 1973 жылдың желтоқсанында Бекболат Тілеухан әліппемен қоштасқан. Ал наурыз таяп қалса да, менің балам әлі «Ю» әрпінде жүр. Ендеше типтік бағдарламаңыз қате. Типтік бағдарлама өзгермейтін қасиетті кітап емес. Сондықтан оны өзгертейік», -деді.

Осы орайда депутат бұл мәселеге қатысты ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің Мәжіліске келуі керектігін атап өтті. «Осы мәселеге министрдің өзі келсін. Парламенттің қабырғасында талқылайық. Талқылауға тәжірибе жүзінде жұмыс істеп жүрген мұғалімдерді, яғни білімнің қамын ойлаған педагогтарды шақырайын», – деп түйіндеді сөзін Бекболат Тілеухан.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың ақпанын Мәжілістегі Үкімет сағатында оқулықтардағы кемшіліктерді талқылау мәселесі бойынша депутат Бекболат Тілеухан ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті жекпе-жекке шақырған болатын.

Шымкентте мектеп оқушысы терезеден секіріп кетті

$
0
0

Шымкентте мұғалімдер терезеден секірген оқушының құтқарып қалды

Оқиға 20 ақпан күні болды. Болжам бойынша, қыз баланың ақшасы жоғалып кеткен. Ақшаны қатты уайымдаған оқушы екінші қабаттан секіріп кетеді. Төменде тұрған мұғалімдер оны қағып алған. Қазір оқушы үйінде. Ол жасаған ісіне өкінетінін айтты, деп хабарлайды tvk.

“Жинаған ақша сол қызда болған. Ақшаны жоғалтып алғанын білген соң терезеге жақындап секіріп кеткен. Абырой болғанда мұғалімдер қағып алды. Мұғалімдер дер кезінде жұмыс істей білді”, – дейді қалалық білім бөлімінің жетекшісі Жанат Тәжиева.

Екібастұзда мұғалім мас күйінде көлік жүргізіп, құрбысының өліміне себепкер болды

$
0
0

Жүргізуші куәлігінен айтырғанына қарамастан мас күйінде көлік жүргізген Екібастұз қаласының мұғалімі адам өліміне алып келген апат жасады.

Бұл туралы Екібастұз қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сот департаментінің мәліметтері бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 4-тармағына сәйкес Екібастұз қаласындағы орта мектепте білім беретін мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Айыпталушы жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан мас күйінде көлік басқарып, адам өліміне себепкер болды.

Сот ісін жүргізу барысында, сотталушының 2017 жылдың мамыр айында үш жыл мерзімге көлікті жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Ол бұған қарамай мас күйінде көлік жүргізген. Жол-көлік оқиғасының салдарынан, осы автокөліктің жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Сотталушы әйел өз кінәсін мойындап, болған іске өкініш білдірді.

Өлген қыздың ағасы, айыпталушыны бала кезінен білетінін, сондай-ақ оның қайтыс болған қарындасының жақын құрбысы екенін айтты. Ол соттан кінәлі азаматшаны бостандығынан айырмауды және оның жазасын жеңілдетуді сұрады.

Айыпталушыға  Қылмыстық кодекстің 346-бабының төртінші бөлімі бойынша және Қылмыстық кодекстің 55-бабының 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ  мас күйінде көлік жүргізгені үшін 7 жыл көлік басқару құқығынан айрылды. Қылмыстық кодекстің 63-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру туралы үкім шартты деп есептеледі. Шешім өз күшіне енген жоқ.

40 сағат артығымен жұмыс істейтін алматылық мұғалім жанайқайын жеткізді

$
0
0

Алматы қаласының №68 мектеп-гимназиясындағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Наталья Дрейт Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде мұғалімдердің артығымен жұмыс істейтіні туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды Baq.kz

"Параграфтар, 40 минуттық сабақтардың қалай өткені, «Күнделік» атты электронды журналын толтыру, дәптерлер пен күнделіктерді тексеру, ата-анамен жұмыс, сыныптан тыс жұмыстар, есептер, педагогикалық жиындар, семинарлар, сабаққа күн сайын дайындалу сияқты жұмыстың бәрін апталық кестеге жинақтадық. Дене шынықтыру мұғалімі ретінде ең көп жүктемем – 39 сағат еді, алайда аптасына жұмсайтын уақытымды есептегенде 83 сағат болды. Сонда 39 сағатты алып тастағанда мен 42 сағат артық жұмыс істеймін. Бұл сағаттар үшін маған мемлекет ақы төлемейді", - деді мұғалім Наталья Дрейт

Бұдан бөлек дене шынықтыру мұғалімдері барлық жарысқа, спартакиадаларға қатысып, балаларды дайындайды және оларды жарыстарға апарады. Бұл үшін де оларға ақы төленбейді.

"Бұдан мұғалімдердің физикалық және психологиялық тұрғыда артығымен жұмыс істеп жатқанын көреміз. Осы орайда мұғалімдердің жалақысын ғана емес, олардың зейнет жасын ұзарту мәселесін де қарастыруымыз керек. КСРО кезінде 25 жылдық педагогикалық өтілі бар мұғалімдер өз қалауы бойынша зейнетке шыға алатын", - деді ол.

