Quantcast
Channel: Все публикации пользователя admin - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 2282 articles
Browse latest View live

Ғалымдар таңғы ас ішудің басты пайдасын атады

$
0
0

Тель-Авив университетінің ғалымдары таңғы астан бас тарту семіздікке алып келіп, сусамырдың 2-типі, қан қысымының жоғарылауы және жүрек-қан тамырлар ауруларын туындататынын анықтады, – деп хабарлайды MedicalXpres басылымына сілтеп Stan.kz.

Зерттеу жұмысына артық салмақтан және сусамырдан зардап шегетін 18 адам, одан бөлек дене салмағы қалыпты 18 адам қатысқан. Тест өткен күндердің бірінде олар таңғы ас пен түскі ас ішсе, келесі күні тек түскі ас берілген. Бұл уақытта спецификалық ақуыздар концентрациясын анықтау үшін қатысушылардан қан алыныпты. Сонымен қатар сараптама арқылы ас қорытумен байланысты гендердің белсенділігін анықтамақ болған. Сараптама  жасау барысында глюкоза, инсулин, глюкагон тектес пептид-1 мен дипептидилпептидаз-4 анықталған.

Мамандардың тұжырымы бойынша, таңғы ас ішкен кезде белгілі уақытта ғана іске қосылатын гендер дұрыс экспрессияланады екен. Өз кезегінде ол дене салмағын, қан қысымын, эндотелий қызметін бақылауға көмектесіп, ұмытшақтықтың алдын алады.

Таңғы ас ішпеген адамдардың қанында қант мөлшері жоғарылап, инсулинге деген сезімталдық төмендеген. Адамдар артық тамақ жемесе де, семіздікке бейімделе түсіпті.


ҚАЗАҚША ШЫҒАРМА: 16 ЖЕЛТОҚСАН - ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ (ТӘУЕЛСІЗДІК - 20 ЖЫЛ)

$
0
0


Қазақша шығарма: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік - 20 жыл)

«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.»
(Н.Назарбаев)

