Quantcast
Channel: Все публикации пользователя admin - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 2282 articles
Browse latest View live

Тәуелсіздік төркіні бабалар саясатында

$
0
0

ОҚО Сарыағаш ауданы Жемісті ауылы

№14 Алыбай батыр атындағы жалпы орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі Омарбекова Зауреш Касымбековна

еңбек өтілі:26 жыл

 

 

Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында тарихи эссе

 «Тәуелсіздік төркіні бабалар саясатында»

 Ұлт пен мемлекет тарихын сөз еткенде жеке саяси тұлғалардың атқарған ісі мен қызметіне тоқтамай өту мүмкін емес. Қазақтың тереңге бойлайтын тарихында саяси қызметі ерекше дараланған. Керей хан мен Жәнібек хан, Қасым хан мен Әз-Тәуке, Әбілқайыр хан, Абылай хан т. б. көрнекті қатары бар. Қазақ билеушілері әр тұста, әр қилы мәселеге бір-біріне қарағанымен түптеп келгенде, қазақтың сол замандағы халықтарының жағдайын реттеуде бір бағыт, бірдей саясат  ұстануы дербес ел, тәуелсіз мемлекет болу.

    Халқымыздың тарихындағы кезеңдеп мемлекеттік құрлым бастау алған , этникалық тұрғыдан түбегейлі дараланып, жетіліп қазақ деп аталатын жаңғырған халықтың дүниеге келуге ұлы дүмпу болған негізгі оқиға Керей хан мен Жәнібек ханның бұрыннан Тоқай Темір (Жошының үшінші ұлы) ұрпағы билеген Көк Орда территориясы-Шығыс Дешті Қыпшаққа билік жүргізген Барақ хан дүниеден өткен соң, оның орнына Шайбани (Жошының бесінші ұлы) тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен. Қазақ тайпаларын бастап Шудың солтүстігіндегі Қозыбасы деген жерге Орда тігіп, дербес хандықтың туын көтеруінен басталған.

    Бұл 1465 жылғы оқиға еді.

    Хандардың басты мақсаты-қазақ тайпаларының саяси тұрғыда бірігіп Қазақ хандығын құру еді. М.Х.Дулатидің "Тарихи-Рашиди" еңбегінде  "Қазақ хандығының құрылған уақыты 1465-1466 жыл"- деп көрсеткен. Қазақ хандығының құрылған аумағы солтүстігі Балқаш көлінің Қаратал өзені құйылысына дейінгі жерді алып жатты. Батысында Сырдарияның оңтүстік жағындағы Түркістан, Сауран, Созақ, Сығанақ қалаларын қамтиды. Ал шығысында және оңтүстігінде Моғолстанмен шектесті.

   Қазақ халқының құрамындағы ру-тайпалар көшпелі мал шаруашылығымен шұғылдануы осы жеке-жеке хандықтардың арасындағы бәсеке, бақталас өз алдына өрбісе бір хандықтың ішіндегі өзара талас-тартыстың өзі шектен асқан еді. Мұның бар ауыртпашылығы қара халықтың басына түсті. Дәл осы орайда Жәнібек пен Керей батыл қимылдап, Қазақ хандығының іргесін біржолата орнықтырды. "Жәнібек хан Барақ ханның бел баласы, Керей хан Барақ ханның

ағасы Болат сұлтанның баласы еді. Яғни Жәнібек пен Керей немере".

  Ата дәстүр бойынша Қазақ хандығының тақ иесі жолы үлкен Керей хан болуы, қазақ тарихындағы айрықша тұлға Жәнібек Орданың ақыл иесі болады.

Әз-Жәнібек хан аталуындағы "Әз"-сөзі арабтың "ғазиз" деген сөзінің өзгерген түрі болып, қадірлеу, сыйлауға қаратылған. Оның әділеттілігі, ақылдылығы, көрегенділігі үшін Әз Жәнібек хан деп атағаны хақ. Керей хан Әз Жәнібек хан екеуі бірігіп қимылдап, Қазақ хандығының күш қуатын арттырып мерейін биікке көтерді. Қазақ Ордасының астанасы қасиетті Түркістан қаласы, біртұтас қазақ хандығының ұраны "Алаш", мемлекеттің таңбасы "Төре таңба" болып белгіленді.

  Басқаруға қолайлы болу үшін жалпы қазақ қауымы жеті сатыдан қаланды: ауыл-ауылбасы, ата-аймақты-ақсақал, руды-рубасы, арысты-би, ұлысты-сұлтан, жүзді-хан, хандықты-қаған басқарды. Көптеген хандар билік басына келіп өз саясатын жүргізді.

 

 

 

 

 

 

   Қазақ халқының тарихында ақыл-қайратымен ұмтылмастай із қалдырған Қасым хан (1511-1523жж) болды. Қасым хан Әз Жәнібектің баласы.

Атақты тарихшы Мұхамед Хайдар Дулати: "Қасым хан бүкіл Дешті Қыпшаққа билік жүргізді. Оның қарулы халқының саны миллионнан асатын. Шыңғыстың ұлы Жошы ханнан соңғы жерде бұл жұртта Қасымнан асқан құдіретті хан болған жоқ"-деген.

   Қазақ халқының қуатты ең артқан уақытты XVI ғасыр алғашқы ширегінде Қасым ханның кезінде болды.

 Қасым хан жаңа тәртіп жүйесін енгізді "Қасым ханның қасқа жолы"-деп аталады.

  Қасым ханнан кейін Қазақ хандығының тағына бірнеше хандар отырды. Қан төгіс соғыстар болды, ел басына қиын күндер туды. Жоңғарлармен соғыс қазақ хандығының іргесін шайқалтты.