Балабақша, 8 наурыз: «Ана – аса қымбатты жан»

$
0
0


ШҚО, Жарма ауданы
КМКҚ «Бастау» балабақшасы
«Балауса» тобының тәрбиешісі
Зейнелсадыкова Еркежан Серікжанқызы

Тақырыбы: «Ана – аса қымбатты жан»


Қазақша Тәрбие сағат: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Бастауыш сынып | Ана - өмірдің гүлі)

$
0
0


Қазақша Тәрбие сағат: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Бастауыш сынып | Ана - өмірдің гүлі)

Министр ауыл мектептеріндегі басты мәселелерді көтерді

$
0
0

ҚР Білім және ғылым министрі ауыл мектептеріндегі компьютер жетіспеушілігі мен интернет жылдамдығы мәселесін көтеріп, үкімет басшысынан шешіп беруін өтінді. Бұл туралы Ерлан Сағадиев үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, мектептердің  97 пайызы (ауыл мектептерін қосқанда) интернетке қосылғанымен, байланыс сапасына қатысты мəселе барлық өңірде бар. Мектептердің 62 пайызы ғана жылдамдығы 4 Мбайт/секундтық интернетпен қамтылған. 2,5 мың мектепке ғана Wi-Fi қосылған. Персоналды компьютерлермен жарақтандырылу деңгейі 11 оқушыға 1 компьютерден келеді.

«Аталған жағдай министрліктің жұмысына айтарлықтай кедергі келтіреді», – деді Ерлан Сағадиев.

Министр Үкімет басшысынан осы мәселені шешіп беруді сұрады.

«Осыған байланысты Бақытжан Əбдірұлы жергілікті атқарушы органдарға мектептерді кең жолақты интернетпен, Wi-Fi-мен қамтамасыз етіп, компьютермен жабдықтау мәселесін шешуді тапсыруыңызды сұраймын», – деді білім және ғылым министрі.

Латын әліпбиіне байланысты мектептерде нөлінші сыныпқа қашан енгізілетіні белгілді болды

$
0
0

Білім және ғылым министрлігі латын әліпбиіне көшуге байланысты мектептерде нөлінші сыныпты енгізуді 2019 жылдан 2020 жылға ауыстыруды ұсынды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Бірыңғай бағдарлама бойынша нөлінші сынып 2019 жылы енгізілуі тиіс болған. Біз оны 2020 жылға ауыстыруды ұсынып отырмыз. Себебі біз нөлінші сыныптар үшін өте көп оқулық басып шығаруымыз керек. Біз бұл оқулықтарды бірден латын қарпінде шығарғымыз келеді”, — деді білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов журналистерге.

Ал қазіргі таңда ашылған барлық мектепке дейінгі сыныптар сол бұрынғы жұмысын бұрынғы бағдарламамен жалғастырады.

“Биыл олар үшін ешқандай өзгеріс жоқ. Яғни, биыл шартты түрде нөлінші сыныпқа бара алатын бүлдіршіндер өткен жылғыдай жаңа сыныптарға барады”, — деді вице-министр.

Аймағамбетовтің айтуынша, аталған ұсынысты ұстаздардың өзі тастаған.

Екі тілде баяндама жасаған білім министрі: Келесі жолы 100% қазақша сөйлеймін

$
0
0

Бүгінгі үкімет отырысында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев баяндамасын қазақ тілінде бастап, сөз арасында орысша да сөйлеп отырды.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев келесі отырыста 100 пайыз қазақ тілінде сөйлеуге уәде берді, деп хабарлайды Sputnik.

Кеше президент Нұрсұлтан Назарбаев ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдап, парламент пен үкіметтің жұмысын қазақ тілінде жүргізуді тапсырған еді. Елбасының сөзін жерге тастамаған министрлер мен облыс әкімдері бүгінгі үкімет отырысында бастан-аяқ қазақша сөйледі. Екі тілде баяндама жасаған жалғыз министр Ерлан Сағадиев болды.

Үкімет отырысынан кейін журналистер екі тілде баяндама жасаған министрді сұрақтың астына алды.

“Баяндамам 95 пайыз қазақша болды, енді қазір оның бәрін жасап жатырмын. Келесіде 100 пайыз қазақша, келістік пе? Келістік”, — деді Сағадиев.

Журналистер министрден тек қазақ тілінде баяндама жасау қиын ба деп сұрады.

“Ол бүгінгі күннен басталмайды ғой. Келесіде 100% қазақша болады, келістік пе?”, — деді ол.

Астрономдар жерде магниттік дауыл болатын күнді болжады

$
0
0

Астрономдар 18 наурыз күні жерде магниттік дауыл болатынын айтты. Бұл ФИАН рентгендік күн астрономия зертханасының белсенділік графигімен расталады

Бұл туралы Life.ru жазды.

Бұл осы жылға үшінші дауыл, біріншісі – 15 қаңтар, екіншісі – 19 ақпан.

Магниттік дауыл бүкіл ғаламшарды шарпып өтеді.

