Quantcast
Channel: Все публикации пользователя admin - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 2282 articles
Browse latest View live

Павлодарлық оқушылар диабетке қарсы сусын ойлап тапты

$
0
0

Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Абылайхан Кәріпбай мен 9-сыныптың оқушылары Адель Камалдинова, Азиза Киреева «Шай саңырауқұлағы негізінде алынған диабеттік сусын» пайдалы моделі патентіне ие болды.

Бұл туралы pavlodarnews.kz  агенттігіне  биология пәнінің мұғалімі  Торғын Ғинаят айтты.

«Соңғы жылдары қант диабетімен ауыратын науқастардың саны артып келе жатқаны белгілі. Сондықтан аурудың алдын алу мақсатында осындай пайдалы емдік сусынды әзірлеуді жөн көрдік. Ғылыми жетекшісі – биология ғылымдарының докторы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің биоценология және экологиялық зерттеулер орталығының директоры, жалпы биология кафедрасының профессоры Бибігүл Жұмабекова», – дейді Торғын Ғинаят.

Оның айтуынша, оқушылар ғылыми жетекшімен бірге 2016 жылдың қаңтар айынан 2017 жылдың маусым айына дейін  көп жұмыс атқарған. Олар шай саңырауқұлағын өсіру әдісін зерттеп, микробиологиялық зерттеулер жүргізген және нәтижесін ғылыми мақалаларда жариялаған.

Шай саңырауқұлағы негізінде алынған «Алтын батыр» диабеттік сусынына  лимон және түймедақ, қант және жасанды қант  қосылған. Сонымен қатар табиғи сусындар өндірісінің макетін құрастырған. Өндірістік жағдайда өндірудің технологиялық жақтарын қарастырып, өңіріміздегі орталықтардың бірінде эксперименттік тәжірибе жүргізген.

«Бұл жобаны дайындау үшін көп уақыт пен күш жұмсадық. Түрлі қалаларға барып, жобамызды қорғадық. Жүлделі орындарға ие болдық. Біздің жобамен дайындалатын сусынның пайдасы мол екеніне күмәніміз жоқ. Оның құрамына шай, қант алмастырғыш, су және ашытқы кіреді. Тұтынушыларға ұнайды деген сенімдеміз», – дейді жоба авторларының бірі Адель Камалдинова.

Жоба жетекшілері пайдасы мол диабеттік сусындарды алдағы уақытта жергілікті дүкендерден сатып алуға болатынын айтады.


Маңғыстау облысында сыныптастары 6-сынып оқушысын итеріп жіберіп, ауыр халге түсірген

$
0
0

12 жастағы Ақжүніс Тұрдыбектің анасының айтуынша, қызын мектепте сыныптасы итеріп жіберіп, ол партаға басын соғып, есінен танып қалыпты. Қазір жасөспірімді дәрігерлер тексеріп жатыр. Ал мектеп басшылығы білім ордасында мұндай жанжал болған емес деп азар да безер, деп хабарлады КТК.

Бірақ өзінікін дұрыс санап отырған қарсы тарап бұларды жауапқа тартқызуға әрекеттеніп жатыр.

Анасының айтуынша, алтыншы сыныпта оқитын Ақжүніс Тұрдыбек екінші ауысымдағы сабағына кетіп, содан мектебінде аяқ астынан денесі тырысып қалып, ауруханадан бір-ақ шыққан. Оқушының өзі анасына үзіліс кезінде оны сыныптағы балалардың бірі ұрғанын айтыпты. Осыдан кейін басы партаға соғылған Ақжүніс сол жерде есінен танып қалған.

“Ұрған баланың шешесі келген. Мен ол кісіні көрген жоқпын, телефонмен сөйлестім. Маған айтқаны – сіздің қызыңыз эпилепсиямен ауырады екен деді. Сондай ақау бар екен, сіздің қызыңыздың ауру ұстаған кезде баламыз соған жәрдем беріпті деді”, – дейді қыздың анасы Светлана Дәрментаева.

Мектеп басшылығы да Ақжүніске ешкім қолының ұшын да тигізбеген дегеннен танбай отыр. Айтуларынша, өзін жайсыз сезініп, құлап қалуы мүмкін. Өйткені, бұған дейін тұмаумен ауырған көрінеді.

“Оқушылардан сұралды сыныбындағы балалардан, ол баланы ешкі де итеріп жібермеген, ешкім де ұрмаған, өзі құлап қалған бала, әлсіреген”, – дейді Мұнайлы аудандық № 5 мектеп директорының орынбасары Гүлнұр Себепбаева.

Ал дәрігерлер Ақжүніске әзірге нақты диагноз қоймапты. Ол үшін әлі де толыққанды тексеру керек екен. Алынған кей сараптама да қыздың денесінде сынық, ісік немесе мидың зақымдануы секілді өзгерістердің бар екенін көрсетпепті.

“Компьютерлік томография қандай да болмасын жарақатты көрсетіп тұрған жоқ. Бірақ тексерген кезде қыздың денесінің тырысуы тағы да байқалды. Cондықтан толық қарап шығу үшін Ақжүністі психоневрологиялық бөлімшеге жатқыздық. Қазір бала қажетті емін алып жатыр, жағдайы да тұрақты”, – дейді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының дәрігері Гүлжан Ермекбаева.

Дәрігерлер дененің тырысуы жасөспірімдердердің ағзасындағы гормоналдық өзгеріс кезінде жиі кездесетін жайт деп отыр. Бірақ оған ұрыс-керістің де әсер ететінін теріске шығармайды. Мұғалімдерінің айтуынша, Ақжүніс үздіктердің қатарында, қақ-соқпен де ісі жоқ. Сондықтан жанжалдың болуы тіпті мүмкін емес көрінеді. Бірақ ашулы ата-ана өз айтқандарын дәлелдеу үшін құзырлы орындардың көмегіне жүгініп жатыр.

ОҚО-да мектеп директоры парта сатқан

$
0
0

ОҚО-да мектеп директоры парта сатқан. Ал ауыл тұрғынына парта сатқан мектеп директорының үстінен жазылған арызға қатысты жауапты мекемелер үнсіз отыр. Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданына қарасты Қошқарата ауыл жұрты білім ошағындағы мүліктің талан-таражға түсулеріне наразылықтарын білдіруде, деп хабарлады КТК.

Олар тіпті құзырлы органдарға шағымданған болатын.

“Дәлелім – мына парта. Менен басқа қанша адам алып жатқаны белгісіз. Дәлелдеп, көрсетіп тұрмын міне, екі парта алғаным. Әжетіме жаратып жатырмын, ұрлап алғаным жоқ. Өзінен сатып алдым”, – дейді ОҚО Қошқарата ауылының тұрғыны Әсемгүл Құлмаханова.

Ауыл тұрғындары мемлекеттік мекемеге тиесілі мүліктердің сатылып жатқанына бей-жай қарай алмаймыз дейді. Басынан дау арылмаған мектеп директорына қоңырау шалғанмен, орнында болмағандықтан жауап ала алмадық. Ауыл тұрғындарының арызын алған адвокат бұл дауға қатысты әлі күнге аудандық әкімдік пен білім беру басқармасы жауап берген жоқ деп отыр. Олар бассыздықтарды жіпке тізіп, прокуратаруға да шағым түсірген. Әзірге олардан да жауап жоқ-дейді.