Жоспар:
Кіріспе
Жаңа ғасырға аяқ басқан жаңа Қазақстан.
Негізгі бөлім
1.Тарих беттерін парақтасақ…
2.Ұмтылмайды Желтоқсанның ызғары.
3.Менің бар бақытым-қасиетті Отаным.
Қорытынды
Қазақстан тәуелсіздігі мәңгілікке.
Адам баласы, адамзат қоғамы қашанда алдағы болатын оқиғаны әрі аңсай, әрі абыржи тосқан ғой. Әсіресе, ғасыр, мыңжылдық сынды,тарихта өшпес ізі қалатын межелі кезеңдер таянғанда қатты қобалжығаны рас. Үшінші мыңжылдыққа аяқ басу үшін де бір ғасыр бойы дұрыстап әзірленіп, әр қилы милленаристік қозғалыстарды бастапты. Сарыуайымшылдар қауымы: «Киелі кітапта айтылатын қиямет-қайым деген орнаса, осы жолы орнайды. Жасаған күнәміз,істеген жаман істеріміз шашымыздан да асып кетті. Ол үшін күллі адамзат болып жауап беретін кезіміз енді келді», – деп қорқыпты. Қиялшылдар қауымы: «Жаратқанның жердегі,ақ желкенді кемемен жақсылық жағасына асыққан үмбетін тегіс жарылқайтын заманы енді орнайды. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман орнауын талай күтсек, енді сол заманға аяқ бастық», – деп қуаныпты.
Сөйткен жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдық келді.Сол ғасырдың қызығын көріп өмір сүріп жатқан біз бір пендеміз.Сәуегейлер қанша құйқылжытқанмен, әзір бәрі бәз-баяғысынша. Таң орынынан атып тұр. Күн орынынан батып тұр. Қиямет-қайым болған жоқ. 
Адамзат жиырмасыншы ғасырдың табалдырығын неше түрлі әлеуметтік алақызбалыққа ұрынып, еліре аттапты. Енді сол өткеннің бәрі су сепкендей басылды. Тәңірім, жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдық табалдырығынан аттап отырған біздерді де қай-қайдағы әулекіліктерге ұрындырмай, етек жиып, ес түгендеп алуымызға мұрша бергізгей.Алтын уақытымыз тәуелсіз елдік бейбіт күндеріне ғана жұмсалсын деп тілейміз.
Төңірегімізге осы тұрғыдан көз тастасақ, көкте бір Тәңірге, жерде бір өзіңе ғана сеніп, көреміс жарықты көріп, бұйырмыс ырзықты татып, сүйгізген ұрпағын сүйіп, өлшеулі ғұмырға пейіл болудан басқаның бәрі күпірлік екендігіне көзіміз тегіс жете бастағандай. Оған да «шүкір» дейміз. Көңілге медет қыларымыз тек бір бұл емес. Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар. Өйтіп, біреуді көріп шүкір етіп, біреуді көріп пікір ету үшін де өткенге ой, бүгінге көз жіберуге тура келді. Ол үшін, ең алдымен, бір сауалға – бұл күнге қалай жеттік? – деген сауалға жауап іздеуіміз қажет сияқты.
Егер біз сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен көз жүгіртіп байқасақ, ежелден–ақ ата-бабаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Отанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы — Тұмар падишаның ерлік істері. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат. Сонда енді не бар?!» деп тұрсыңдар ғой… Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді-жерімді қорғадым, — деген Тұмар падиша осындай байтақ та бай дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғағаны сөзсіз. «Тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас» — деп қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан,ержүрек батыр қыздардың Қазақ топырағында болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді.Сол аға-апаларымызды еске алсақ біз олармен мақтанамыз,ерліктеріне сүйсіне қараймыз.
Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар,кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата-қонысының (этникалық территориясын) қалыптасуын; ұлттық мемлекттігіміздің бастауы – Қазақ хандығының құрылуы мен дамуын; өзі отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын ойлап,жау қолына тойтарыс берген хандар мен оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кеңес берген,кемшілікті айта білген ұлы билер дәстүрлерін; ата-бабаларымыздың елімзге,халқымызға тән өзіндік шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, таңғажайып этномәдени үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке қосқан алып үлесін, батырларымыздың жер мен ел тәуелсіздігі мен ата-қоныс тұтастығын сыртқы,тіпті қала берді ішкі жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға болады.
Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты талатын осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Ата жауымыз болған сан жылдық қарсылас жоңғарлардан даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі туралы дәстүрлі тарихи жырлар Исатай, Махамбетке байланысты мұралар, Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр-дастандар біздің ұлттық сана-сезімімізді көтереді.
Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды. Қазақтың соңғы ханы Кенесары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді. Қаша ұрыс салып жүргенде қапы кетті. Ханның басы қанжығада кете барды…
Ата дініміз ислам болғандықтан, мұсылмандық сабырлықпен, ұстамдылықпен соғысқан Кенесары жауынгерлері әуелі «Алла» деп, содан кейін «Абылай», «Ақжолтай» деп, өз ерлерінің қадірін бағалай біліп, ұранға айналдырғаны мәлім. Әруақтарын ұран қылғанда ол есімдерге Алланың ерекше нұры түскенін мойындап, сол арқылы сол кезде қажет рухани күштің әсерін сезінгендері белгілі. Бізге бүгін қажет жігерліктің, батырлықтың, біліктіліктің, адалдықтың, Отансүйгіштіктің мысалдары өткен тарихи оқиғаларымызда жатыр.
Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай Қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады.Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екні сөзсіз.

Айдын шалқар, күміс сулы бұлағым,
Жасыл –желек ат көрінбес құрағым.
Мыңғырған мал даласында жайылған,
Бабалардың болған сондай тұрағы.
Бұхар, Қоқан бұл байлыққа қызықты,
Орыс патша арам ойлы бұзықты.
Қорған салып, жерін алып, қуса өзін,
Сонда көрген сорлы Қазақ шыжықты.
Қазақта жер қалмады патша алмаған,
Елін, жерін, малын тегіс жалмаған.
«Қойға тиген қасқырдай» боп қазақтың,
Отаршылдық қыр соңынан қалмаған…