Геомагниттік толқын 3 күн бойы жалғасады. Олар: 14, 15 және 17 наурыз.Бұл күндері магнит ағыны бірқалыпы болдаы.

КӨБЕЛЕК

$
0
0

Тәрбиеші: Уралбаева Гаухар Ибрагимовна

Топ: екінші кіші «Мұра» тобы

Білім саласы: «Шығармашылық»                                                                                Бөлімі: Сурет салу                                                                                                                Түрі: дәстүрден тыс «Бастырма» әдісімен сурет салу
Тақырыбы: КӨБЕЛЕК
Мақсаты:  Көбелек туралы түсінік беру. Көбелектің тіршілігі. Бейнелі ойлауын, зейінің, қиялын және жапсыру арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту. Табиғатты қорғауға, эстетикалық талғамының қалыптасуына тәрбиелеу.
Көрнекілік: көбелектердің суреттері, тәрбиешінің  үлгісі.                                                                 Қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаз (балалар санына қарай), поролон, картоптан бейнеленген көбелектін қанаттары, түрлі-түсті бояулар, сулық                                                                                     Ұйымдастыру  кезеңі:
I.  А. Сәрсеновтің «Көбелек» өлеңін оқып беру:
Мен тимеймін, жасқанба,
Дос болайық, көбелек.
Жайнап тұрған бақшамда,
Гүлдерімді көре кет.
Тұтқиылдан састыра,
Жаңбыр жауса себелеп.
Тақиямның астына,
Тығыла ғой, көбелек.

Тәрбиешінің сұрағына байланысты, балалар өлең мазмұнын әңгімелеп береді.
II. Дидактикалық ойын:  «Кім тапқыр»
Мақсаты: Көбелектің түсіп қалған қанатын тауып, құрастыру.
Бүгін осы көбелектер туралы көп нәрсе үйренеміз.
1. Олар көрмейді және естімейді
2. Тек жылы мезгілде ғана тіршілік етеді.
3. Олар қуыршақтан пайда болады.
4. 4 қанаты бар, өте нәзік, гүлмен қоректенеді.
5. Қыста ұйықтап жатады.
- Көбелек қандай ауа райын ұнатады?
Магнит тақтаға жыл мезгілдеріне байланысты суреттер ілінеді.                        III. Орындалу тәсілін көрсету және түсіндіру:
- Ал енді балалар осы әдемі көбелектердің суретін бастырма арқылы салып, досымызға сыйлық жасайық. Картопқа көбелектің қанаттары, бейнелер ойылып жазық бояуға малынған поролонға бастыру арқылы суреттерді бейнелейміз. Бастырма  бейнесін  бояуға малу арқылы дақтар түсіреміз.
1. Ол үшін бізге не жасау керек екенімізді түсіну үшін үлгі керек
Тақтаға үлгі ілінеді.
Тапсырма: әр столға 4 балаға көбелектің бейнесі бейнеленген сурет беріледі, әр түрлі түсге бейнеленген боямақ поролонға көбелектің қанаты бейнеленген картоп ұсынылады, әдемілеп, сәйкестігін тауып, ұқыптылап көбелектін қанаттарын бастырма арқылы бейнелейміз.
2.Сулықтар қажет.                                                                                                       IV.Сергіту сәті:                                                                                                                                Біз бақытты баламыз,
Гүл - гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы серігіп қаламыз.
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстар болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.
Өте жақсы балалар.                                                                                                               V. Балалар жұмысын көрмеге қою.                                                                  Кәне балалар болсақ әкеліп көрсетеміз, бағаланайық.Балалар жұмыстарын көрмеге қойды. Балалардың салған суреттерін талдау. Әдемі шыққан көбелектерді мадақтау.                                                                                                                VI. Қорытындылау:
Балалар, мен сендерге көбелектің суреттерін жақсы салғандарын үшін мынадай көбелектер сыйға тартамын.


 

8 наурыз: Анамызға мың алғыс! (ертеңгілік)

$
0
0

Анамызға мың алғыс!

(ертеңгілік)

Тәрбиеші: Уралбаева Гаухар Ибрагимовна

Топ: екінші кіші «Мұра» тобы

Көңілді ән ырғағымен балалар залға кіреді.Орындықтарына отырады.

-Қане, балалар , қараңдаршы ,бөлменің іші қандай әсем, әдемі.

-Сендер де қандай әдемісіңдер.

-Балалар, сендер неге әдемі киініп алғансыңдар?

-Мейрам.

-Ол қандай  мейрам?

-Аналар мейрамы.

Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсақ шаттанған,

Алтыным деп мақтаған,

Айналайын ақ мамам.

-.Кімнің анасы ең жақсы?

Балалар:-Менікі, менікі.

-Кімнің анасы мейірімді?

-Менікі, менікі

-Кімнің анасы әдемі?

-Менікі, менікі.

-Анамыз, кімге ұқсайды?

-Маған, маған.

Мода (қыздар)

Балалар қол ұстасып жүру, шеңбер жасап екіден айналу.(киімдерін көрсету)

-Ой, қандай жақсы биледіңдер, көйлектерің қандай әдемі.енді өз орнымызға отырайық жүгіреміз, жүгіреміз.