“Қараша айында тапсырылған арыздарға әлі жауап жоқ. Тек қолымызда прокурордың берген түсіндірмесі бар. Сыбалйас жемқорлық бөліміне жолданғаны жөнінде, одан кейін ешқандай жауап жоқ”, – Қошқарта ауыл тұрғындарының сенімді өкілі Әділхан Берманов.
Жіберіп алмаңыз: 

Есте сақтауды жақсартудың 7 жолы

$
0
0

Адамның есте сақтау қабілеті тұрақты бола бермейді. Уақыт өте келе нашарлап, ұмытшақтыққа әкеліп соқтыруы да мүмкін. Ол үшін есте сақтау қабілетін тұрақтандыратын түрлі әдіс-тәсілдер мен қарапайым қағидаларды ұстанған дұрыс. 

Есте сақтау қабілетін жақсарту туралы пайдалы кеңестер жетерлік. Дегенмен жақында ғалымдар есте сақтауды жақсартудың тағы бірнеше жолдары бар екенін мәлімдеді. 

Сурет салу 

Бос уақытта, болмаса хобби ретінде сурет салу есте сақтауды жақсартады екен. Ғалымдардың айтуынша, суреттің сапасы мен көркемдігі маңызды емес. «Бастысы – сурет ойды тынықтырады» - дейді. Ойдың тынығуы – есте сақтау қабілетін жоғарылатады. 

Көзге арналған жаттығулар 

Егер күнде таңертең 30 секунд бойы көзіңізге жаттығу жасап тұрсаңыз, есте сақтау қабілеті 10%-ға жақсарады. Мұны да ғалымдар дәлелдеген. Сондай-ақ көзді жұмып, өткенді еске түсіру де пайдалы екен. 

Ой жаттығулары 

Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін түрлі жаттығулар жасап тұрған дұрыс. Әсіресе, сөзжұмбақтар, ойша санау, логикалық сұрақтарды шешу, өлеңдерді жаттау, шет тілдерін меңгеру – миды жұмыс істетуге арналған ең тиімді әдістер болып саналады. 

Жалаң аяқ жүгіру 

Жалаң аяқ жүгірудің өзі есте сақтау қабілетіңді жақсартады екен. Ғалымдардың айтуы бойынша, жалаң аяқ жүгірген адам аяғын жарақаттап алмас үшін айналасына барлай қарап жүгіреді. Мұндай сәтте ми да белгілі бір қызмет атқарады. Ол қызметтер есте сақтауды жақсартуға көмектеседі екен. 

Жазу 

Бүгінде қолмен жазу қалып барады. Көбіміз пернетақта көмегімен жұмыс жасап жүрміз. Дегенмен есте сақтау қабілетіңізді жақсарту үшін бір ауық қолыңызға қалам алып, жазу жазып та тұрыңыз. Мұның да көп көмегі бары анық. 

Салмағы ауыр заттарды көтеру 

Жаңа зерттеулер дәлелдегендей, жаттығу кезінде салмағы ауыр кір тастарын көтеру де есте сақтауды 20 %-ға жақсартады екен. 

Биікке өрмелеу 

«Шыңға шығу мен ағашқа өрмелеу де есте сақтау қабілеті үшін пайдалы» - дейді ғалымдар. Себебі тепе-теңдікті сақтау арқылы жад жұмысы жақсара түседі екен. 

Бір сөзбен айтқанда, миды үнемі жұмыс істетіп тұрсаңыз, есте сақтау қабілетіңіз де жақсара түсетін болады.

 

Үй шаруасындағы әйелдер бақытты ма?

$
0
0

Үй шаруасындағы әйел болу қиын ба? Жұмысқа барып келудің қажеті жоқ, ұйқыны қандырып, сүйікті істермен айналысуға болады деп ойлайсыз ба? Ендеше нәзік әйелдерге тапсырылған жұмыстың әсерін біліңіздер. 

 Бір жылда үй шаруасындағы әйелмен жуылатын ыдыс-аяқ салмағы - 5 тонна. 

Ұстелден ыдыс жуатын раковинаға дейін жыл сайын қарапайым әйел 1500 километр өтеді екен (кішкентай ас үйде болса да). 

 4 мүшеден тұратын отбасының анасы жыл сайын 18 мың рет қасық, 13 мың рет тәрелке, 8 мың рет шыны жуады екен. Тағы таба, кастрөлдер бар. 

Үй шаруасындағы әйелдің күнделікті үй жинау, тамақ әзірлеуге кететін күші футболисттің қатарынан екі матчқа кеткен күшімен не 80 километр айдап өткен велосипедисттің шаршағандығымен тең екен. 

 Статистика бойынша үй шаруасындағы әйелдер жұмыс жасап жүрген әйелдерден артық стресс (50%/48%), қорқыныш (41%/34%), депрессия (28%/17%), қайғы (26%/16%), ашу (19%/14%) сезінеді екен.

 

Наурыз күні қандай мағына береді

$
0
0

Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.

«Наурыз» сөзі – біріншіден, «жаңа күн», дегенді білдіреді, екіншіден, аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі, сондықтан жаңа жыл ретінде тойланатын думанды халықтық мейрам, үшіншіден, ай аты.
Барлық бастама, ұлы істі ырымдап халық осы күні бастаған. Сол себепті бұл күнді «Ұлы істің ұлы күні, яғни Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.

Наурыз - парсы тілінде "Жаңа Күн" деген мағынаны білдіреді. Сол себепті бұл мереке Мұсылмандардың "Жаңа жылы" ретінде тойланады.

22 наурыз – Наурыз мейрамы құттықтау, құтты болсын!

$
0
0

Күн мен түн теңеліп, көктем күшін асырған Ұлы күннің жеріме, күнім көктей жайнаған! Орманда құс сайрады жалындаған жастықтай Жаса Наурыз мейрамы!
Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!
Елім, жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар
Достыққа берік, мықты адал болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Қайғы уайымы жоқ болсын!
Қуаныштары көп болсын!

Жер-жаһанды сері самалға өткізіп, жұрттың аузын аққа жеткізіп, нұр тамшыларын аямай төккізіп, қиындықтың бәрін келер жылға өткізіп, Самарқанның көк тасын ерітіп, алтынкүрекпен жер жүзін жібітіп, тас жүректерді мейіріммен үгітіп, жеті қат жер астына дейін балқытып, жыл құстарының әнін шалқытып, Жетісуға жасылдан көйлек кигізіп, Сарыарқаны самал желге сүйгізіп, Алатаудың төбесінен көкке тигізіп, Қаратауға құт-берекені үйгізіп, ақ бұлақтарды ақтартып, шың-құздарды шаттанып, тізбектеп тырналарды, сүйгізіп сырғаларды, шоршытып балықтарды, шапшытып арықтарды, тербелтіп наз қайыңдарды, төгілтіп жаз жайында әнді, қаздарды қаңқылдатып, найзағай жарқылдатып, айтып ертегіңді, жайып желкеніңді, жетіп келген әз-Наурыз мейрамы құтты болсын!!!

 

Кең болсын қазағымның керегесі, кетпесін Алла берген берекесі, Алаштың баласына нәсіп болған, Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!

Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін,Көңілдің кеңитін кезеңі – наурыз мейрамы құтты болсын!

Көктің тынысын тыңдап, жердіңтамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Жылан жылы ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!

Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі; Наурыз – адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын Шаруа мерекесі; Наурыз – әрбір шаңыраққа шыраққа шырақ жағылып, «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын Сенім мерекесі; Наурыз – жеті дәмнен Наурызкөже жасап, адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын Ынтымақ-бірлік мерекесі; Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін Көңіл мерекесі.

Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы-уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!

Сізді және сіз басқарып отырған ұжымды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған алқымды шараларды жүзеге асырудағы қажырлы қызметіңіз әр дайым табысты болып, ойға алған барлық арман, жоспарларыңыз орындалсын.