  Қазақтың жоңғар шапқыншылығына қарсы Есім хан, Жәңгір хан тұсында мемлекетті сақтап қалу, жерді, елді қорғау мақсатына жан аямай күрескендігін тарих дәлелдеді.

  Қазақ хандығын сақтап қалуда қайтпас қайсарлығымен, ақылдылығымен келер ұрпақты бақытсыздықтан сақтау үшін күрескен Еңсегей бойлы ер Есім

деп тарихтағы ірі тұлға ретінде танылды.

-1680жыл Салқам Жәңгір ханның баласы Тәуке хан (1680-1715жж) халықтың қалауымен хан болды.

Тәуке хан мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алып әке ісін алға жалғап оның саясатын жүргізгенімен өзіндік жаңа жолменде жүрді.

Елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясаты бірлікпен жүргізіп анталаған көп дұшпанға бел алдырмаған.

Елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси және құқықтың орнатылуы "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" сияқты. Әдеп  өлшемдерін жаңғыртып "Жеті жарғы" аталатын жаңа заң жүйесін енгізді. Тәуке хандықты билеуде негізінен әр жүздің билеріне арқа сүйеген.

Ұлы жүзде-Төле биге, Орта жүзде-Қазыбек биге, Кіші жүзде-Әйтеке биге, Қарақалпақтарда-Сасық биге, Қырғыздарда-Қоқым биге.

Осындай алмағайып заманда халықтың басын қосып елдің бірлігін берекесін кетірер ішкі дау-жанжалды барымтаны тыйып, елді ымтымақта ұстау мақсатында игілікті іс-қимыл жасау арқасында қазақ хандығы жақсарды. Ерді ел қолдаса-береке, ханды ел қолдаса-мереке екенін көрді.

Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез-халық есінде "алтын ғасыр" немесе "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" тыныш берекелі заман болып қалды.

Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізіу

қалыптасты. Тарихқа "Жеті жарғы" деген атпен енген. Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер Қазақстанның бұған дейінгі қолданып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды. Қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер ірі реформалар еңгізген Тәуке ханның еңбегінің көрінісі осында. Сондықтан да халық оны "Әз Тәуке" деп аруақтап, әулие тұтады.

 

XVII-XVIIIғасыр қазақ халқының басына ауыр қайғы-қасіретті жоңғарлардың туғызғаны белгілі. "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" оқиғасы барысында қазақ халқының үштен екідейі қырылып, жазықсыз

жандардың қандары төгіліп, қабырғалары сөгіліп, еріксіз егілуге мәжбүр болған. Ел басына қиын-қыстау күн туғандаы "ел", "халық", "Отан" болу- болмау мәселесі күн тәртібіне қойылып, қазақ елінің ортақ жауға қарсы біріктіретін саяси қайраткер немесе күштің қажеттілігі айқын көрінеді. 1710 жылы Қарақұмда Кіші жүздің ханы болып Әбілқайыр сайланды.

Әбілқайыр таққа отырған соң қазаққа қауіп төндіріп, халқының тыныштығын бұзып, малын талан-таражға салып егінін таптап отырған жақын маңдағы жауларды Еділ қалмақтарын батыстағы түркімендерді, Бұхар, Хиуа хандықтарын, башқұрттарды тәубесіне келтіріп, жеңіп мәмілеге келеді.

1726 жылы өткен Ордабасыдағы үш жүз өкілдері қатысқан кеңесте Әбілқайырды жоңғарларға қарсы күресте бүкіл қазақ әскерінің бас қолбасшысы етіп хандар мен билер бірауыздан сайлайды. Осы жиында халық дәстүрі бойынша іс оңға басу үшін құрбандыққа ақбозат шалынған.

1726 жылы Бұлантты өзеннің жағасындағы қазақ жасағының жоңғарларды жеңуі.

1729 жылы Балқаш көлінің оңтүстігінде, Аңырақай түбінде Әбілқайырдың басшылығымен үш жүздің әскері қалмақтарға ойсырата соқы беріп жеңіске жетті.

Әбілқайыр сыртқы саясатта Ресеймен қарым-қатынас , мәміле жасауды ұйғарды.

Әбілқайырдың ойынша Ресейге қосылу Кіші жүз билігінің нығаюына себебін тигізеді деп ойлады. Бірақ, Ресей әкімшілігі басқа хандарды әлсірету есебінен жеке бір ханды күшейтуге мүдделі болмаған. Ресей әкімшілігі хандық биліктің әлсіреуін көздейді. Әбілқайыр Ресейге қалайда жұтылып кетпеудің қамын ойлап, жанталасып баққан.

Әбілқайыр  батырлығы мен көкіректігі, ақылдылығы мен билік құмарлығы, саясатшылығымен бірбеткейлігі астасқан қайшылығы мол, күрделі тұлға.

XVIII ғасыр қазақ халқының саяси тарихы Абылай ханның есімімен тығыз байланысты. Ол дәуір қазақ мемлекеттілігі, тәуелсіздігі, азаттығы қатал сынға түскен уақыт. Бір жағынан, жоңғар қалмақтарының жойқын шабуылы екінші жағынан көрші мемлекеттердің Ресей, Қытай империялық пиғылмен Қазақ жеріне көз салуы. Қазақ даласындағы саяси жағдайды шиленістіріп жіберді.

Осындай сын кезеңде Абылай үлкен мемлекет қайраткерлігіне тән ерік жігер, батылдық, батырлық, ақыл-айла танытып, елдің тәуелсіздігін сақтап қалуға көп еңбек сіңірді. Ол қайраты мен қарқыны қатты қалмақты күшті кезінде бітім-келіссөзбен орнын басып, ал олардың билеушілері арасында таң таласы туып, қалмақ іштей бүлінгенде әлсізін қолдау арқылы аздырып-тоздырып күйретсе, империялық саясат ақыл ойын, ерік-жігерін билеп алған Ресей мен Қытай арасында қазақ мемлекетіне тиімді саясат жүргізе білді.