Қонаққа Қуыршақ келеді (Айзере ортаңғы топ)(Тоқ-Тоқ)

-Балалар біреу келген сияқты.

-Кіріңіз кім болды екен?

(Әдемі көйлегі бар қуыршақ кіреді)

-Сәлеметсіңдерме,балалар, мен қуыршақпын,көңілдімін.

Әрқашанда көңілдімін,көңілдімін.

Ән айтып, билегенді жақсы көремін.

-Көргілерің келе ме?

Онда мен ән айтып берейін.

-Мен көңілді қуыршақпын,

-Аяғымда әдемі етігім бар,

      Басымда әдемі орамалым бар

         Екі бетім албырап...., қызарып тұр.

  • Міне, қалай мен ән айттым, сендерге ұнады ма?
  • Балалар, сендер би билей аласыңдар ма?
  • Ия!!!
  • Онда бірге билейік, қане ортаға келіңдер.
  • Мен сендерге әдемі, түрлі түсті орамал беремін.Қараңдаршы қандай әдемі қызыл, көк, жасыл, сары орамалдар.

Би: «Әдемі орамалдар» биі

  1. Орамалдарды жоғары көтеріп көрсету.
  2. Орамалды еңкейіп, ары- бері тербелту.
  3. Орамалды артқа тығу.
  4. Балалар өздері орамалға тығылу.

Қуыршақ: Қандай жақсы биледіңдер,шаршадыңдарма?

                      -Ия

Тәрбиеші: Көңілді қуыршақ, сен де шаршаған сияқтысың ғой, кел сен де отыра ғой.

Тақпақтар:

Керім:   Анашым анам

Ризамын саған,

Тіліңді аламын

Ақылды боламын.

Айналайын анашым

Аялайсын бағасың

Мен үшін не керек

Бәрін іздеп табасың
Амира: Ана деген ақ көңіл

Күнмен бірге күледі

Ана деген шат көңіл

Шарықтайды үнемі

Інжу: Баланың да тірегі

Дананың да тірегі

Ауырмасын ешқашан

Аналардың жүрегі

Аниса: Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді

Рамазан: Ана біздің күніміз

 Ана біздің гүліміз

Бар баланы қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз
Көктем: (Сезім ортаңғы топ)

Сәлеметсіздер бе, қонақтар! Айнала қандай тамаша! Балалар бүгін бәрін әдемі киініп алыпсыңдар ғой. Міне, мен сендерге асыға жеттім. Келе жатқан көктем мерекелерің құтты болсын!

Балалар: рахмет!

Көктем: балалар бірге ойын ойнайықшы.

Ойын: «Гүл жинау» ойыны

Хор: «Ақ мамам»

Сыйлықтарды аналарына тапсыру.

 


8 наурыз: Аналар – асыл қазынам

$
0
0

Тәрбиеші: Сарманова Акмарал Турановна

Топ: ортаңғы «Мирас» тобы

Тақырыбы: «Аналар – асыл қазынам»

Мақсаты: Балаларға 8-Наурыз халықаралық әйелдер мейрамы екенін ұғындыра отырып, аналарың ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:Армысыздар мейірімді әжелер, аяулы аналар, қызғалдақтай     құлпырған қыздар! Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі 8-Наурыз күні құтты болсын! Күндей шуақ шашып, жадырап жүрулеріңізге шын жүректен тілектеспіз! Сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз!

Аяна:  Құрметті аналар, әжелер, барша қонақтар 8-Наурыз мерекесі құтты болсын!

Алдияр:   Аялаған, саялаған,

                  Бар бақытым, берекем.

                  Апатайым құттықтаймын,

                  Бүгін сенің мерекең!

Жүргізуші:  Ендеше, ортаға балабақшамыздың меңгерушісі, аяулы ұстаз,      ардақты ана, асыл жар Сулейменова Загила Рамазанқызын шақыруға рұқсат етіңіздер!

Хор - «Ақ мамам»

Аяна:  Асқар тау биігіміз сенсің әже,

             Жүрегің теңіздей кеңсің әже.

             Ұл-қызың армансыз болар еді,

             Мәңгілік сен бізбен бірге күлсең әже.

Алдияр:  О, балалар, алақай! Әжеміз келе жатыр, жоғары шығыңыз, отырыңыз.

Аяна: Сізге арнап, балалар өлең шумақтарын айтып береді.

Айзере:  Әжем менің әлі де, ұқсамайды кәріге,

                Шай қайнатып береді, қажет болса бәріне.

                                                                                     (Қол-аяғын уқалайды)

Жанболат:  Жұмсайды әжем мені де, тауыққа жем беруге,

                       Ауырады кей кезде, аяғы да, белі де.

                                                                                     (Одеял жабады)

Сезім:  Біз дәрісін табамыз, қамқорлыққа аламыз,

              Әжемізді өзіміз, демде емдеп аламыз.

                                                                                      (Дәрі, су береді) 

Жүргізуші:  Жарайсыңдар, балалар! Қыздардың орындауында «Ақ әжем» әнін қабыл алыңыздар.