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Сіздерге деген шын жүректен бақыт пен құт-береке, бейбіт өмір тілектерімізді қабыл алыңыз. Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз. Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек тек қана қуаныш әкелсін.

Наурыз мейрамы қай елдерде тойланады?

$
0
0

Наурызды жалғыз Қазақ елі емес. Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Ресей, Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Әзербайжан тағыда бірнеше ел. Яғни Түркі тілдер тобына жататын біршама елдер тойлайды.

Ұлыстың ұлы күні көне түркі тайпаларының ұрпақтары мен иран (парсы) халқының ұлттық мейрамы. Жалпы наурыз айы шығыстық күнтізбеде жылдың бас айы болып, жаңа жылдың бастауын білдіреді. Ал сөздің шығу этимологиясы мен ұғымының қалыптасуы парсы тілімен тікелей байланысты. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда («now» — жаңа, «ruz» — күн) "жаңа күн" деген ұғымды береді.

Жоғарыда айтылғандай, атаулы мейрамды негізінде түркі тектес елдер мен парсы халқы тойлайды. Атап айтқанда Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қазақстан сынды Орта Азия елдері, Әзірбайжан, Иран және Түркияның күрдтер мекен ететін аймақтарында тойланады. Одан бөлек, Ресейдің территориясында өмір сүретін түркі тектес елдер де төл мейрамын жыл сайын атап өтеді екен.

Кіші Азия түбегіндегі түрік халқы өздерін түркі тайпаларының ұрпағы деп санағанымен, бұл мейрамды мемлекеттік деңгейде тойламайды екен. Оған ұлтаралық келеңсіз оқиғалар себеп болып отыр. Ал мемлекеттік емес деңгейде қарастыратын болсақ, Наурыз мейрамының ауқымы бүкіл әлемге таралады. Әлемнің түкпір-түкпірінде өмір сүретін түркінің ұрпақтары өз дәстүрі мен салтына қарай, мейрамды жоғары дәрежеде тойлайды. Мысалы, Қытай, Моңғолия, Үндістан, Ирак сынды елдерде өмір сүретін туыстас халықтар ұлыстың ұлы күнін міндетті түрде атап өтеді.

Мейрамның шығу тарихы көне дәуірге дейін барады. Наурыз туралы ең алғашқы әрі ең көне дерек зороастризм дінінің қасиетті кітабы «Авестада» жазылған. Ал Парсы империясын Ахеменидтер билеген дәуірінен бастап Наурыз мейрамы бүкіл империя көлемінде тойлана бастайды. Ал көне түркі аңыздарында бұл мейрам күннің жаңаруын білдіргендіктен, жаңа жыл ретінде тойланатын болған.

Елімізде Наурыз мейрамы мемлекеттік деңгейде тойланады. Жоғарыда аталған елдерден бөлек Албания, Грузия (2010 жылдан бастап ұлттық мейрам), Ауғаныстан және Македония сынды елдерде де үлкен қоғамның бастауымен аталып өтіледі.

 


Наурыз көжеге қосылатын 7 түрлі зат

$
0
0

Құрамы:  

ет немесе қазы-қарта

бидай

күріш

тары

тұз

су

айран немесе езілген құрт

 

Су мен тұз 7 заттың құрамына кірмейді. Сыр бойында олар: сүр ет, сәбіз, сары май, кеспе, күріш, тары сөгі, мейіз. Картоп пен дәмдеуішер қосуға да болады.

 

22 наурыз бата беру. 22-наурызға бата, тілек

$
0
0

Әумин! – бата берейін,
Жақсылықты терейін.
Жаңа жылда жараңдар
Үстем болсын мерейің!
Жақсылыққа бас болып,
Ауылымызда ас болып,
Келген Наурыз құт болсын!
Жүгінелік ақылға,
Араздыққа жол беріп,
Отырмайық тақырға.
Жермен бірге жаңарып,
Көңілде кір қалмасын!
Сырттағы жау жаланып,
Жағаға қол салмасын!
Есіктен кірген емініп,
Төр менікі демесін.
Еңістен келген тебініп,
Өр менікі демесін!
Наурызбенен жаңарсын
Тәніміз бен жанымыз
Жақсы негіз қалансын
Жарасып ән сәніміз!

********
Ұлысың оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барса да жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!

****

Мұзафар Әлімбаев:

Қарық қып құтты Наурыз,
Қазанға толсын сары уыз.
Қайнасын Наурыз көже де,
Толтырып ішкей кезеңе.
Ұлыстың ұлы күнінде,
Көппенен бірге күлімде.
Көбейсін жаңа достарың,
Молайсын елге қосқаның.
Жарасып көңіл хоштығы,
Бекісін халық достығы.
Ішінде жүрсе азғана,
Шайылсын өкпе, наз-нала.
Алдыға сыймай сәбилер,
Құшағын жайсын жаңа үйлер.
Жастардың самсап отауы,
Мейірім төксін Отаны.
Әспеттеп ата дәстүрін,
Әсем боп өссін жас буын.
Кірбің тартпасын кәрілер,
Барыңның дәмді нәрін бер!
Дүрлеген Қазақстанға
Таңғалсын дос та, дұшпан да!

Ниеттерің ақ болсын,
Наурыздың ақша қарындай.
Бастарыңа бақ қонсын,
Шашыңның барлық талындай.
Санасы өсіп адамның,
Көңілде кір қалмасын.
Құты қашып жаманның,
Жақсы тапсын жалғасын.
Тыныш болсын даламыз,
Түгел болсын нуымыз.
Таза болсын ауамыз,
Тұнық болсын суымыз.
Қатыгездік жоқ болсын,
Оралмасын кез өгей.
Кірісіміз көп болсын,
Бүгінгі Наурыз көжедей.
Аллаһу акпар!

Авторы: Оразақын Асқар

"Жауынмен жер көгерер, батамен ер көгерер" деп аталарымыз айтпақшы, бата беру - адал ниет, тілек білдірудіңұлттық дәстүрі. Қазақ халқы батадан қуат алып, ізгі сөздерге қанығып, оның құдіретіне сенеді. 22 наурызда үлкен кішігебата береді. Батаны көбіне жастарға құрметті ақсақалдар, атақты адамдар, кемеңгерлер береді. Жиында жасы үлкен ешкім болмаса, көптің рұқсатымен жас болса да өнегелі, жөні бар адамға берген.Ерлер отырғанда әйел бата бермейді, ер бала отырса, соған сөз береді. Алайда халқымызда батырларға ардақты аналардың да бата берген кездері көп. Сіздердің назарларыңызға түрлі жиында берілетін баталарды ұсынамыз.! . Наурыз бата Әумин! – бата берейін, Жақсылықты терейін. Жаңа жылда жараңдар Үстем болсын мерейің! Жақсылыққа бас болып, Ауылымызда ас болып, Келген Наурыз құт болсын! Жүгінелік ақылға, Араздыққа жол беріп, Отырмайық тақырға. Жермен бірге жаңарып, Көңілде кір қалмасын! Сырттағы жау жаланып, Жағаға қол салмасын! Есіктен кірген емініп, Төр менікі демесін. Еңістен келген тебініп, Өр менікі демесін! Наурызбенен жаңарсын Тәніміз бен жанымыз Жақсы негіз қалансын Жарасып ән сәніміз! Әумин!