Абылайдың қазақ елін қайтадан көтеру жолында өзінің бүкіл өмірін ақыл-ойы мен қажыр-қайратын қазақ халқының тәуелсіздігіне, елдің мұратына сарқа жұмсауы барысындағы күресі қырық жылдан астам уақытқа созылуы, өте ауыр болды, абыроймен аяқталды. Сосын Абылай хан заманның қиын-қыстау шақтарында өз басымен халқына үлгі-өнеге бола білді. Бұл жағынан оны көшпенділер көсемдерінен дарабоз озып шыққан тұлға деуге болады.

 

 

 

 

Қазақ ұлтының бүгінге дейін қат-қабат тарихының басты мазмұны елдің тыныштығы, бірлігі мен берекесі ата-бабаларымыздың  елдік пен бостандық жолындағы күресі XV ғасыр қуатты Қазақ хандығын құрғаны мәлім. Елмен елдесті, жаумен жауласты, дәуірлеу мен тоқырау, шарықтау мен құлдырау кезеңдерін бастан кешірді. Ақырында отаршылдықтың қамытын киді XVIII-XIX ғасыр халқымыз еркіндігінен, тәуелсіздігінен айырды. Елігі мен тәуелсіздігін қалпына келтіру үшін бірнеше ұлт-азаттық күресті қан-төгістерді бастан кешірді.

Ендіше, "Тәуелсіздік аспаннан түскен құдіреттің сыйы емес. Ол ғасырларға созылған ата-баба қанды жорығының, дабылды-дауылды күресінің заңды жалғасы. Қаншама елдің ардагер перзенттері осы тәуесіздіктің өзі емес, тек сәулесі үшін қанын төкті, жанын пида етті десеңші. Тереңнен ойлап тебіріне толғансаң -халқымыздың барша тарихы Тәуелсіздік үшін, елдік үшін халықтың бас бостандығы үшін күрес".

Дүние   жүзі    қазақтары   құрылтайы   салтанатты   мәжілісінде  Елбасы

Н. Назарбаев айтқандай, бүгінгі бостандық, бүгінгі тәуелсіздік өзінен-өзі келіп, басымызға қона қойған жоқ, азаттық үшін миллондаған адамның қаны шашылып, жаны қиналды, жазықсыз зардап шекті. Сол үшін ата-бабамыз өмір бойы күресті. Тәуелсіздік, Азаттық-қасиетті сөз, қастерліде киелі ұғым.

Тәуелсіздіктің туын жықпау өз қолымызда.

Бүгінгі жастар-халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Ұлттық санамыз саяси ой-өрісіміз сілкініс жасап, өрлеу жолына түскенде оларға біздің кім екенімізді, ата-бабамыздың қандай болғандығын, кең жазира байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап, қалай қастерлеген, тірегіміздің мызғымас мықты екендігін осы ұрпаққа ұғындырып, келер ұрпаққа мирас етіп қалдыру-бізге парыз. Халқымыздың барша тарихы осы тәуелсіздік үшін , елдік үшін , халықтың бас бостандығы үшін күреске толы.

 Қорыта   айтқанда,   Елбасымыздың    арқасында    тарихымызды   жинақтап,

өткенімізді құрметтеп, хандарымызды ұлықтап, бүгінгі сан ұлттың бірлігін жарастырып, әлемге үлгі боларлық жаңа мемлекет болдық.Қазақ елі өзінің аңсаған азаттығы мен тәу етер тәуелсіздігінің қайырлы көшін әлемдік өркениет көшінің алдыңғы қатарына түскендігін айдай әлемге паш етті. Ең бастысы-қазақ халқы тәуелсіз мемлекеті бар, өзгелермен тең тұрып, иық тіресе алатын ұлтқа айналды.

Қазақ елі мәңгілік ел!

 


Мен өмірді қалаймын

$
0
0

Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ

тарапынан жарияланған

сайысқа

 

 

 

 

«Мен өмірді қалаймын!»

 

Қайран достар, аяймын мен сендерді,

Тірідей солған кескініңді ел көрді.

Құрбаны болған пенделер көп нашаның,

Ата-анаң сенің болашағыңа тым сенді...

 

Қалай ғана түсіп қалдың қақпанға,

Ердің бе екен алдамшы сөз, мақтанға.

Не көрінді көзіңе сенің бауырым?

Қазақ елі көбейе алмай жатқанда.

 

Бүгінде көкнәр «атасы» болды астың да,

Іздеп жейтін асы болды кәрі менен жастың да.

Тәуелді етті сол жабайы жапырақ

Аға-інілер, көкнәрді сен «ас» қылма!

 

Бәрін таста, есіңді жи, бүгінде,

Өлгенмен теңсің бейшара мына күйіңде.

Кеш болмайды қайта баста өмірді,

Болашақтың шамы өшпесін үйіңде!

 

 

Қартабай Асылзат

Қазалы қаласы, №17 Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектептің

10-сынып оқушысы.

 

40 теңге үшін оқушы қызды айдалаға түсіріп кеткен астаналық кондуктор жазаланды

$
0
0

Астанада жолақы төлеуге ақшасы жетпеген қызды айдалаға түсіріп кеткен кондуктор жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанагенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Біз қызметтік тексеріс жүргізіп, автобус камерасынан видеожазбаны алдық. Камерада "Астана Арена" аялдамасында №303 автобусқа қыз мінгені көрінеді.Қыздың ақшасы болмапты.