Ән:  «Ақ әжем»

Жүргізуші:  Жарайсыңдар, қыздар, өркендерің өссін! Енді, кезекті ұлдарымыздың әзірлеген тақпақтарына берейік.

Жанболат:Қуанышы баланың,

                    Бізді өсіргем анашым.

                     Сенен өскен балалар,

                     Батырлар мен даналар.

                     Құттықтаймыз мейраммен,

                     Құрметті біздің балалар.

Нұрали:Аялаған, саялаған,

                 Бар бақытым берекем.

                  Апатайым құттықтаймын,

                   Бүгін сенің мерекең.

Нұрислам:Бізді өсірген апатай,

                     Еңбегінде зор екен.

                     Құтты болсын апатай,

                     Құтты болсың мерекең.

Бекарыс:Баланың да тірегі,

                  Дананың да тірегі,

                  Ауырмасын ешқашан,

                  Аналардың жүрегі.

Бейбарыс:Ақ анашым аппағым,

                    Өзің жайлы таппағым.

                     Өзің жайлы әнім де,

                     Арнадым саған бәрін де.

Алдияр:Аяулы да, алтын нұрлы анашым,

                 Жүрегіңмен мәңгі бірге боласың.

                 Сен арқарсың, сен аспансың, биіксің,

                  Сен дарқансың, сен жомартсың, данасың.

Би:«Қазақ биі»

Жүргізуші: Ендігі кезекті қыздарымыздың дайындаған тақпақтарына берейік.

Сезім:Өзің мені өсірген,

            Айналайын ақ әжем.

           Тентек болсам кешірген,

           Ауырмашы, ай әжем.

           Әже деген көп шығар,

           Әжемдей менің жоқ шығар.

           Мейірімді бұл кісі,

            Қандай ғажап күлкісі.

Әлия: Гүл – гүл жайнап бәріміз,

            Кіреді біздің сәніміз.

           Аналарды тойымен,

           Құттықтаймыз бәріміз.

Малика:Ана біздің күніміз,

                Ананың біз гүліміз.

                Бізді ана қуантып,

                 Ұзақ өмір сүрініз.

Айзере:   Мәпелейсің мені анам,

                 Қолыңдағы құсыңдай.

                  Құлпыра өсіп, демалам,

                  Құшағыңда қысылмай.

Сания:Аналарды сүйеміз,

                Сөзің ойға түйеміз.

                  Әжені де ардақтап,

                  Әдеппен бас иеміз.

Аяна:  Жанымызды жайнатқан,

             Сіздер ғой ол аналар.

             Зор денсаулық, мол бақыт,

             Тілейміз біз балалар.

             Аппақ мамам, ақ мамам,

             Ақ мамам деп мақтанам.

              Түн ұйқысын төрт бөліп,

             Бөпешім деп жатпаған.

Гүлайым: Менің анам ақылшым,

                    Күн секілді білгенге.

                    Шашырайды шуағы,

                    Үйімізге кіргенде.

Амира:Үн қатасың бал тілмен,

               Еркелеймін күнде мен.

               Құттықтаймын анашым,

               Сегізіңші наурызбен.

Ән:  «Менің анам алтын»   Жанболат пен Алдиярдың орындауында

Ойын:  «Кішкентай көмекші»

Ойын шарты: Әжесі немесе анасы жуған орамалдарды кішкентай көмекші    кір жайғышқа жайып тұру керек. Музыка қойылады, кім жылдам әрі көп орамал жайса, сол бала «Көмекші»атын иеленеді.

Би: «Шайхана»

Жүргізуші:  Бөбегіңнің сыйлығын,

                       Қабыл алшы анашым.

                       Ұзақ өмір жүз жасап,

                        Ауырмашы анашым-

  деп, балаларымыздың өздеріңізге арнаған сыйлығын қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:  Аналар қалқып бақыт аралында,

                      Лайым мұң қонбасын жанарыға.

                       Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық,

                         Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа!

Жүргізуші:  Аналар мерекесі құтты болсын! Дендеріңіз сау болсын,   бақытты болыңыздар! Осымен, біздің сіздерге деген шағын ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

 

 

 

Әр салмақтағы адамдар күнделікті қанша мөлшерде су ішу керек

$
0
0

Су кез келген тірі ағза үшін аса қажетті нәрсе. Адам ағзасының 65-70 пайызы судан тұрады. Әр салмақтағы адамдар денсаулығы жақсы болуы үшін әр мөлшерде су әшу керек.

Алайда, мұнша су не үшін қажет? Адам ағзасында көптеген токсиндік заттар кездеседі. Өндірістің зияны, пайдасыз тағам, көліктен шығатын шаң-тозаң, осының бәрі біздің ағзамыз кезігетін жағымсыз заттардың бір бөлігі.

Одан бөлек, тамақты қайта ысыту кезінде көптеген токсиндік заттар пайда болады. Ал бұл кейін тамақтан улануға әкеліп соқтырады. Қуанышқа қарай, судың көптігінен біздің бүйректеріміз жақсы жұмыс істеп, несеп арқылы ағзадағы қажетсіз заттарды шығарады. Айтпақшы, тағы бір маңызды мүше бауыр да сусыз жұмыс істей алмайды.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) денсаулыққа қатысты сүннеттері мен кеңестері қазіргі таңда ғылыммен дәлелденіп, медицинада кеңінен қолданылып жүр. Солардың бірі – таңертең бал қосылған су ішу.