 

"Жауынмен жер көгерер, батамен ер көгерер" деп аталарымыз айтпақшы, бата беру - адал ниет, тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Қазақ халқы батадан қуат алып, ізгі сөздерге қанығып, оның құдіретіне сенеді. 22 наурызда үлкен кішіге бата береді. Батаны көбіне жастарға құрметті ақсақалдар, атақты адамдар, кемеңгерлер береді. Жиында жасы үлкен ешкім болмаса, көптің рұқсатымен жас болса да өнегелі, жөні бар адамға берген. Ерлер отырғанда әйел бата бермейді, ер бала отырса, соған сөз береді. Алайда халқымызда батырларға ардақты аналардың да бата берген кездері көп. Сіздердің назарларыңызға түрлі жиында берілетін баталарды ұсынамыз.  

Наурыз бата

Әумин! – бата берейін,
Жақсылықты терейін.
Жаңа жылда жараңдар
Үстем болсын мерейің!
Жақсылыққа бас болып,
Ауылымызда ас болып,
Келген Наурыз құт болсын!
Жүгінелік ақылға,
Араздыққа жол беріп,
Отырмайық тақырға.
Жермен бірге жаңарып,
Көңілде кір қалмасын!
Сырттағы жау жаланып,
Жағаға қол салмасын!
Есіктен кірген емініп,
Төр менікі демесін.
Еңістен келген тебініп,
Өр менікі демесін!
Наурызбенен жаңарсын
Тәніміз бен жанымыз
Жақсы негіз қалансын
Жарасып ән сәніміз!

Әумин! 

Беташарда беретін бата

Бақытты бол, бағың ашылсын,
Әр күнің шаттыққа толсын.
Босағаңа жамандық жетпесін
Төріңнен жақсылық кетпесін.
Ұлың он шақты болсын,
Қызың моншақты болсын.
Бастарыңа бақ қонсын
Жаратқан ием жақ болсын.
Ынтымақ серік болсын,
Шаңырақ берік болсын.
Дастарқаның кең болсын
Қызықшылық тең болсын.
Ауылың мерекелі болсын
Өмірің берекелі болсын.
Жолдасың ақ болсын
Молшылық тап болсын.
Сән-сәулетің ассын
Мал-дәулетің тассын!

Әумин!

Шілдеханада, тұсаукесерде берілетін бата

Жас ұрпақ өмірлі болсын,
Тұрмысы көңілді болсын,
Ата-анаға мейірлі болсын
Ағайын-туысқа пейілді болсын.
Өнеге-білімге зейінді болсын,
Он саусағы майысқан шебер болсын,
Ел қорғайтын батыр болсын
Шындықты айтар ақын болсын.
Халқым деген жүрегі болсын
Жұртының қамқор тірегі болсын.
Абыройы өрлесін
Ел алдында ерлесін
Жаманшылық көрмесін!

Әумин!

Ас қайыру батасы

Асың, асың, асыңа
Береке берсін басыңа
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай құрғалап
Бақыт қонғай басыңа
Осы отырған боз үйге
Қыдыр ата дарысын
Бәбішесі бұл үйдің
12 құрсақ көтеріп,
Ұл мен қызға жарысын.
Бақыты асып ұлдардың,
Үйдің тіксін ордасын
Сексен інген боталап,
Сегіз келін қомдасын
Іргеден байлық кетпесін
Тәңірім айтқан несібең
Тепкілесе кетпесін!

Әумин!

Жас жұбайларға берілетін бата 

Алтыннан болсын жағаң,
Күмістен болсын тағаң.
Тасқа тары өңгенше
Таршылық көрмеңдер!
Мұзға бидай өңгенше
Мұңшылық көрмеңдер!
Жүздерің жайнап,
Келісті болыңдар!
Толған айдай
Өрісті болыңдар!
Қатарларыңнан озыңдар
Қоздаған шоқтай қозыңдар!
Ең алдымен
Берекешіл болыңдар!
Көпке бірдей
Елшіл болыңдар!
Көкорайдай желпілдеп,
Желкілдеп тұрыңдар!
Сексенге келіп
Селкілдеп тұрыңдар!

Әумин!

Бата

Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің!
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін
Дастарханың мол болсын
Абыройың зор болсын!
Көк жайлауды жайласаң
Тай-құлынды байласаң
Келін тұрсын керіліп,
Салтанаты көрініп.
Сабаң толсын қымызға
Шараң толсын уызға
Өрісіңе мал толсын
Ақ тілеуің жар болсын
Өрендерің ер болсын
Көре алмаған бағыңды
Сындыра алмай сағыңды
Бетін басып жер болсын!
Қара ниет жауларың
Ит пен құсқа жем болсын!
Балалардың сәні өссін
Толған айдай бағы артсын
Абыройы тағы өссін
Қорған болсын халқына
Ел сүйсінсін даңқына!
Сыздатпай жүрегіңді
Қалаған тілеуіңді
Қасыңдағы елден берсін.
Басып жүрген жерден берсін!
Ағайының қолдай берсін
Дос жараның қорғай берсін!
Көліңе балық қайраңдасын
Ел-жұртың жайраңдасын!

Әумин!

Сақтық бата 

Далақтаған даудан сақта,
Жалақтаған жаудан сақта.
Ашыққан бөріден сақта,
Қара жердің көрінен сақта!
Ашынған ұрыдан сақта,
Құлқыны құрыдан сақта
Дауылдың кәрінен сақта
Жыланның зәрінен сақта
Аяқ-астынан кезігер –
Бәле-жаланың бәрінен сақта!

Әумин!

Бата

Уа, жаратқан ием,
Тілегімізді қабыл ет
Иманымызды кәміл ет
Ынтымақсыз алауыз,
Қырқыстан сақта
Әрі тарт, бері тарт
Жұлқыстан сақта.
Төріңді билер жатыңнан сақта
Көк долы қатыннан сақта
Руға бөлінген наданнан сақта
Жақсылығы өзінен арылмас адамнан сақта
Қара жүрек есерден сақта
Нанды аттаған кесірден сақта
Кеуде көрген көргенсіз келіннен сақта
Мезгілсіз келген өлімнен сақта
Татымсыз тұзыңнан сақта
Көргенсіз қызыңнан сақта
Бетіңе күлген сұмнан сақта
Бетімен кеткен жыннан сақта
Жалғасқан бәледен сақта
Бас кетер жаладан сақта
Қайырсыз малдан сақта
Қазымыр шалдан сақта
Адасқан елден сақта
Ез болған ерден сақта
Төтенше нәубеттен сақта
Міндетшіл жекжаттан сақта
Иә, жаратқан,
Өмір берсең, жайлы ғып бергің,
Дәулет берсең, сайлы ғып бергің.
Әйел берсең әдепті болсын
Алыс-жақынның көңілі толсын
Ұл берсең от болсын,
Қыз берсең шоқ болсын
Келін берсең келісті болсын
Келешегі өрісті болсын.
Құда берсең жолдасыңдай болсын
Құдағи берсең сырласыңдай болсын.
Ата-баба жолынан кім ассын
Құдалық мың жылға ұлассын
Екі жастың бақытын берсін,
Екі жас қызықшылығын көрсін!

Әумин!

Наурызға арналған қазақша Бата - Тілек
тер.

Наурыз келіп қар кетті,

Ақ қар, көк мұз жұтатқан

Шаруа елінен зар кетті.

Наурыз келіп жаз кірді,

Жаз періште «Әз» кірді

Күнеске тосып арқасын,

Жан біткенге наз кірді.

Арық-тұрақ төрт түлік,

Көк жеп жапа-тармағай

Қабырға жаппай қалмағай.

Көтеремнің төрт бұты,

Ербегей де сербегей

Енді шығын бермегей.

Бізге келген бәлекет –

Қармен бірге қаңғырып,

Таудан ары өрлегей,

Мұсылман бетін көрмегей.