Халық басына осындай қиын-қыстау заман зары туған шақта, Қазақ қауымының бас көтерген батыр да ержүрек перзенттері елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалды.
Абай, Шоқан, Ыбырай дәуірін қылыштан гөрі қаламның қуатты екенін дәлелдейді. XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басын ала бере тарих сахнасына қазақтың оқығандары шықты. Ол кезде Отанымызда кеңестік кезең орнаған еді. XX ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысында күшейген Сталиндік әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамның тарихи заңдылықтарына қайшы келетін эксперименттер жасағанын бірінші кезекте айтар едік. Олар бүкіл КСРО-ны, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды Бұл эксперименттердің басты бағыттары мынадай болды: ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және соның негізінде байлар мен ауқатты шаруаларды тап ретінде жою; аса тез қарқынмен елді индустрияландыру (бұл шара негізінен колхоздарға зорлап кіргізілген шаруаларды аяусыз қанау есебінен жүргізілді); мәдени-рухани салада, демографиялық саясатта, ұлт мәселесінде жергілікті (ұлт аймақтарындағы) халықтарды орыстандыру; қоғамдық саяси өмірдің негізгі салаларында тек қана комунистік идеологиялық үстемдігін орнату.
Осылардан туындайтын және басқа да ірілі-ұсақты шаралар болды.Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырған халыққа жат саясат аса зор, қасіретті зардаптар әкелді: жаппай отаршылдықтың салдарынан Қазақ халқының жартысына жуығы қырылды; өзінің атамекенінен басқа елдерге ауа көшті, тіл мен діл, дін мен ұлттық сезім, таным жойыла бастады;қазақ халқы өз жерінде ұлттық азшылыққа айналды…
Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдар алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды. Сұлтанмахмұттың «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз» деп жапанға жар салатын кезінде ұлт зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел боламыз?- деп ойын он саққа, қиялын қырық саққа жүгіртіп еді. Сонда Әлихан Бөкейхан «Автономия, бізге керегі – автономия!» деп қайта-қайта шырылдап, телеграмма салумен болды. Сондағы ойы «мемлекет құрып алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының бәрі болады» деген асыл арман-ды. Қазақ автономиясын жариялағанда алаштың арыстары «міне, ел болдық, еркіндік өз қолымызға тиді» деп бөркін аспанға атты. Алайда, бұл қуаныш ұзаққа бармады. Қазақтың еркіндігінен қорыққан қызыл империя көсемдері алаш туы астына бірікендердің бәрін біртіндеп құртты. Ең алдымен Жүсіпбек Аймауытовты атты. Қалғандарын, қияндағы Шәкәрімнен бастап қаладағы Қазақ оқығандарын түгел қырды. Мұстафа Шоқай шетел асты… Алашорда партичсына мүше болғандардан жалғыз Мұхтар Әуезов қана аман қалды… Алаш деген сөзді тарихи санадан өшіру әрекеті басталды. Дүниедегі ең жек көрінішті сөзге айналдыруға тырысушылардың «еңбегі» зая кеткен жоқ. Әлі күнге дейін кейбіреулер алаш дегенде селк ете қалады… Қазақтың өз билігі өз еркінен кеткен соң қара халықты қалай қорлаймыз деп қызыл империя аса қиналған жоқ.
… 32-33-тің ашаршылығы қолдан жасалды.
… 36-37-нің қырғыны әдейі істелді.
1937-1938 жылдары яғни, бір жылдың ішінде 125 мың Қазақ зиялысы қырылған. Жоғары білімді қазақтың бетке ұстайтын азаматтарының бар кінәсі — көзі ашық болғаны, өз ұлтының намыс-сезімін жақтағандары ғана. Бүгінгі ұлттық сана-сезіміміздің құны осыншама құрбандықпен келгенін есте сақтағанымыз жөн болар еді. Осы асыл азаматтардың үзілген жас, қыршын өмірлері, орындалмаған үміттері, армандары бізге аманат сияқты болып көрінеді.