Депутат еліміздегі балабақшаларда латын әліпбиі бойынша қазақ тілін үйретуді ұсынды

$
0
0

Қазақстан парламентінің сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы балабақшада балаларға латын тілі негізінде қазақ тілін үйретуге шақырды

Бүгін сенат отырысында бір топ депутат премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдады. Халық қалаулылары латын әліпбиі тек қазақ тілді мектептерде қолданылса, онда ұлттың тұтастығы мен бірлігін бұзуы мүмкін екенін айтып, алаңдаушылық білдірді. Депутат елбасының тапсырмасын еске салды, деп хабарлайды Sputnik .

«Бұл өте өзекті мәселе. Елбасының тапсырмасын әкімдіктен бастап барлық мекемелер қолға алса жақсы болар еді», – дейді сенатор.

«Латын тіліне көшу мәселесі айтылғалы бері қазақ тілінде сөйлемейтіндер балаларының болашағы үшін алаңдап, оларды орыс тілінде сабақ өтетін мектептерге беріп жатыр. Олар балаларымыз қазақ тілінде латынша үйрене алмайды деп қорқуда», – дейді Бақтиярұлы.

Сенатор әрбір Қазақстан азаматының қазақ тілін білуі керек екенін айтты. Ол барлық ұлт өкілдеріне бұл мәселенің маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін жеткізді.

«Мемлекеттік тіл – қазақстандықтар үшін ортақ тіл. Барлық балабақша, оқу-тәрбие орындарында мемлекеттік тілде жұмыс атқарылуын қарастыру керек. Мемлекет бұған қатысты кешенді шара қабылдауы тиіс», – деді Бақтиярұлы.

“Күні кеше Елбасы ендігі арада парламент те, үкімет те өз жұмысын мемлекеттік тілде жүргізуі жөнінде орынды нұсқау берді. Бұл біздің қоғамның көптен бері күтіп жүрген зәрулі бір мәселесі болатын. Өйткені мемлекеттік тілде сөйлеу және оны дамыту барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлердің басты міндеті деп білеміз. Қазір қоғамды тағы бір мәселе алаңдатып отыр. Ол латын әліпбиі тек қазақ тілді мектептерде ғана қолданылатын болса, күні ертең әр ата-ана балаларын өздері білетін тілдегі, яғни кирилица графикасымен орыс тілінде жұмыс істеп тұрған мектептерге беретіні қазірдің өзінде белгілі. Түптің түбінде, бұл қоғамды біреулері латын әліпбиін меңгерген, ал екінші топты латын қарпін білмейтін, тек кириллицамен ғана жұмыс істейтін топтарға бөліп жібере ме деген мәселе алаңдатады. Бұл тұтас бір қазақ ұлтының тағы да тілдік негізде бөлшектеніп кетуіне әкеп соғатыны сезіледі”, — деді сенатор.

Осыған орай депутат барлық балабақшада қазақ тілін латын әліпбиі бойынша оқытуды ұсынды.

“Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, қалыптасып отырған осы бір жағдайға байланысты латын әліпбиін, сол арқылы мемлекеттік тілді Қазақстанды мекендеп отырған барлық ұлт өкілі білуі керек деп санаймыз. Бұл маңызды мәселені еліміздегі барлық диаспораның санасына осы бастан сіңіретіндей түсінік жұмыстары жүргізілуі керек. Өйткені болашақта латын әліпбиімен жұмыс істейтін тіл – қазақ тілі. Ал мемлекеттік тіл – барлық қазақстандыққа ортақ тіл. Осыған орай жалпы Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде, яғни бүкіл балабақшада ендігі арада оқу-тәрбие жұмысының бәрін тек латын әліпбиіне негізделген мемлекеттік тілде жүргізуді ойластыруды және балабақшаларда латын әліпбиін қазірден бастап оқытуды қажет деп санаймыз”, — деген ол үкіметтен аталған мәселеге қатысты кешенді іс-шара жасауын сұрады.

Семейде оқушы қызға «қырындаған» мұғалімнің басы дауға қалды

$
0
0

Семейлік оқушы қыз дене шынықтыру пәнінің мұғалімі азғындық жасады деп айыптады.

Оқиға 21 ақпан күні болды. Оқушы қыз мұғалімінің денесіне қол жүгіртіп, қырындағанын айтып мектеп басшылығына шағымданған.

Оқушының ата-анасы да полицияға арыз жазды. Алайда мұғалімдер әріптесінінің мұндай әрекетке баратынына сенбейді.

Бұл даудан соң мұғалім қызметінен кетті.

“Мұғалімнің арам ойы болмаған болуы мүмкін. Қыз басқаша түсініп қалған болуы да мүмкін. Содан жанжал туып отыр. Істің ақ-қарасы тексеру аяқталған соң анық болады”, – деді қалалық Білім бөлімінің жетекшісі Наталия Фесенко.