Өкінішке орай, камера дыбысты жазбайтындықтан кондуктор оған не айтқаны естілмейді. "ЭКСПО Плаза" аялдамасында оқушы автобустан түсіп қалған", — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға "Астана LRT" компаниясының баспасөз қызметі.

Компания мамандары оқиға күндізгі сағат 12 шамасында болғанын айтты.

"Аялдама шынымен де біршама алыс, елсіз жерде орналасқан. Этикалық нормаға сүйенсек, баланы түсіріп кетудің қажеті жоқ еді. Кондуктор сыйақыдан қағылды, сондай-ақ оған қатаң сөгіс жарияланды", — деп толықтырды баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Facebook желісінде №303 бағдардағы автобусқа мінген қыздың анасы шағымданған болатын. Айтуынша, ақшасын жоғалтып алғандықтан баласын айдалада автобустан түсіріп кетіпті.

Қыздың ұялы телефонының қуаты таусылып, анасына қоңырау шала алмай, жылаған. Осы кезде сол маңда бір адам жолығып қалып, жолақыға ақша берген.

Атырауда төбелеске қатысқан оқушылардың ата-аналары сотта жауап беретін болды

$
0
0

Топтасып төбелескен 6 тоғызыншы сынып оқушысының ата-анасы балалары үшін сотта жауап береді, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Қаладағы мектептердің бірінің 9-сынып оқушылары төбелескен. Жанжалдан ешкім зардап шекпеген. Алайда, кикілжіңнің видеосы Интернетке шығарылған.

Төбелескендердің барлығы анықталды. Тергеу нәтижесі бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналарына ҚР Әкімшілік кодекстің 435-бабы «Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық» бойынша хаттама толтырылды.

Олардың барлығы сот алдында жауап береді», – деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. Жасөспірімдер құқық қорғау органдарының арнайы есебіне тіркеуге алынды.

Білім және ғылым министрлігі нөлінші сыныптарға арнап әліппе әзірлеп жатыр

$
0
0

Білім және ғылым министрлігі нөлінші сыныптарға арнап әліппе әзірледі. Ведомствоның мәліметінше, 2019 жылы 380 бес жасар бүлдіршін мектепке дейінгі сыныпқа барады.

Арнайы әдибиеттен басқа, мамандар тапшылығы мәселесі де бар. Түйткілді мәселе парламент мәжілісінің депутаттық партиялық Білім бағдарындағы комиссияның көшпелі мәжілісінде талқыланды, деп хабарлайды Астана арнасы.

“Қазіргі таңда Әліппенің жобасын әзірлеп, ол еліміздің 30 балабақшасы мен мектептерінде апробациядан өткізілуде. Ол тізімде Қызылорда облысындағы бір мектепте бар. Болған соң ол мәселе қоғамдық талқылауға салынады”, – дейді ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова.

“Біріншіден, осы мектепге дейінгі мекемелер мен мектеп ортасындағы байланысты орнатуымыз қажет. Нақты бірізділік болуы тиіс. Бүгінгі таңда жоғары және орта білім беру ордалары осы мектепге дейінгі білім беру мамандарын оқытып, шығарып жатқандарымен мамандар тапшы”, – “Нұр Отан” фракциясының мүшесі, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева.

Мектеп оқушысы АҚШ-тың ең үздік ғалымы атанды

$
0
0

 12 жасар Гитанджали Рао судағы қорғасын мөлшерін жылдам анықтаудың қарапайым әрі арзан әдісін ойлап тапты. Осы жетістігімен ол 2017 жылы АҚШ-тың ең үздік жас ғалымы атанды. Дереккөз: Baq.kz

2016 жылы Мичиган штаты Флинт қаласының тұрғындары қорғасынмен уланған судан зардап шеккен. Оқушы қыз тұрғындарға өзінің жобасымен көмектеспек болған. Гитанджалиге бұл идея ата-анасының суды тест-жолақшамен тексеріп жатқанын көрген соң келген.

«Бұл өте тиімді әдіс емес. Себебі, судың қаншалықты таза екенін анықтау үшін оны тестінің көмегімен бірнеше рет тексеруіңізге тура келеді», – дейді жас ғалым.

Гитанджали ойлап тапқан құрылғы көміртек нанотүтікшелерінен жасалған. Девайстағы Bluetooth-дің арқасында тест нәтижесін смартфон экранынан көруге болады.

«Алғашында тәжірибем сәтсіз болды. Бірақ артынша қателіктерімнен сабақ ала бастадым. Сәтсіздіктің табысқа жеткізер жол екенін түсіндім», – дейді ол.

Адамдар неге аз ақша табады?

$
0
0

 Ғалымдар себебін анықтады Жүктіліктің соңғы айларында және туғаннан кейін алғашқы айларды жоғары температуралардың қысымына көп түскен балалар 30 жасында қатарластарынан аз табыс табады екен. Мұны ғалымдар айтып отыр.

Зерттеушілер 1969-1977 жылдары туған 12 миллион адамға талдау жүргізген. Олардың туған жылы мен жері, жынысы, ұлты мен кіріс көлемі, сондай-ақ сол кездегі ауа райы жағдайы есепке алынған. Жүктіліктің соңғы айларында және туғаннан кейінгі бір жылда 32°С ыстықта болған балалар есейгенде аз табыс тапқан. Іштегі балалар мен жаңа туған балалар ыстыққа өте сезімтал. Себебі олардың жүйке жүйесі жеткілікті дамымаған. Сондықтан ыстық бала миының дамуына, одан кейін болашақтағы проблемалардың туындауына әсер етеді екен.