«Мен үшін Отаныма адал солдат болудан артық бақыт жоқ», — деп Ислам Жеменей айтқандай, Отан қорғау жолында 1941-45 –ші жылдары ең көп қырылған Қазақ солдаттары еді. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 196 мың адам қару асынып, майданға аттанды. 700 мың адам еңбек армиясының сапында болды. Соғыстан тек 410 мың Қазақстандық жауынгер ғана оралды.
Осыншама нәубеттің ішіндегі ең сұмдығы – 1949 жылдан Қазақ халқы атом полигондарының сынағына тасталды. Қазақ қоян құрлы болған жоқ. XX ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел Қазақ көрген азапты көрген жоқ. Аяулы Отаным — Қазақстан – ядролық қарудың қасіретін әлем бойынша ең көп тартқан ел. Оның талай ғасырға жететін тарихын қозғасақ, бабалардың басынан кешкенін көзге елестетсек, көздің жасын тия алмаспыз. Қазақстан ядролық инфрақұрылымнан құтылуды әлемге айғақ еткен, әлемге Қазақстанды бейбітшілікті сүйетін ел ретінде танытқан, еліме тәуелсіздіктің туын желбіреткен елбасы Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз ұшан-теңіз. Атом сынағынан аман өттік, бұл заманға да жеттік. Аяулы Отаным — Қазақстан жерін бабаларымыз ерлікпен қорғап бізге қалдырған, кейінгі ұрпағыма «Асыл мұрам, ал балам» деп айту үшін, бізге тұтас уланбай, жоғалмай, өртенбей, сынбай-жанбай, ауыр азап, қиын-қыстау кезеңдерді бастарынан өткізген екен. Халқымыз сол заманнан бері –ақ, елінің елдігін, жерінің байлығын сақтап қалу жолында талай ержүрек, ақылды, шешен де білгір азаматтарының бастауымен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген қағидаларды сақтап, «Абылайдың ақ жолы», «Нұрсұлтан ағамыздың нұрлы шапағатына» ұласып отырғанын көріп отырмыз. Әрбір адам баласын тіршілік етіп, өзін-өзі асырап отырғаны, ұрпағын қалдырып, дамып жатқаны осы Отанның арқасында. Отан сүйгіштік кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен өмір тәжірибесін халық мүддесінің игілігіне,кір жуып кіндік кескен жеріне деген ыстық махаббаты оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім.
Мәселен, М. Әуезов «Отан –анам. Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іскер күшім жоқ», дейді. Ал, В.А.Сухомлинский: «Отан — өз бесігің, өз үйің, өз бесігіңді ұмытпа»,- дейді. (4,254 б). К.Г. Паустовский: «Адам жүрексіз өмір сүре алмайтын болса, Отансыз да өмір сүре алмайды.», — дейді. И.С. Тургенев: «Отансыз бақыт жоқ, кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы — туған жер», — дейді. (5, 489б). Ал, Ж.Ж. Руссо: «Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспеншілік туғызған»,- дейді. Ф.М. Достоевский: «Өз Отаныңның мүддесін қорғап, өміріңді құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ», — дейді. (6, 101б). Л.Н. Толстой: «Отан халықтың өткені мен бүгіні және келешегі», — дейді. (3, 287б). Осындай небір ұлағатты, қасиетті сөздер көзі ашық, көкірегі ояу азаматқа рух берері сөзсіз. Қаны қандас, тілі тілдес, дініміз де тіліміз де бірдей бауырлас аға мыз Расул Гамзатов өзінің әкесінде Шамильдей ерлерінің бір хатының сақталғанын айтады. Онда былай деген екен: «Менің таулықтарым! Өздеріңнің жалаң жабайы жартастарыңды сүйіңдер, оны сақтаңдар, ол үшін күресіңдер. Сендердің қылыштарыңның шыңылы менің бейіттегі ұйқымды тәтті қылар». Ал, Отансүйгіштік туралы айтылған ақын тебіреністері де бірінен-бірі асып түседі. 