Мұғалімнің кәсіби мәртебесі қалай қалыптаспақ?

$
0
0

 Қай заманда да адамды адам ететін үш мамандықтың өкілдеріне адамзат баласы аса құрметпен қарап, қадір тұтқан. Олар: адамның жанын емдейтін – мұғалімдер, адамның тәнін емдейтін – дәрігерлер, қоғамдағы әділдікті қамтамасыз ететін – заңгерлер. 

Десек те, соңғы 15-20 жыл ауқымында «мұғалімдік мамандықтың беделі төмендеді», «қазір мұғалімдік мәртебелі мамандықтар қатарында емес», «жастар мұғалімдік мамандыққа бар­ғысы келмейді» деген секілді әңгі­ме­лер ел арасында жиі айтылып жүр.

Мұның себебі неде? Күнделікті өмірден нақ­ты дерек бере отырып, себептерін анық­талық.

Біріншіден, қазіргі студент-жастармен пікірлесе бастасақ, «ой, ағай, 40-45 мың теңгеге біреудің 25 баласымен алысқанша, өзіміздің әлеуметтік-ма­те­ри­алдық жағдайымызды реттеп алмаймыз ба?» деген көзқарасын білдіреді.

Екін­шіден, педагогикалық бағытта жоғары білім алатын студенттердің 90 пайыздан астамы ақылы оқу топтарында (оқу ақысын түгелдей ата-аналары төлейді) оқи­тындықтан, білім беру саласының бас­шылығы «сен мектепке барып, жұ­мыс істеуге тиістісің» деп міндеттеуге еш­қандай құқығы жоқ.

Үшіншіден, әсі­ресе соңғы 10-15 жыл шеңберінде мұға­лім қоғамның «майлыққа да, сулыққа да» жүретін қолбаласына айналып, елі­міз­де қоғамдық-саяси науқан, тазалық жұ­мыс­тары, халық санағы және басқа да осын­дай шаралар басталғанда, жоғары бас­шылықтың қысымынан өзінің кәсіби міндетін атқаруға уақыт таппайды. Қазіргі өркениетті елдер ұстаздың бойында бала қызыға қарайтын, бала еліктейтін қасиеттердің болғаны дұрыс деп есептейді. Себебі баланың ұстазына деген айрықша құрметі оның жақсы білім алуына тиімді әсер етеді.

Кез келген адам жақсы ұстаз бола алмайды. Сондықтан ілгері дамыған елдерде бастауыш сынып ұс­таздарын дайындауға ерекше көңіл бө­лінеді. Бұл елдер мұғалімнің кәсіби мәр­тебесін қалыптастыруды жоғары дә­режеде ұйымдастырып қойған.

Атап айт­қанда, дамыған елдер үздік мектеп тү­лек­терінің ғана құжаттарын мұғалім ма­ман­дығына қабылдайды, талапкерлер пе­дагогикалық кәсіпке қабілеттіліктерін анық­тайтын арнайы тест тапсырады, оқу орындарында дәріс бірінші курс­тан бастап тәжірибеге негізделіп жүр­гі­зі­леді. Жақсы бітірген бакалавр-мұғалім ма­гистратураға қабылданады. Магистр-мұғалім мектепке жұмысқа келгенде, қоғамдық комиссия алдында күрделі сынақтан өтеді. Жұмысқа қабылданған жас магистр-мұғалімге тәлімгер (коучер) тағайындалады.

Ол жас мұғаліммен алғашқы күннен бастап, өз бетімен жақсы сабақ бере алатын деңгейге жеткенше бірлесіп жұмыс істей береді. Шындығына келгенде, мұғалім тек жас ұрпақ санасына оқу-тәрбие үрдісін қалыптастыруға тиісті тұлға болуы керек.

Осындай себеп-салдарлар бүгінгі жас­тардың мұғалімдік мамандыққа қы­рын қарауына әкеліп соқтыруда. Бұл ты­ғырықтан шығар жол бар ма? Әрине, бар. Балтық жағалауындағы Латвия Рес­публикасы – бүгінгі таңда әлемдегі бәсе­кеге қабілетті 50 елдің қатарында. Осы ел 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жа­риялағаннан кейін білім беру, ден­сау­лық сақтау салаларын ғана мемлекет қ­ұз­ырында қалдырады да, өзге салалар бойынша жеке секторды дамытуға мүм­кінд­ік береді. Біздің мемлекетіміз де са­налы түрде білім беруді «болашаққа инвестиция құятын сала» деп есептеп, толықтай өз қамқорлығына алуға тиіс.

Біріншіден, педагогикалық бағытта орта арнаулы және жоғары білім алу, әсіресе ер-азаматтарға тегін болуы керек; екін­шіден, студент жастарға қазіргі ба­ғам­ды ескере отырып, кемінде 25-30 мың теңге көлемінде стипендия төленуі қа­жет; үшіншіден, мұғалімдердің орта­ша айлық жалақысы 250-300 мың тең­ге­ден кем болмауы тиіс.