Ғалымдар адам қанының ерекше қасиетін анықтады

$
0
0
Адамның суицидке бейімдігін қанына талдау жүргізу арқылы анықтауға болады.
Нью-Йорк ғалымдары балалар мен ата-аналарға зерттеу жүргізіп, олардың денсаулығына, психологиясына, әдеттеріне, тұлғасына, әлеуметтік-экономикалық жағдайларын сараптаған.
 
Ғалымдар 34 ананың бұрын өз-өзіне қол салмақ болғанын, 39 ананың ешқашан мұндай ойы болмағанын анықтаған. Психологиялық тесттер мен бірге қандарынан сынама алып, зерттеу жасаған. Нәтижесінде бұрын өз-өзіне қол салуға тырысқан адамдардың қанындаңы BDNF мөлшері төмен болған. Бұл олардың күйзелістегі жағдайын білдіреді.

Балаларға қазақ тілін үйретуге арналған ресурс пайда болды

$
0
0

Балаларға қазақ тілін үйретуге арналған ресурс пайда болды Бала тілі сайты қазақ тілін оқып, дамытқысы келетін 5 жастан жоғары жасөспірімдерге, сонымен қатар бала тәрбиесі мен оқытуды жүзеге асырушы тәрбиешілер мен мұғалімдерге, ата-аналарға арналған. Сайт интуитивті іздеу жүйесі мен ыңғайлы классификациялау жүйесі бар онлайн платформа негізінде жұмыс істейді.

«balatili.kz» сайтында дыбыс пен әріп, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін, тұрақты сөз тіркестеріне қатысты дидактикалық оқу материалдары, сонымен бірге балалардың тілдік, жазу және дұрыс жазу, оқу дағдыларын қалыптастыру мақсатындағы оқыту материалдары қамтылады.

Оқыту мен ойынның негізінде құрылатын қазақ тілін оқытуға бағытталған кеңістік жеке немесе топпен, білім беру мекемесінде немесе үйде қолдануға болатын білім беруші интерактивті мультимедиалы мазмұнды құрайды.

Баланың жеке өзіндік жұмыс істеуіне арналған жұмыс парақтары, ұcтаздар мен тәрбиешілерге, ата-аналарға әдістеме парағы ұсынылады.

Лингводидактикалық мақсаттарына сәйкес оқыту материалдары мазмұны мен нысанына байланысты бірнеше топқа топтастырылады. Олар: «Әріп», «Дыбыс», «Сөз», «Сөйлем», «Сөз тіркестері», «Мәтін», «Санамақ», «Шығармашылық жұмыс», «Әдістемелік бұрыш».

Қазақ әріптерінің жазылуынан бастап қазақ тілінің грамматикасы мен орфографиясын меңгеруге қатысты материалдар, соның ішінде интерактивті әліппе, жас ерекшеліктеріне сәйкес аудиодиктанттар, интерактивті ойындар, тапсырмалар, каллиграфиялық дағдыларды дамытуға арналған бастырмалар топтастырылады.

Қазақ тіліне ғана тән ерекше атаулар мен сөз тіркестеріне қатысты семантикалық түсіндірмелері беріледі. Тұрақты сөз тіркестерінің мазмұнына назар аударылып, оларды қолдану ерекшеліктеріне қатысты интерактивті ойындар ұсынылады.

Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқуға арналған көркем мәтіндер, соның ішінде қызықты әңгімелер, тақырыптық өлеңдер, интерактивке негізделіп жасалған жаңылтпаштар, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер топтастырылады.

Сонымен қатар ұсынылатын мәтіннің мазмұнын түсініп, мазмұндауды, мазмұндаманы жазуды, тірек сөздер арқылы әңгіме құрастырып, өз ойын қалыптастыруға көмектесетін арнайы тапсырмалар әзірленеді. Балалардың сөздік қорын байыту арқылы қазақ тілінің қазыналы бай тілдік әлеміне жетелеу, оқу дағдысын дамыту, сөздік қорын молайту сияқты дағдыларды қалыптастыру негізгі мақсатты құрайды.

Шығарма, эссе, мәтін түзу, мәтінге тақырып қою, жазу әдістері ұсынылады. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, басып шығарып алуға болатын бояуға арналған суреттер, сурет салуды үйретуге арналған материалдар топтастырылады. Олардың мазмұны ұлттық сипатта болады. Қазақтың ұлттық киімдері, үй жабдықтары, этнографиялық атаулар мен ұғымдар, ұлттық ойын түрлері, этникалық сипаттағы ономастикалық атаулар, т.б. тақырыптарын қамтиды.

Жалпы лингвистикалық мәселелерге қатысты, балалардың ой- өрісі мен сөз байлығының дамуына, азамат ретінде қалыптасуына, тәрбиеге қатысты арнайы мамандардың мақалалары, ғылыми еңбектері, сонымен қатар балабақша мен бастауыш сыныбының мұғалімдеріне көмекші құралдар, сабақ жоспарлары жарияланып отырады.

Жаңа жыл құттықтау!

$
0
0


Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір!

Жаңа жыл мерекесі

$
0
0

 


Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар залға кіреді.
Тәрбиеші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жыл (Жаңа жылда жасыл шырша жанында, Қазақша Тәрбие сағат)

$
0
0

Жаңа жыл (Жаңа жылда жасыл шырша жанында, Қазақша Тәрбие сағат)
Жаңа жыл (Жаңа жылда жасыл шырша жанында, Қазақша Тәрбие сағат)

Жаңа Жылға арналған ертеңгілік «Ертегі әлемі»
«Балдырған» мектепке даярлық тобы

ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ

$
0
0

ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ
КҚМК №4 «Балдырған» балабақшасы

ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ
Жаңа жыл мерекесі
Ертенгіліктің мақсаты: Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету.
Пәнаралық байланыс: Музыка, тіл дамыту, айналамен танысу, би өнері.
Көрнекілігі: Сиқырлы таяқшалар, әсемделген шырша, қыс суреті,ойын өткізуге арналған құралдар

ҚАЗАҚША ӨЛЕҢ: 16 ЖЕЛТОҚСАН - ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

$
0
0


Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады. 
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға 
Азап шекті қайсар қазақ қыздары. 