«Отанның намысы үшін оттан қашпа,
Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа.
Тайсалма бар Отанның құрбаны бол,
Өмірің орынсыз боп кетпес босқа».
О, дариға, алтын бесік — туған жер,
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр

Отан!
Қайсар ар-намысым, жайсаң іңкәр шапғым
Перзентке жүктеген қорғанысын,
Сен намыстың ну қалың орманысың.
Сол үшін шыңнан заңғар атағың
Тұлғасына табындырған,
Алыс жүрсем сабылтып, сағындырған,
Менің ұлы әкем сенсің, Отаным! 

– деп Мұхтар Шаханов жырлаған. Қайсар ар-намысты аға ұрпақ кеңес үкіметі жылдарында, атап айтқанда, 1929-1931 жылдары, Қазақстанды күштеп ұжымдастыруға қарсы 370-тен астам көтерілістер мен әртүрлі деңгей мен көлемдегі қарулы қарсылықтар ұйымдастырды, ал, 1917 жылғы Қазан революциясына дейін халқымыз отарлық езгіге қарсы 400-ден астам ктерілістерге шығып, наразылықтар көрсетті. Осындай азаттық күрестің басында халқымыздың ортасынан қайнап шыққан ірі-ірі тұлғалар болды. Солар көрсеткен үлгі, сеппкен ұрық бір ұрпақтан екінші ұрпаққа табиғи түрде ауыса келіп, 1986 жылғы желтоқсанда жаңғыруына әкелді. Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың өлместігін жарқын түрде дәлелдеді.
1986 жылғы желтоқсанда елде жария етілген қайта құрудың 20-шы айы өтіп жатқан-ды. Құқықтық мемлекет құрамыз дегенге сеніп, Горбачевтік «сәуір тезистерінің» тың идеяларымен жігерленген Қазақ жастары орталықтың бұрынғыша өктемдігіне келіспеушілігін білдіруге митингілер, шерулер өткізіп алаңға шықты. Қылышынан қаны тамып, жарты әлемді билеп тұрған қызыл империя кеңестік коммунистік партия кезеңінде Қазақ жастарының ұлттық намысн ту етіп, отаршылдыққа қарсы алғаш жойқын бұлқыныс танытуы Мәскеудегі өктемшіл шовинистердің төбесіне жай түсіргендей әсер етті. Өйткені, уысындағы қол бала іспеттес көптеген ел бұдан «үлгі-өнеге» алып, ол өрт қаулай түссе, халдерінің мүшкілденетінінен қауіптенді. Оны олар алдын-ала сезді де, басқыншылық әрекеттерге, фашистік қатыгездік қадамдарға да көз жұма барды. Әділдіктің салтанат құруын сұраған жалаң қолды бейбіт жандардың тілектеріне құлақ асқысы келмеген озбыр орталық жүйесі жүректері тітіркенбестен мұздай қаруланған әскермен шеруге шыққандарды аяусыз жаншыды, итке талатты, бас-көз жоқ ұрып соқты. Кремльден кесепатты бұйрықтың пәрмені солай аласапыран құбылды.
Қазақ жастары Алматыда, Талдықорғанда, Ақмолада, Орталық Қазақстанның бірнеше елді мекендерінде тоталитарлық билік жүйесіне қарсы көтеріліп, өкіметке саяси талаптар қойды. Желтоқсан көтерілісі сол кездегі кеңес одағының керегесін шайқалтып, КСРО-дағы ашық демократиялық үрдісінің негізін қалаушы оқиғалардың бірі болды. Белгілі ән-өлеңінде айтылғандай, «желтоқсан гүлді солдырып, нұрды оңдырып, көңілде мұңды із қалдырып» қана қойған жоқ, сонымен бірге және ең маңыздысы – халқымыздың ең алдымен жас буынның ұлттық санасын оятумен, ұлттық намысын көтеруінде болды. Ол еліміздің тәуелсіздік алуының алғышарттарын дайындауға қызмет етті. Қатыгездігі мың батпан солақай саясат орын алған соң, жүздеген еркіндік аңсаған ақ ниетті жас азаматтар алаштың арманын асқақтатып, кеудемсоқтықты көксегендерге ойсырата соққы жасады. Мұндай тегеурінді қарсылықтың болуы тиіс емес деп есптейтін кеудесіне нан піскен КОКП төбе шашы тік тұрып, «бұл нағыз Қазақ ұлтшылдығы» деп апыл-ғұпыл баға беріп тастады. Олар үшін, әрине, бұл оп-оңай шаруа. Ал, сонда халық намысын қайда қоймақпыз? Орталық партия комитетіндегілер Қазақ жастарының Респубика алаңына шығуын нашақорлардың, маскүнемдердің әрекеті деп жалпақ жұртқа жария етті. Уақыт өте өздері ушықтырып, күш қолданғандықтарын бүркемелегісі де келді. Бұл үлкен оқиғаны тент ектік әрекетке балауы көрсоқырлық еді. Көп ұзамай шындықтың бет пердесі ашылды. Оған көзі жеткен кеңес одағының тізгінін ұстаған серкелер «қазақ ұлтшылдығы» деген КОКП шығарған қаулының, яғни, Қазақ халқына жабылған жаланың күшін жоюға мәжбүр болғаны белгілі. Жазықсыз, қиянатпен жоғары оқу орындарынан шығарылған, сотталған сан мыңдаған қыз-жігіттер кейін ресми ақталды. Бірақ, олардың жүректерінде қалған қаяу, сызат-дақ кете қойды ма екен?! Талайы зардабын шегіп, қасіретін тартты. Қаншама өрімдей жасөспірімдер қанаты қайырылса да намысын жерге таптатпай, еңселерін биік ұстады. Бірақ, сырын сыртқа шығармай, шерін тарқата алмай іштен тынды. Заман райы солай болды. 1991-жылы Қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. Шын бағасын иеленбеген желтоқсан көтерілісін жай оқиға деу қиянат екенін дауыстап айтуға мұршамыз келеді.
Мұстафа Ататүрік айтқандай, «шынжырларды балқытып, тәжбен тақты күйрететін күшті нұр- ұлттық егемендігімізге қолымыз жетті».

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! 