Жарапазан батасы

Қонақтасын берекет,

Қаша берсін пәлекет.

Қиын дейді қиямет,

Жақын дейді ақырет.

Ақыретке барғанда,

Қыл көпірден аман өт!

Міне, бата, ақ ниет,

Бола берсін берекет.

Қиын дейді қиямет,

Жақын дейді ақырет,

Құлшылық қыл Аллаға,

Қыл көпірден таймай өт.

Кірсін дәулет,

Шықсын бейнет.

Алла атымен бейнет ет.

Жоқ-жітікке рақым ет.

Тәңір сені қолдасын,

Уайым-қайғы болмасын.

Қабыл болсын оразаң,

Әулетіңді оңдасын!

***** Мұзафар Әлімбаев

Қарық қып құтты Наурыз,

Қазанға толсын сары уыз.

Қайнасын Наурыз көже де,

Толтырып ішкей кезеңе.

Ұлыстың ұлы күнінде,

Көппенен бірге күлімде.

Көбейсін жаңа достарың,

Молайсын елге қосқаның.

Жарасып көңіл хоштығы,

Бекісін халық достығы.

Ішінде жүрсе азғана,

Шайылсын өкпе, наз-нала.

Алдыға сыймай сәбилер,

Құшағын жайсын жаңа үйлер.

Жастардың самсап отауы,

Мейірім төксін Отаны.

Әспеттеп ата дәстүрін,

Әсем боп өссін жас буын.

Кірбің тартпасын кәрілер,

Барыңның дәмді нәрін бер!

Дүрлеген Қазақстанға

Таңғалсын дос та, дұшпан да!

******

Асанәлі Әшімов

Ұлыс күні құтты болсын,

Ақ кетпесін таңдайдан!

Ел іргесі мықты болсын,

Бақ кетпесін маңдайдан!

Аллаһу акпар!

******

Оразақын Асқар

Ниеттерің ақ болсын,

Наурыздың ақша қарындай.

Бастарыңа бақ қонсын,

Шашыңның барлық талындай.

Санасы өсіп адамның,

Көңілде кір қалмасын.

Құты қашып жаманның,

Жақсы тапсын жалғасын.

Тыныш болсын даламыз,

Түгел болсын нуымыз.

Таза болсын ауамыз,

Тұнық болсын суымыз.

Қатыгездік жоқ болсын,

Оралмасын кез өгей.

Кірісіміз көп болсын,

Бүгінгі Наурыз көжедей.

Аллаһу акпар!

*****

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жыл болар.

*****

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барса жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәлі-жала жерге енсін!

******

Жаңа жыл бақыт жылы болсын,

Малың тоқ,

Уайым-қайғы жоқ болсын.

Көген толы қозы,

Желі толы құлын болсын.

Малың базарлы,

Ұлың назарлы,

Қызың ажарлы болсын!

******

Әуелі, құдай оңдай көр,

Оң жолына бастай көр,

Адасса жолға сала көр,

Сүрінсе қолдан ала көр!

Кездессе шайтан қаға көр!

Жұлдыздармен жалғастыр,

Жақсылармен жанастыр,

Жамандардан адастыр!

*****

Бай қылсын,

Төрт түлік сай қылсын,

Кетпес дәулет берсін,

Отауыңа сәулет берсін.

Бастарыңа бақыт қонсын,

Қастарыңа нөкер толсын.

Дұшпандарың жоқ болсын.

Көре алмаған қаскөйдің,

Іші күйіп шоқ болсын.

Ризық, нәсібің тасып,

Көңілдерің тоқ болсын.

Туған балаларың ер жетіп,

Өсіп үлкен ел болсын,

Бақталасың кем болсын.

Дәулетің шалқып, сел болсын,

Дастарқаның кең болсын!

 

Наурыз мейрамы қайда тойланылады?

$
0
0

Қазақ халқы көшпенді ұлт болған. Көшпенді халқының тұрғылықты мекені киіз үй болған. Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.

Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын.

Киіз үйдің бірнеше түрі бар. Олар:

Орда – салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар басын қосатын, елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй.

Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын хамәжіліс ордасы.
Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.
Ақ шаңырақ – 18 қанат ақ орда, 12 қанат – ел басылар, бай, билер тұратын киіз үйлер.
Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі.
Ақ үй – 6 қанатты дәулетті адамдар үйі.
Боз үй, қоңыр үй – 4-5 қанатты орташа үй.
Қараша үй – кедей үйі.
Отау – жас жұбайлар үйі.
Жолым үй, абылайша, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.
Күрке, қос – ауылдас ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлер үйі.

Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!

$
0
0


Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылы
« Ақ көгершін» балабақшасы
Тәрбиеші: Мустафинова Жазира Султановна
Тақырыбы: Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!

II - ТУР. Назар аударыңыз - Байқау 2017-2018 (ҚАҢТАР-НАУРЫЗ)

$
0
0

Қатысушылар: 1-11 сынып оқушылары, Cтуденттерге: 1,2,3,4,5 курс студенттері
Қатысушы жұмыстарын қабылдау мерзімінің соңғы күні: 18.05.2017ж
Қорытынды уақыты: 20.05.2017ж
Ұйымдастырушы:  SABAQTAR – Ақпараттық сайты

Байқау түрлері:

Ендігі қазақстандықтар Польшада тегін білім ала алады

$
0
0

Польша Үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім гранттарын ұсынды, деп хабарлайды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ына сілтеме жасап Stan.kz.

Польша Үкіметі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі менПольша Республикасының Үкіметі арасындағы 2016 жылғы 3 маусымдағы № 328 Келісім шеңберінде поляк тілін біржыл оқуды ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтарына бакалавриат (3 орын), магистратура (4 орын) және докторантура (4 орын) бағдарламалары бойынша гранттарды ұсынуда.

Келісім бойынша тегін оқу, жоғары оқу орнының жатақханасында ақылы негізде тұру мүмкіндігі (шамамен 80 — 150 еуро), докторантура бағдарламасы студенттеріне арналған шәкіртақы (шамамен 300 еуро) ұсынылады.

Факультеттер мен білім беру мекемелерінің тізімін мына сілтеме арқылы біле аласыздар.

Математикалық білім беруді құрдымға жіберіп алмайық

$
0
0

 Биылғы оқу жылында 5 және 7-сынып оқушылары «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Математика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша оқы­тылуда. 

Осы жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы мен қазіргі қолданыстағы дәстүрлі бағдарламаның мазмұнын салыстырып, әріп­тестерімнің пікірін білмек болдым. Олар «Барлығы да дұрыс қой. Кет­кен кемшіліктерді қалай жоюға болады? Мұғалімдер де соны күтіп отыр», деді. Ойланып қалдым.

Мектепте математика пәнін оқытуға бай­ла­­нысты жаңа білім стандартының талаптары мен бағдарламалардағы кем­­шіліктерді жөндеумен шұғылдану мен үшін бос әурешілік сияқты болып көрінді. Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағ­дар­ламасының бір ғана құптар­лық жері бар екен. Бұл – дәстүрлі қол­даныстағы бағдарламаның «Оқу мате­риалын тақырыптық жоспарлау» деген бөлімін «Математика» пәні­нің мазмұнын ұйымдастыру» деген атпен 2-тараудың 5-9-бапта­рына еш­бір өзгеріссіз енгізгені.