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра, 
Талай қазақ гүлдерін де солдыра, 
Ел билеуге алып келді 
Колбинді Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

Егемендік – бұл елімнің елдігі,
Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік – елін, жерін қорғаған, 
Ербол менен Қайраттардың ерлігі. 


Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі, 
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін, 
Жүректерге сақтау керек үнемі.

Тақпақ: 16 желтоқсан|ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТӘУЕЛСІЗДІК

$
0
0


Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы

Тарихы терең
Тәуелсіздік


Өтсе де ғасыр,бір күннен асып бір күнің,

Басталған екен елдігің сонау жыл бұрын
.

Ордаңды тіктеп,шаңырақ көтерген кезіңді

550 деп бедерлеп жазған күн бүгін.

Есіңе салып өткеннің жолын енді күн,

Мақтан боп сосын оянды бүгін елде ұғым.

Кереге керіп,уығың берік шаншылып,

Жаңғырған екен сонда бір ұлыс,елдігің.

Ғасырмен жасап,еркін ел бүгін болсақ та,

Бүгін мен кеше: қос ұғым кетпес алшаққа.

Шаңырақ құрып,өткеніңде де тұрыпсың

Бұла күш болып,бұлықсып сыртқа сол шақта.

Іргелі ел боп,халқың да сол кез көшке ерді,

Күй кешіп текті,алдыңнан самал ескен-ді.

Мың-мыңдап қолмен оғыландарың тұрғанда,

Суырылса қылыш,сұсыңнан жауың сескенді.

Басыңнан бір кез өткізіп талай майданды,

Ұлдарың түгіл,аруда намыс қайралды.

"Жағадан жауың... тартқанда бөрі етектен",

Ұрысың салған жеңіске талай айналды.

Аруағың жебеп,ғаламат бойға күш кірді,

Дұшпаның көрді жанардан намыс-ұшқынды.

Елім деп туған еңкеймей өткен ерлерің

Жауына талай атының жалын құштырды.

Майданда ұлға Әкелер ерлік ұқтырып,

Тілеуін Ана тілеген көзде шық тұнып.

Тарихтың кейде ащысын татқан кезде де,

Қалып ең әр кез рухың сынбай тік тұрып.

Қағандар айла ұстанып сыртқа сан қырлы,

Санада ерлік сан рет қайта жаңғырды.

Отанды олар өмірімен қорғап,сонан-соң

Ұрпаққа бәрін аманат етіп қалдырды.

Уақыттың әлі көреді ұрпақ жалғасын,

Ұлтыңды дәйім бабалар жебеп қолдасын!

Болашағыңның қастерлі бағыт соқпағын

"Мәңгілік Ел" деп көрсетіп берді Елбасың.

Шуағын тағы бейбіт боп бүгін төкті күн,

Кешегі майдан,кешегі дауыл жоқ бүгін.

Қазақстан деп өзгелер жатса назар сап,

Әнұран шалқып,еңкеймей тұрсын көк Туың!

Еркіндік алып,азаттық деді ұғымың,

Тыныштық күнмен құнды боп тұр ғой бүгінің.

Қалқаның енді-ұрпаққа ұлттық тәрбиең,

Қаруың бүгін-ұрпаққа берер білімің.

Болашақ барда күтеді әлі ұлы сын,

Кеше де болған елдігің менен ұлысың.

Күн шалмас жүзін әлпештеп Ару өсірген

Тамыры терең халықтың сен де бірісің.

Тектілік мінез сезіліп әуен-сазыңнан,

Шаттығың болса күн менен түнге созылған.

Ел едің сондай,ерлікке толы шежірең

Шанақтан төгер киелі үнмен жазылған.

Өткенің болып-бабадан текті туған ең,

Бүгінің болып-Еркіндік күнді жырлап ең.

Еліңе заман оздырған сайын уақыт,

Ұлтыңды танып,мойындай берсін күллі Әлем!

16 желтоқсан|Тәуелсіздік күні: ЖЕЛТОҚСАННЫҢ МҰЗДА ЖАНҒАН АЛАУЫ

$
0
0

Сабақтың тақырыбы: Желтоқсанның мұзда жанған алауы

Тәрбие сағатының мақсаты:
Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.

Тәрбие сағатының әдісі: Әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ-жауап. 
Көрнекілік: Интерактивті тақта, желтоқсан құрбандарының суреті.
І. Кіріспе .
Қазақстан Республикасының гимні. Хор 

Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, қазақтың туын ең алғаш көтерген тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсанның мұзда жанған алауы» атты, ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз! 
Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.

- Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?
- 23 жыл толып отыр.
- Желтоқсан оқиғасына неше жыл толып отыр?
- 28 жыл.
- Тәуелсіз мемлекет ретінде біздің қандай рәміздеріміз бар?
- Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
- Біздің президентіміз кім ?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Мемлекеттік тіліміз қай тіл ?
- Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.