– деп ақын жырлағандай, желтоқсанның мұзға жаққан алауы, 1991- жылы 16-желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт десек те болады. Әрине, қарапайым ұғымда. Ал, мұны дүниенің жаратылысымен тарих дөңгелегінің заманалар белесіндегі қасиетімен даралап айтсақ, Қазақстан тарихында бұл дата ешқашанда ұмытылмайтын, бақытты баға сымен халқымыздың есінде мәңгілік сақталып қалары анық.
Тәуелсіздік — халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік — халықтың тойы, елдің тойы. Қалың Қазақ, алты алаш туған күн, мерейтой.
«Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 15 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды. (9,1 б). Туған Отанымыз жер жүзілік қауымдастықтың терезесі тең мүшесі ретінде демократиялық өрениетті даму жолына түсті. Үш ғасырға созылған ата-бабамыздың арманының жүзеге асқаны, оған өзімнің куәгер болғаным – мен үшін шексіз қуаныш. Мен өз халқымның ешкімге нақақ қиянат жасамағанын мақтан етемін, ал, қиянат жасамағанға Алланың көзі түзу. Біздің қолымызда қанның емес, тердің иісі бар. Демек, біз — жасампаз халықпыз.

Отан, Отан бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен!

- деп өткен ғасырда жүрегінен сыздай жырлаған жырлаған ақын сөздері бүгінгі ұрпақтың санасында өшпестей жаңғырып тұрады: қасиетті Отан ұғымы – қандай кезде де, қандай қиындық пен қуанышта да, тіпті отаршылдықтың тар қапасында тұншығып жатқанда да, ел басына күн туған аласапыран шақтарда да, және бүгінгідей тәуелсіздіктің бейбіт те шуақты күндерінде де — әрқашан да бәрінен де биік тұрады.
Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. XXI ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай, қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз жылдық, әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі мен еңбегін хақ тағала баянды еткей!
Енді асқақ Отан деген ұғымға кең құлаш жайып бір тоқталып кетейінші.
Отан… Атамекен… Атажұрт… Тарих… Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды…
Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.
Қазақстан — Қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.
Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да Қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі.
Дегенмен, жер бедерінде, негізінен, жазық далалы, шөлді және шөлейт аймақтар басым. Олардың арасында Сарыарқа мен Үстірт, Тұран ойпаты мен Батыс Сібір ойпаты, Мойынқұм мен Бетпақдала ұлы өңірлері бар. Таулы аймақтар республиканың оннан бір бөлігін алып жатыр. Оларға Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань тау жоталары кіреді. Ірі өзендер: Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл.
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының түкпірінде орналасқан. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте Ресеймен, оңтүстікте, оңтүстік-батыста Орта Азия республикалары Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен, оңтүстік-шығыста және шығыста Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы –13034км. Қазақстан аумағының көлемі – 2 млн. 714,9 мың шаршы км. Оған Батыс Еуропаның Франция, Португалия, Испания, Италия, Греция, Норвегия және Финляндия мемлекеттері түгел сыйып кетер еді. Міне, Қазақ даласы – кең байтақ! Қазақстан жер көлемі жөнінен Ресей, Қытай, АҚШ, Австралия мен Үндістаннан кейін алтыншы орын алады. Сондығынан ғой, күмбір – күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда – «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы – күншілік,» — деп толғаған.
Дала төсінде жаңа өмір шуағын төгеді. Оның бауырындағы буырқанған жасампоз өмір тіршіліктің тоқтаусыз соғып жатқан жүрегіндей. Еңбеккері маңдай терін тамшылата төгіп жатса, сыршыл ақыны:

Боз жорға, боз інгенді, боз торғайлы,
Боз дала, ием саған, боз басымды! 

– деп жүрек лүпілімен суарылған ақ қанатты жырына қосады. Ғылым адамзатқа қанат бітірді, ғаламат істерге бастады, ғажайып жаңалықтар ашты. Соның куәсі – адам көкзеңгір ғарышқа қадам басты, айға қонды, жұмыр жерді аялай айналып ұшты. Ал ғарышқа жол – Байқоңырдан от алғанын мақтан етпейтін кім бар? Ғарышқа қадам жасаған елдер қатарында біздің еліміздің де еңсесі биік, жалауы жоғары. Ғарышта елдің намысын мәртебелеп мерейін асырған, Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев егеменді елдің ғарышкерлері. Сондықтан ғой қай елдің адамы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиеттісі, ең аяулысы – Анасына балайды. Ғаламындағы ғажап тіршілігінің қасиетті мекенін сүймейтін адам болмайды.
«Отан – оттан ыстық», «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» — деп түйген халықтың қаһарманы Бауыржан батыр: «Отаның үшін отқа түс күймейсің», — дейді. Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға арқау болған батыр ұл – қыздары толып жатыр. Олар – атамекенін, туған елін жан аямай қорғап, ата- бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарғандар.
Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған. Батырлар жырындағы: 