Мұндағы өзгешелік – 7-сыныптан бастап бұ­рын­ғы­дай алгебра және геометрия пән­де­рінің бағдарламалары жеке-жеке бө­лін­беген. Бағдарлама авторларының «кірік­тірілген бағдарлама» жасадық деп кө­ңілдеріне медеу тұтып жүргендері де осы шығар, бәлкім. Енгізіліп жатқан жаңа бағдарламада бұрынғыдай «Оқушылардың мате­ма­ти­калық дайындықтарына қойылатын та­лаптар» бөлімі жоқ.

Аталған бөлім с­тандартқа ауыстырылған. Енді мұғалім оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды білу үшін стан­дарт­қа жүгінетін болса, ал білім маз­мұнын анықтауда бағдарламаны бас­шылыққа алады. Оның өзінде стан­дарттағы оқушылардың мате­матикалық дайындығына қойылатын талаптар бойынша ешқандай математикалық жүйелі білімді анықтау мүмкін де емес. Қазақстан Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген «Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жал­пыға міндетті стандартының» екін­ші бөліміндегі «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық дең­гейіне қойылатын талаптар» Блум так­сано­миясын негізге алып құрылған.

Мұн­да оқытудағы қол жеткізілетін нә­ти­­желерді білу, түсіну, қолдану мен ой­лау тәсілдері: талдау, жи­нақ­тау, бағалау бір-біріне байланыс­сыз, әр­­қайсысы жеке жазылып, жос­пар­лан­ған. Яғни білім алушылардың «білуі» керек деген мәселелер «түсінуде» та­лап етілмейтіндей, ал «түсінген» мәсе­ле­лерді «білудің» қажеті жоқ сияқты болып қалды. Ал «қолдану» бөлімінде матема­ти­ка­лық білімді қолданбай-ақ практикалық есеп­терді шығара беруге болатындай «практикалық есептерді шешуде ма­те­матикалық білімін қолданады» де­лін­генін қайтерсіз. Математикалық бар­­лық есептерді шығару кезінде қол­да­нылатын әмбебап алгоритм болмаса да, «математикалық есептерді шешу алгоритмдерін қолданады» деген талап қойылады.

Сондай-ақ «түп­мәтінге сәйкес математикалық терминология­ны қолданады», «нақты сандарды есептеу амалдары қол­данады» дегендері нені білдіреді екен деп те қа­ласыз.

Білім алушылардың дайындық дең­гейіне қойылатын осы талаптардың іші­нен «математикалық модельдер құрас­тыру үшін мәтіндік есептердің шарт­тарын талдайды», «математикалық есеп­терді шешудің алгоритмдерін жи­нақтайды», «аксиомалар мен теоремалар арқылы дәлелді пікірлерді жи­нақ­тайды», «есептің түпмәтініне қатыс­ты есептеулер нәтижесін баға­лайды» де­ген сияқты «талаптарды» оқыған кез­де мектеп бітіргендерден қандай мате­ма­ти­калық дайындық күтуге болар екен деп ойламасқа лажыңыз жоқ. Енді оқу мазмұнына келейік.Бағ­дар­ламаның 11-бабында «Оқу пәнінің мазмұны бес бөлімді қамтиды: «Сандар», «Алгебра», «Геометрия», «Ста­тис­тика және ықтималдықтар теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ» деп көрсетілген. Соған сәй­кес 12-16-баптарындағы бөлім­дер негізгі мектепте қандай тақырып­тарды қам­тып тұрғаны белгісіз күйінде қалған. Осындай жағдай бастауыш мектептің «Математика» бағдарламасында да орын алғанын бұрын айтқанбыз «(«Егемен Қазақстан», 14.06.16).

Бұл бағдарлама да дәл сондай күйде. Мәселен, 12-баптағы «Сандар» бөлімінің «Сандар және шамалар туралы түсініктер де» негізгі мектепте қандай сандар оқылатыны ашып көрсетілмеген. Сондай-ақ сол бөлімнің аталуындағы «түсініктер» сөзінің шек­арасы «ұғымдарға» қарағанда шек­теулі екендігі де ескерілмепті. Сол сияқ­ты 13-баптағы «Алгебра» бөлімінің «Тең­деу­л­ер және теңсіздіктер, олардың жүйе­­лері және жиынтықтары» бөлімі бой­ынша негізгі мектепте иррационал теңдеулерді шешу тақырыбын жүйе­лі оқыту қарастырылмайтынын, три­гонометриялық теңдеулерді ше­шу де өт­пейтінін, т.б. ескерсек, бұл бағ­дар­ла­маны негізгі орта білім мазмұнын анықтап тұр деп айтуға келмейді. 14-15- бөлімдер де дәл осы жағдайда.

Ал 16-баптағы «Математикалық» дегенді біз 11-бапта көрсетілгендей «Ма­те­матикалық модельдеу және ана­лиз» деп түсіндік. Бұл бөлімдегі «Мате­матикалық анализ бастамалары» бөлімі бойынша негізгі мектеп­те қандай тақырыптар оқыты­ла­тыны анықталмаған. Мектепте мате­ма­ти­калық талдаудың «Функция» та­қы­ры­бы біршама жүйелі өтілетіні бел­гілі. Сон­да да барлық функциялар емес.

Одан кейінгі «Математикалық мо­дель­деудің көмегімен есептер шы­ғару», «Математикалық тіл және мате­ма­ти­калық модель» бөлімдерін өз алдына берудің қандай қажеттілігі бар екені де түсініксіз. мектеп математика бағдар­ла­ма­сының «Оқыту мазмұны» құрамына ай­қын түрде енбейтін, бірақ оқыту ма­з­мұнымен біте қайнасып жататын, онсыз математикалық білімнің мән-мағынасы ашылмайтын, білімнің иге­рі­луі мүмкін емес логика элементтері мате­мат­и­ка­лық тіл, математикалық модельдеу ұғымдары да бар екендігі белгілі. Мұ­ны математикалық білімнен бөлек қарастыру мүмкін емес. Математикалық есептің өзі де модель.

Сондықтан мектепте «Математикалық модельдеудің кө­мегімен есептер шығару» дегеннің қи­сыны да келіңкіремейді. Мектеп курсында математикалық білім мен ма­тематикалық тіл, сондай-ақ мате­матикалық модель арасына үлкен шекара қою да әбестік. Бұл жаңартылған үлгілік бағ­дар­ла­маның да жаңалығы, бастау­ыш мек­тептің математика бағ­дарл­а­ма­сын­дағыдай «Оқу мақсат­та­ры жүйе­сі­нің» болуында екен. 19-бапта «Оқу мақ­саттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген» деп көрсетіледі. Алайда бұл мақсаттар жүйесін де үлгі тұтарлық деуге келмейді. Мақсаттар жүйе­сіндегі келеңсіздіктерді тек 5-сы­нып­тағы «меңгеру» ұғымының ди­­дак­ти­калық-әдістемелік ерекшелігіне бай­ланысты қысқаша талқылап көрейік.

Әдіс­темелік әдебиеттерде «ұғымды мең­геру» ұғымның мазмұны мен көле­мін анықтай алу, мәнді белгілері мен қасиеттерін білу, ұғымды танымдық және практикалық іс-әрекеттерде пайдалану деп түсіндіріледі. Жаңартылған бағдарламадағы білім алушыларға қойылатын мақсаттардың ең біріншісі «5.1.1.1 натурал сандар жиыны ұғы­мын меңгеру» деп берілген.