Осыдан 28 жыл бұрын, яғни 1986 жылы желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға Алматы жастарының ереуілі болды. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Радиодан төтенше хабардың белгісі берілді. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д. Қонаевтың зейнеткелікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды. Асығыс өткен пленум шешімі дүйім Қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті. Олардың ойы халықтың құқықтары мен проблемалары туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай сай әскерлер қарсы алды. Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт-шыт болып ұшып жатты. Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын «Құйын - 1986» деген оперативті жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал еді, алаңсыз еді. 
Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды . Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түсіп, құрбан болғандар өте көп, солардың бірі Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаммеджанова тағы басқа мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді..Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.

Ал енді осы желтоқсан оқиғасына байланысты оқушылардың тақпақтарын тыңдайық.
1 - оқушы: 
Жалғасып соғыс өрті сан ғасырға, 
Біз көрдік қас дұшпанның балтасында. 
Еліме тәуелсіздік келіп жетті, 
Мың жылдық күрестердің арқасында. 

2 - оқушы: 
Ұлан-ғайыр далам менің кеңдігім, 
Ұзақ күтті - ау елім менің теңдігін 
Ата - бабам армандаған, аңсаған 
Ұрпақтары көрді тәуелсіздігін. 


3 - оқушы: 
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді, 
Күрескерлер осы күнді көрмеді. 
Қаны менен жанын берген ерлердің 
Есімдері биіктерге өрледі. 

4 - оқушы: 
Тәуелсіздік көптен күткен бақытым 
Әзер жеткен баға бермес жақұтым 
Өркендей бер, пейілі кең қазағым 
Қалықтасын көк аспанда бақ құсым.

5- оқушы:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір 
О, Тәңірім бізді баққа жолықтыр! 
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын, 
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!...


6-оқушы:
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.

7- оқушы:
Жалғыз Отан –адамның жүрегі ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,
Ербол, Қайрат – нағыз ердің бірі еді ғой.

8 – оқушы:
Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,
Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.
Болашаққа даңғыл жол салып берген,
Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.

Ал енді осы желтоқсан оқиғасынан бейнеқойылымға назар аударайық

Арада бес жыл өткенде қыршын өлген жастарға ескерткіш орнатты. 
1991-ші жылы Қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақ елі егемен ел болды. Бұл күн талай-талай қилы заманды басынан кешіріп келген Қазақ халқы үшін ақ жарылқаған күн еді. 
1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады. 
1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды. 
1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 

- Бүгінгі балалар, тәрбие сағатымыздың қорытындысы бойынша «XXI-ші ғасыр озаты»- атты интелектуалды сайысымызды бастаймыз . Сабаққа белсеніп қатысқан оқушыны сыныбымыздың «XXI-ші ғасыр озаты» деп тағайындаймыз. 
Ситуациялық сұрақтар қою арқылы оқушылар іріктеліп шығады. 

І-ші тур 
Ситуациялық сұрақтар: 
1. Егер әкім болсаң, еліңе қандай көмек көрсетер едің? (1-мин.) 
Осы сұраққа жақсы жауап берген 5 оқушы іріктеліп алынды. 
Оқушы жауабынан: 
№1. Мен туған жерімнің табиғатын көркейтер едім. 
№2. Мен балалар бақшасын салуға көмектесер едім. 
№3. Мен ауылыма су жеткізер едім. 
№4. Мен мешіт салдырамын. 
№5. Мен барлық адамға жұмыс тауып беремін. 
Ұпайлары: Барлығы да 5 ұпайдан алды. 

2. Шешенстан жерінде соғыс болып жатқанын білесіңдер. Осы елдегі өзің сияқты құрбыңа қандай көмек берер едің? (1-мин.) 
№1. Мен кітап сыйлар едім. 
№2. мен киім беріп жіберемін. 
№3. Мен тамақ берер едім. 
№4. Мен хат жазар едім. 
№5. Мен ойыншық сыйлар едім. 
Ұпайлары: 5 ұпайдан

3. Егер сен желтоқсан оқиғасы тұсында студент болып, саналы жас болсаң, желтоқсан оқиғасына қатысуың мүмкін. Оқиғаға қатысу мақсатың не? (1-мин.) 
№1. Туған елімнің басшысы Қазақ болғанын қалар едім. 
№2. Үлкендер арасында әділетсіздік болмау үшін күресемін. 
№3. Ел басқаратын әділ басшыны қалаймын. 
№4. Тәуелсіз ел болу үшін күресемін. 
№5. Өзімнің туған тілім үшін қатысамын. 