Себебі Қазақстандағы мұғалімнің ай­лық жалақысы еліміздегі орташа жала­қы­дан 25 пайыз төмен. Германияда мұ­ға­лімнің бір айлық жалақысы 4 мың еуро, ал Қытайда 1 мың доллар. Біздің елі­мізде футбол командасының бір ойын­шысына 2016 жылғы мәлімет бойынша, ай сайын 9 миллион теңге жалақы төленіпті. Балаға білім бергеннен гөрі, екі аяққа ерік беріп, доп қуалап кеткен дұрыс секілді. Төртіншіден, орта мектептерге қызметке барған (шалғай ауылдарға) жас мамандарды қызметтік пәтерлермен қамтамасыз ету алдыңғы кезекте шешілуі тиіс. Егер ол жергілікті тұр­ғынға үйленіп немесе тұрмысқа шыға­тын болса, қызметтік пәтердің өз­де­­рінің жеке меншігіне айналуына мүм­кін­дік туғызған дұрыс. Осы ұсыныстар ертегідей болып кө­рін­генімен, мемлекетіміздің әлеу­мет­тік-экономикалық ахуалы білім беру саласын көтеруге толық жетеді. Осы­дан кейін ғана, болашақ педагог-ма­ман «Мұғалім – мәңгілік нұрдың қыз­мет­шісі» (Я.А.Коменский) дегенді мақ­та­ныш­пен айтатын болады.

Елімізде 2007 жылы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Осы заңның 7-тарауы «Педагог қызметкердің мәртебесі» деп ата­лады. Бұл заңға 2011 жылдың қараша айында өзгерістер мен толықтырулар ен­гізілді.

Ал, енді «Білім туралы» заң­ның жаңа редакциясы Парламент Мә­жілісі мен Сенатының талқылауына ұсы­нылып отыр. Сонымен қатар қазіргі жағ­дайда Еуразиялық экономикалық одақ­қа мүше екендігімізді ескере отырып, әрі сан мыңдаған ұстаздар қауымы ара­сында қоғамдық пікір туғызар деген ни­етпен төмендегі ұсыныстарымызды біл­діргенді жөн көріп отырмыз. Яғни білім беру мекемелерінің бас­шы­лары ұжым келісімі негізінде сайланып қойылуы тиіс. Оқушыларды білім мекемелеріне қабылдаған кезде ата-ана мен мектеп арасында нақты келісім-шарт дайындалуы қажет. Мұғалім мате­ри­алдық-әлеуметтік жағынан ешкімге тәуел­сіз, дербес саяси көзқарасы қа­лып­­тасқан жаңа формация тұлғасы бо­луға ти­іс.

Білім беру ұйымдары қыз­мет­кер­ле­рі­нің еңбегіне ақы төлеуде оларды мем­лекеттік қызметкерлерге теңестіріп, мұ­ғалімдерге мемлекеттік қызметкер мәр­тебесін беру қажет. Білім беру қызметкерлеріне өсімсіз не­сиемен тұрғын үй беру немесе тегін коммуналдық пәтерлермен қамтамасыз ету мәселесін шешу керек. Селолық жер­­лерде еңбек ететін педагог-қыз­мет­кер­лерге тегін коммуналдық қызмет көр­сету және айлық ақылары мен тариф­т­ік бағамдарына үстеме қаржы кө­зін қарастыру қажет. Педагог-қы­з­- мет­керлердің денсаулығын сақтау үшін жы­лына бір рет тегін жолдама арқылы ты­нығу орындары мен шипажайларға жі­беріп тұру керек.

Азаматтардың шет мемлекеттерде педагогикалық білім алуын ұйымдастыруда селолық жерлерден талантты жастарды іріктеп, таңдап алу жүйесін енгізу қажет. Мұғалім мәртебесіне орай қозғалған ой-пікірімізді жинақтасақ, өскелең ұр­пақ­­ты оқытып, тәрбиелейтін маман­дар­ға әлемдегі өркениетті елдер аса құр­­метпен қарайды. Алдымен жағдай ту­­ғызады, содан соң сапалы білім мен са­­налы тәрбиені талап етеді. Өкінішке қа­рай, елімізде мұғалімдерге талап қою мен міндеттер жүктеу тым ұшқары болып көрінеді.

Тәуелсіз еліміздегі бүгінгі мектептің бас­ты міндеті – оқушыны оқуға, ой­ла­нуға, болашақ тағдырын жете танып, білуге үйрету екендігі айқын.

Ел Үкі­ме­ті мұғалімдердің әлеуметтік-ма­те­ри­алдық мәртебесін көтеруге шынайы қам­қорлық көрсете отырып, жоғарыдағы мін­деттерді орындауды әрбір мұғалімнен те­геурінді түрде талап етсе, еліміздің бо­лашағына сеніммен қарауға толық негіз бар. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, жалпы білім беру саласынан қаржы үнемдеу болашақты ұрлаумен тең екендігін ұмытпағанымыз абзал.

Айдар САБЫРОВ,  Х.Досмұхамедов атындағы  Атырау мемлекеттік университеті «Педагогика»  кафедра-лабораториясының доценті

Egemen.kz 

Viewing all 2282 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>