Үлкен та­қырыпты оқып-үйренудің бірінші сабағында-ақ осындай мақсат қою өзін ақтай ала ма? Натурал сан ұғымын қалыптастыру мен соған сәйкес білімді игеру бастауыш сыныптан басталады да, 5-сыныпта ұғымның көлемі мен мазмұны жүйелі түрде ашыла бастайды. Демек, оқушылардың бастауышта алған білімін 5-сыныптың алғашқы сабақтарында жал­пылау және бір жүйеге келтіру көз­делген. Сонда да болса, натурал сан ұғымын меңгеру үшін бұл білім жи­ын­тығы әлі жеткіліксіз. Натурал сан­дар ұғымын оқып-үйрену келесі «На­ту­рал санның бөлінгіштік белгілері» та­қырыбында жалғасын табады. Сондай-ақ «меңгеру» таным үдерісі, яғни, түсіну, ой елегінен өткізу, білу, есте сақ­тау, танымдық және практикалық іс-әрекетте оны қолдану екенін де ескеру керек. Сондықтан «меңгеру» білім алу, дағдылардың қалыптасуы, білік­тіліктердің дамуы мәселелерін де қам­тиды. Мұғалім оқу мақсаттарын анықтау кезін­де осы мәселелерді ескергені жөн. Алай­да дәл осындай олқылықтар басқа да тақырыптарға қойылған мақсатта орын алған. Ал енді, 5-сынып оқушыларының осы «натурал сандар жиыны ұғы­мын меңгергенін» есепке алатын әдіс­те­­мелік құжатқа көңіл аударайық. НЗМ «Педагогикалық шеберлік орта­лы­ғында» басылып шыққан «Қалып­тас­ты­рушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы. Математика.

5-сынып» кітапшасында бұл мақсаттың жүзеге асырылғанын есепке алу үшін дайындалған бірінші қалыптастырушы бағалау критериі «Натурал сандарды ажыратады» делінген. Оқушы натурал саннан басқа сандармен таныс болмаса, онда ол басқа қандай сандар жиынының ішінен оны ажырата алуы керек? Ал оны анықтау үшін құрастырылған тапсырмалар натурал санның қасиеттерін бі­луге арналған!

Сорақысы, натурал сан мектеп математика курсында анық­тал­майтын ұғым екенін ескерсек, онда білім алушы «натурал сандар жи­ыны анықтамасын қолдана отырып дұ­рыс тұжырымды анықтайды» деген дескриптордың мағынасы да жоқ бол­ғаны. Кейінгі кезде оқыту жүйесінде дескриптор сөзі қажет, қажет емес жерлерде пайдалана беру педагогикалық «сәнге» айналды. Әдебиеттерде дес­крип­­тор сөзі әртүрлі түсіндіріледі. Білім саласында дескриптор ұсынылып отыр­­ған мәтін мазмұнын сыйымды түр­де бере алатын сөз немесе сөз тір­кестері деп айтылады.

Дескриптор – оқыту үдерісінің нақтылы немесе жекелеген мәселелері емес, белгілі бір циклды оқып-үйрену кезінде меңгеретін жалпы жағдайлар деп те түсініледі.

Сондықтан оқы­ту үдерісіндегі оқушы білімін баға­лау үшін қолданылатын әрбір тапсырма, жаттығу немесе есеп үшін дескрипторларды анықтап, жазып отыруды талап ету мұғалімнің «шақшадай басын шарадай ету» үшін таптырмайтын құрал болайын деп тұр. Бағдарламадағы оқытудың мақ­сат­тар жүйесін анықтау кезінде ұғым анықтамасының мәні мен мағы­на­сын айқын түсінбеген, дұрыс тұжы­рым­далмаған пайым, ұғымды білуге арналған мақсаттың қойылмауы, Блум так­саномиясын басшылыққа алып «түсі­неді», «қолданады», «талдайды», «жинақтайды» деген сөздерді орын­ды-орынсыз пайдалана беру, т.б. келеңс­і­з­діктер жеткілікті. Біз жаңартылған бағдарламадағы оқу мақсаттары мен соған сәйкес жа­салған ұзақ мерзімді оқу жос­па­рын­­дағы 5-сынып үшін кейбір кем­шіл­іктерді ғана көр­сеттік. Басқа сыныптар да содан арт­ық емес. Енді сол мақсаттар жүйесін бас­шылыққа алып жаңа бағдарлама бойын- ша одан әрі «оқытуды» жалғастыра бе­ретін болсақ, оқушылар білімінің дә­режесі бүгінгі күнге де зар болатын жағ­дайға алып келуі деген қауіп те бар.

Басқа пәндердің жаңартылған бағдарламаларының жағдайы туралы төрелік айту қиын. Ал математикалық білім беруді құрдымға жібермей тұр­ған­да «жаңартылған бағдарламаға» кө­шу «науқанын» тез арада тоқтату керек секілді. Жаңартылған стандарттар мен бағдарламаларға көшуге кезінде ұйыт­қы болғандар да, оларға тапсырыс беріп сапасыз құжаттар жасатқандар да, ел алдында, Елбасы алдында жауап беретін болса, онда білім жүйесіндегі сөз қуу мен негізсіз науқаншылықтан арылған болар едік.

Досымхан РАХЫМБЕК, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы
 Egemen.kz


Қазақ тіліндегі кейбір сөздер жоғалып кетуі мүмкін

$
0
0

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында терминдерді қазақ тіліне аударудың бірыңғай қағидаттарын жасау туралы айтты

Бұл туралы «Казахстанская правда» газетіне сілтеп,  Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта терминологиялық комиссия қолданыстағы барлық сөздерді бір дерекқорға жинап жатыр. Шайхметов пен Байтұрсынов атындағы тілдер институты 390 мың термин жинаған. Олар 4 санатқа бөлінген. Біріншісі – қазақтың тарихи сөздері болса, екінші – «әуежай», «ғаламыр», «жекешелендіру» секілді соңғы уақытта қазақ тіліне аударылған сөздер. Ал үшінші топта «математика», «химия», «сенат», «жаһандану» сияқты тікелей қолданылған сөздер кіреді. Төртінші топта халықаралық саудада кеңінен қолданылатын терминдердің санаты енгізіледі.

«Аталған санатқа асбест, наркоз, интерференция, сондай-ақ категория, платформа, аргументы, реакция сияқты қазіргі қолданыстағы немесе болашақта қолданылуы мүмкін деген жүйелік сөздер кіреді. Енді сөздерді айналымға енгізудің ортақ қағидаттары туралы шешім қабылдау керек. Атап айтқанда жоғарыда аталған сөздерді қазақ тіліне аудару керек пе, әлде осы күйінде қолдамамыз ба соны шешіп алу керек», – деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрлігінің басшысы«Казахстанская правда» газетіне.

Білім министрі аудармадағы жалпы қағидалар қабылданғаннан кейін 390 мың терминнің тағдыры шешіледі дейді.

«Қолтырауын, ғаламтор, сондай-ақ перне тақта секілді кейбір сөздер қолданыстан шығуы мүмкін. Болашақта жекешелендіруді приваттау, төңкеріс дегенді революция деп айтсақ, екеуі де дұрыс болмақ. Сонда ғана түсінікті сөздік қоры ғана емес, ол сөздің неліктен қолданылатыны түсінікті болады. Яғни, біз аударылған сөзді қолданғанда ұстануға тиіс қағидалар әзірлейміз. Себебі бұл жұмыстың бәрі латын тілінде болатындықтан, сөздің мағынасы да түбегейлі өзгереді. Қазақ тілін зерттейтін ғалымдар тарихи маңызға ие ақпараттарды талқылайды. Түсінікті ғылыми қағидалар әзірленсе, олар қоғаммен талқыланады», – деді Ерлан Сағадиев.