Атам күйеу болған жер,
Анам келін болған жер,
Кіндік қаным тамған жер, 

- деген қарапайым жолдарда адамның туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігі мен терең де ыстық сезімі тамаша бейнеленген.
Қазақ батыр халық, ержүрек халық, намысшыл халық. Ел басына қиын – қыстау күн туғанда ерлері намыс отын жағып, туған топырағын қасық қаны қалғанша қорғағанына өткен тарих куә, кешегі сұрапыл заман куә.
XX ғасырдың сүргінін бастан кешіп, жаңа мыңжылдықтың табалдырығын жаңғырған қалпында аттаған Қазақстан өзінің барша төлтума болмысын, жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт-дәстүрін, қызық та қилы-қилы тарихын әлем халықтарының алдына жайып салып, құлдығы мен зорлығы жоқ жаңа өмірді жаңғырту үшін, еңбек пен мәдениетті жарастыру үшін, сұлулық пен парасаттың салтанат құруы үшін, жаппай келісімі жарасқан прогрессивті адамзатпен бір сапта болу үшін жаңаша өмірге қадам басты.
Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты. Бүгінгі Қазақстан — өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікіріне әлем саясаткерлері ықылас қоятын болды.
Егемендік алған жылдар ішінде өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын мемлекет құрылды, оның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі қамтамассыз етілді. Конституциялық жолмен мемлекеттік және саяси билік құрылымдарын жаңарту негізінде елдің демократиялық жолмен дамуының берік іргетасы қаланды. Елдің ішкі экономикалық жүйесі түбірімен өзгеріп, дамыған өркениетті елдердің ешқайсысынан кем түспейтін нарықтық қатынастар мен институттар құрылды. Соның негізінде Қазақстан дүниежүзілік экономикада өз орны бар елге айналды.
Он бес жыл ішінде Қазақ халқының ұлттық санасы жаңғырып, өзін — өзі тану, өзінің бай ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін құрметтеу, ұлы тұлғаларын бүкіл дүниеге таныту, бай рухани қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруалар атқарылды.
Ең бастысы, Қазақ халқымен бірге әр түрлі этностардың да отаны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық мәдениеттер мен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді.
Бүгінде Қазақстанның негізгі ұлтын Қазақ халқы құрайды. Одан кейін славян халықтарының өкілдері орыс және украин халықтары. Сонымен қатар ең елеулі этносты құрайтындар өзбек. немістер және татар халықтары. Осы біздің елдегі халықтар басын біріктіріп, олардың ұлттық тегіне қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол еліміздің Ата Заңы, Конституциямыз.
Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған, қаншама мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас Қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде.

Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығү бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», — деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.
Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тәң барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды.
Жыл сайынғы ел Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Елбасы өз Жолдауында ішкі саяси мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. Саяси жүйені жетілдіруде құқықтық реформаның маңызды рөл атқарылатының, құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша құқық қорғау органдары функцияларындағы орын алған жағымсыз факт орлардан, сондай-ақ құқық қорғау жүйесі қызметіндегі мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалардан арылудың қажеттігін атап көрсетті.
Елбасы өз Жолдауында құқық қорғау жүйесін реформалаудың бағыттарын көрсетіп берді, олар – құқық қорғау жүйесін оңтайландыру, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін белгілеу, заңдарды ізгілендіре отырып сапасын арттыру, құқық қорғау жүйесінің қызметінде ішкі ведомстволық мүддеден азаматтардың құқық пен мемлекеттің мүддесін қорғауға ауыстыру. Парламенттік және қоғамдық қатал бақылауды қамтамасыз ету, құқық қорғау органының қызметінде есептілік пен бағалау жүйесін жетілдіру. Сондай-ақ, қазіргі күнде жүзеге асырылып отырған қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолданудың сотқа берілуі азаматтардың конституциялық құқықстарының сақталуының кепілі болып, сот жүйесінде қолдануда жақсы қорытындыларын көрсетуде.
Жолдауда айтылған бағыттарды жүзеге асыру сот жүйесіне деген халықтың сенімін арттыру біздің міндетіміз.Жиырма жылдық бізге тек бақыт пен ырыс алып келсін.Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын.Еуразияның кіндігі қасиет қонған Астана гүлденіп жайнай берсін.