Ұпайлары: №1-3. 5 ұпай, барлығы 15 ұпай. 
Білімділігімен алға төрт бала шықты. 
ІІ-тур. 
Сұрақ-жауап. (1-мин.) 
1-сұрақ: Қазақ батырларын ата. 
2-сұрақ: Қазақ әнұранының авторлары кім? 
3-сұрақ: Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері. 
4-сұрақ: Қазақ ғарышкерін ата. 
Ұпайлары: 5 ұпай. 
Бұл турдан үш бала алға шықты. 
ІІІ-тур. 
Мақал-мәтелдердің жалғасын табу. (Отан, ел, туған жер, батыр, ерлік туралы) (2-минут). 
№1-ге: Отан үшін отқа түс----------------(күймейсің) 
Арың үшін алыссаң---------------(өлмейсің) 
№2-ге: Ерлік пен бірлік-------------(егіз) 
№3-ке: Батыр туса---------------------(ел ырысы) 
Жаңбыр жауса-----------------(жер ырысы) 
Ұпайлары: 5 ұпай
ІV-тур. 
Халықтық педагогикаға байланысты сұрақтар. 
1-сұрақ: Жеті атаңды ата.
2-сұрақ: Бес парызды ата. 
3-сұрақ: Бес қару. 
Келесі турға екі оқушы шықты. 
V-тур. 
Оқушылардың шығармашылық ой-өрісін дамытуға байланысты, мына: Туған ел, туған жер, Отан, Қазақстан, Елтаңба, егеменді ел сөздерін кірістіріп өз ойыңды өлең-шумағы арқылы жеткіз. 
Оқушы шығармашылығынан: 
№1.Қазақстан кең байтақ, 
Туған өлкемсің! 
Қазақстан тәуелсіз ел, 
Байтақ жерімсің! 
Егеменді елдің, 
Мен бүгінгі ұрпағы. 
№2 Сүйемін туған елімді, 
Сүйемін байтақ жерімді. 
Сүйемін Қазақ халқымды, 
Сүйемін Отан анамды. 
Ұпайлары: 5 ұпай
Сонымен бүгінгі «Желтоқсанның мұзда жанған алауы»атты тәрбие сағатымыздың «XXI-ғасыр озаты» атағын --------------------- жеңіп алды. Мойынына өзіміздің ту түстес лента тағылып, мақтау қағазымен марапатталды. 
Ал, ------------------- ынталандыру жүлдесіне ие болды. 
VI. Қорытынды сөз. 
Қазақ елінің бүгінгі таңда іргелі, мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосылып, ізгі ниетті адамдар назарына ілігуі оңайлықпен келген жоқ. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен Қазақ халқы ертеден-ақ үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өтті. Олар: туған елі, жері, ана тілі. 
Сондай-ақ еліміз озды, жеріміз жаңғырды, ана тіліміз өз мәртебесін алды. Осының бәрі – тәуелсігіміздің нәтижесі. 
Міне, оқушылар мына байлақтың иесі сендер – Қазақстан Республикасының келешегі, тірегі, тілегі де сендер.

Назар аударыңыз - Байқау 2017-2018

$
0
0

Қатысушылар: 1-11 сынып оқушылары, Cтуденттерге: 1,2,3,4,5 курс студенттері
Қатысушы жұмыстарын қабылдау мерзімінің соңғы күні: 18.05.2017ж
Қорытынды уақыты: 20.05.2017ж
Ұйымдастырушы:  SABAQTAR – Ақпараттық сайты

Байқау түрлері:

Мобильді телефонның шығу тарихы

$
0
0
875 жылы 12 маусымда  Бостон  университетінің  шешендік  өнер  мектебінің  профессоры  Грехем Белл ең  алғаш рет  байланыстырушы  сымдардың  көмегімен  өз көмекшісінің  даусын  естиді.Өнертапқыш  шотландтықтың бұл жаңалығы телефон деген атпен тарихта қалады.
Бір  қызығы өнертапқыштың есімі  ағылшын тілінен  аударғанда "қоңырау" деген  мағананы білдіреді. Арада  бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды.Иллинойс  технологиялық университетінің түлегі  Мартен Купердің  өнертапқыштық бұл жаңалығын қазіргі әлем халқының жартсына жуығы күнделікті қолданып отыр.

Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы1973 жылдың 3 сәуірінен басталды.Сол уақыттары Нью-Йорк  әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды,төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелілік ұялы желі құрылды.

Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштыққа күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп,88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.Қазір  әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті.Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда.

Дереккөзі: yvision.kz 

Ғаламторда сіз туралы қандай ақпарат бар?

$
0
0
Ғаламторға өзіңіз туралы бәлендей ақпарат жазбасаңыз да, сіз туралы әжептәуір мәлімет табуға болады.
Бұған сіздің смартфоныңыздағы қосымшалар себеп. Телефоныңызда қосмышалар қаншалықты көп болса сіз туралы ғаламторға тарайтын ақпарат та соғұрлым көп. Сіз туралы ақпарат іздеген адам ғаламтор арқылы өзіне керекті біраз мәліметке қанығады
Мәселен жай ғана «гуглға» кірсеңіз сіздің тұрған жеріңіз, қандай гаджеттен кіріп отырғаныңыз, нені іздеп отырғаныңыз, немен жұмыс жасап отырғаныңыз, басқа адамдарға не жазып отырғаныңыз, қай тілде жазып отырғаныңыз, қандай музыканы жақсы көретініңіз, шетелде қаншалықты жиі болатыныңыз туралы ақпарат өздігінен пайда болады.
Әлеуметтік желілерде суреттерге «лайк» қойған сайын жарнама компанияларына өзіңіздің қандай парақшаларды ұнататыныңыз, нені ұнататыныңыз туралы ақпрат бересіз. Мұның бәрі көрінетін және көрінбейтін трекерлердің көмегімен бақыланады. Ол үшін трекерлердің сізді аңдуына тыйым салатын арнайы қосымшаларды жүктеп алуға болады.
Смартфоныңыздағы wi-fi мен Bluetooth арқылы кез келген адам сіздің қайда екеніңізді, қайда тұратыныңызды, қай жерде жұмыс істейтініңізді әп-сәтте анықтай алады.
 
Егер телефоныңыздағы қосымшалар саны 40-тан асса сіз туралы ғаламторда өте көп ақпарат бар деген сөз.

Астанада үй ауласында ойнап жүрген баланы шапалақпен ұрған зейнеткерді жазалады

$
0
0

Астанада кәмелет жасқа толмаған баланы шапалақпен ұрғаны үшін зейнеткер айыппұл төледі. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады.

“Зейнеткер Е кәмелеткен толмаған Н-ға зорлық-зомбылық көрсетіп,  басынан ұрған, бірақ денсаулығына зиян келтірмеген ”, – делінген ведомство хабарламасында.

Зейнеткер бұл әрекеттерін баланы тәрбиелеу мақсатында шапалақпен ұрдым деп түсіндірген.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 73-баптың 2-бөлімінің 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалған.

Viewing all 2282 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>