Ғалымдар: Жер планетасына жаһандық жойылып кету қаупі төніп тұр

$
0
0

Ғалымдар климаттың өзгеруіне қатысты жаңа зерттеу жұмысын жүргізіп, көңілге қаяу түсіретін болжам жасады. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, планетаның температурасы енді 2 градусқа жоғарылайтын болса, көптеген өсімдік түрлері жойылады.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Климат өзгеруінің залалы мұнымен бітпейді. Егер Жер температурасы үш не одан да көп градусқа жоғарыласа, барлық өсімдіктердің жартысынан көбі жойылып кету қаупі бар.

Жұмсақ климатты елдердегі қалың ормандар мүлдем жоқ болып кетуі мүмкін. Оңтүстік Америка, Аустралия, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі барлық орман ресурстары бірнеше онжылдықта көзден ғайып болуы ғажап емес.

Ал 2100 жылға қарай тіршілік орындарының жойылуы салдарынан – жәндіктерден бастап, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер жоғалып кетуі мүмкін.

Шығыс Азия климатология университеті ғалымдарының пікірінше, оны алдын алудың бір ғана жолы – атмосфераға зиянды заттарды тастауды шектеп, бақыланбайтын өндіріс орындарын құруды тоқтату.

Ғалымдар ескертеді: Егер бүкіл әлем жұмылып, бір шешімге келмесе, аз уақыттың ішінде өсімдіктер мен жануарлардың 40 мың түрі жойылып, оның кесірі адамдарға да тиеді.

Астанадағы балабақшада балалар жаппай ішек инфекциясын жұқтырған

$
0
0

Астананың №36 балабақшасының тәрбиеленушілері жаппай ішек инфекциясына шалдыққан. СЭС мекеме қызметкерлерінен талдау алып, зерттеу жүргізген. Инфекцияның бар екені расталған. Бірақ, жұқпалы аурудың қалай тарағаны айтылмай, мекеме жұмысын жалғастыруда

Бұл туралы “Астана” арнасы хабарлады.

Мекемде 18 адам инфекция жұқтырып алған. Олардың екеуі – ересек адамдар, қалғандары – балалар.

“СЭС  қызметкерлерден талдау алды, лабораториялық зерттеулер жүргізілді. Жұмыс нәтижесі көрсеткендей, инфекцияның бар екені расталды, бірақ оның қалай тарағанын құзырлы органдар түсіндіргені жөн”, — деді Астана білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің басшысы Ләззат Разбекова.

Айта кетейік, ақпанның басында №36 балабақшаның тәрбиешісі мен он баланың белгісіз инфекция жұқтырғаны анықталған болатын.

5 жасар тәрбиеленушінің құсып, ыстығы көтеріліп, іші өткен. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, сараптама жүргізіліп, азық-түлік блогы тексерілді.

Семейдегі мектептердің біріне “бомба қойылды”

$
0
0

Семейде мектеп ғимаратына бомба қойылды деген жалған ақпарат таратылған. Жалған ақпарат таратқан адам ұсталды. Бұл туралы Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметі хабарлады.

Қаладағы №28 орта мектеп ғимаратына бомба қойылғаны туралы хабар тараған. Сабақта отырған ұстаздар мен оқушылар хабарды ести сала сөмкелерінсіз, тіпті киімсіз сыртқа жүгірген.

Оларды жартысы  № 37 мектеп-гимназиясына, қалған оқушылар қалалық Мәдениет сарайына орналастырылған.

«Оқиға орнына дереу жеткен арнайы қызмет өкілдері білім ордасынан ешқандай жарылғыш зат таппады. Көп ұзамай күдікті азамат қолға түсті» делінген хабарламада.

Азаматтың психикалық ауруға шалдыққан болу мүмкін. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мектеп әрі жатақхана: Астанада бір ғимаратта он отбасы өмір сүріп, оқушылар білім алуда

$
0
0

Мектеп әрі жатақхана. Астанада оқушылар мектепті бірнеше отбасымен бөлісе алмай жүр, деп хабарлайды КТК

Астанада мектеп ұжымы мен тұрғындар екі қабатты ғимаратты бөлісе алмай отыр. Бір нысанда он отбасы өмір сүріп, жүздеген бала білім алады. Ең қауіптісі, жатақханадағылар газ баллон пайдаланады екен. Және ғимараттың адам тұратын бөлігі әбден тозған.

Екі қабатты ғимарат 2001 жылдан бері мектеп әрі жатақхана міндетін атқарып келеді. Яғни, тұрғындар 17 жылдан бері оқушылармен көрші тұрады. Бірінші қабаттағы бөлмелерде 30 жуық адам өмір сүруде. Ал екінші қабатта төменгі сыныптар сабақ өтеді. Жалпы бұл мектепте 740 бала білім алуда.

Сырттан қарағанда, мектеп пен жатақхананы айыру аса қиын емес. Ғимараттың қызыл кірпіш, ақ терезелі бөлігінде балалар оқиды. Ал саздан салынған сарайға ұқсас жұпыны бөлігінде адамдар тіршілік етеді. Екі ортаны аласа тор қоршау ғана бөліп тұр. Мынау пәтерлерге кіретін ескі есік. Іште тазалық туралы сөз қозғаудың өзі артық.

“Біз мектепке басып кірген жоқпыз. Бұл жатақханада 37 жыл тұрып жатқан отбасылар бар. Енді келіп, бізді   заңсыз кіріп алды, шықпайды дейді. Балаларға кедергі келтіргіміз келмейді. Әкімдік басқа пәтер тауып берсін, көшеміз”, – дейді , Астана қаласының тұрғыны Аягөз Ескендіров.

Аягөздің мұнда тұрып жатқанына 22 жыл. Осында екі баланы  дүниеге әкеліп, өсірген. Бұл отбасы ас ішетін, жатын бөлме дегенді білмейді. Бәрі ортақ. Ең қауіптісі, тұрғындар газ баллонын пайдаланады екен. Апат  болса қалса, жүздеген баланың өміріне қауіп төнгелі тұр.

“Жатақхана болған соң кісілер келеді.Арақ та ішеді, темекі де тартады, төбелеседі кей жағдайлар.  Қарауылдарды ескертіп қойдық. Учаскелік инспекторды  шақырсақ, келмейді. Жанымызды шүберекке түйіп жүреміз  шынына келгенде”, – дейді №34 мектеп директорының орынбасары Гүлсина Шөкейқызы.

Ал басқа барар жері жоқ жанұялар бұл бөлмелерден бүгін-ертең  шықпаймыз деп отыр. Мектептегілер мен тұрғындар талай рет бір-біріне қарсы арыз жазған. Сот адамдарға басқа баспана берілсін деген шешім шығарып бергенімен, әкімдіктегілер оған құлақ аспайды екен.

“Арендалық бөлме берсін, бір бөлме. Ақшасын төлейміз.  Кезекте тұрдық, әлі бермейді”, – дейді  Астана қаласының тұрғыны Гүлзада Қарағожина.

Мұндағылардың Астанада тұрады деген аты болмаса, тұрғындар суды сырттан тасиды. Әжетхана да далада, тура оқушылар ойнайтын спорт алаңына жақын орналасқан. Ал ата-аналар балаларының жатақхана аралас мектепте білім алып жүргенінен бейхабар болып шықты.

Қауіпті жағдай, әкімдік өздері қарау керек. Оны неге жатақханаға береді?

Негізі, бұл нысан кезінде колледж мамандарына қызметтік үй ретінде берілген екен. Бірақ бөлмелерді иелері әлі жекешелендірмеген. Ал әкімдіктегілердің мектеп жанындағы жатақханаға қатысты қандай шара қолданатыны әзірге белгісіз.

Viewing all 2282 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>