Тақпақ: 16 желтоқсан|ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТӘУЕЛСІЗДІК

$
0
0


Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы

Тарихы терең
Тәуелсіздік


Өтсе де ғасыр,бір күннен асып бір күнің,

Басталған екен елдігің сонау жыл бұрын
.

Ордаңды тіктеп,шаңырақ көтерген кезіңді

550 деп бедерлеп жазған күн бүгін.

Есіңе салып өткеннің жолын енді күн,

Мақтан боп сосын оянды бүгін елде ұғым.

Кереге керіп,уығың берік шаншылып,

Жаңғырған екен сонда бір ұлыс,елдігің.

Ғасырмен жасап,еркін ел бүгін болсақ та,

Бүгін мен кеше: қос ұғым кетпес алшаққа.

Шаңырақ құрып,өткеніңде де тұрыпсың

Бұла күш болып,бұлықсып сыртқа сол шақта.

Іргелі ел боп,халқың да сол кез көшке ерді,

Күй кешіп текті,алдыңнан самал ескен-ді.

Мың-мыңдап қолмен оғыландарың тұрғанда,

Суырылса қылыш,сұсыңнан жауың сескенді.

Басыңнан бір кез өткізіп талай майданды,

Ұлдарың түгіл,аруда намыс қайралды.

"Жағадан жауың... тартқанда бөрі етектен",

Ұрысың салған жеңіске талай айналды.

Аруағың жебеп,ғаламат бойға күш кірді,

Дұшпаның көрді жанардан намыс-ұшқынды.

Елім деп туған еңкеймей өткен ерлерің

Жауына талай атының жалын құштырды.

Майданда ұлға Әкелер ерлік ұқтырып,

Тілеуін Ана тілеген көзде шық тұнып.

Тарихтың кейде ащысын татқан кезде де,

Қалып ең әр кез рухың сынбай тік тұрып.

Қағандар айла ұстанып сыртқа сан қырлы,

Санада ерлік сан рет қайта жаңғырды.

Отанды олар өмірімен қорғап,сонан-соң

Ұрпаққа бәрін аманат етіп қалдырды.

Уақыттың әлі көреді ұрпақ жалғасын,

Ұлтыңды дәйім бабалар жебеп қолдасын!

Болашағыңның қастерлі бағыт соқпағын

"Мәңгілік Ел" деп көрсетіп берді Елбасың.

Шуағын тағы бейбіт боп бүгін төкті күн,

Кешегі майдан,кешегі дауыл жоқ бүгін.

Қазақстан деп өзгелер жатса назар сап,

Әнұран шалқып,еңкеймей тұрсын көк Туың!

Еркіндік алып,азаттық деді ұғымың,

Тыныштық күнмен құнды боп тұр ғой бүгінің.

Қалқаның енді-ұрпаққа ұлттық тәрбиең,

Қаруың бүгін-ұрпаққа берер білімің.

Болашақ барда күтеді әлі ұлы сын,

Кеше де болған елдігің менен ұлысың.

Күн шалмас жүзін әлпештеп Ару өсірген

Тамыры терең халықтың сен де бірісің.

Тектілік мінез сезіліп әуен-сазыңнан,

Шаттығың болса күн менен түнге созылған.

Ел едің сондай,ерлікке толы шежірең

Шанақтан төгер киелі үнмен жазылған.

Өткенің болып-бабадан текті туған ең,

Бүгінің болып-Еркіндік күнді жырлап ең.

Еліңе заман оздырған сайын уақыт,

Ұлтыңды танып,мойындай берсін күллі Әлем!

16 желтоқсан|Тәуелсіздік күні: ЖЕЛТОҚСАННЫҢ МҰЗДА ЖАНҒАН АЛАУЫ

$
0
0

Сабақтың тақырыбы: Желтоқсанның мұзда жанған алауы

Тәрбие сағатының мақсаты:
Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.

Тәрбие сағатының әдісі: Әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ-жауап. 
Көрнекілік: Интерактивті тақта, желтоқсан құрбандарының суреті.
І. Кіріспе .
Қазақстан Республикасының гимні. Хор 

Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, қазақтың туын ең алғаш көтерген тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсанның мұзда жанған алауы» атты, ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз! 
Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.

- Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?
- 23 жыл толып отыр.
- Желтоқсан оқиғасына неше жыл толып отыр?
- 28 жыл.
- Тәуелсіз мемлекет ретінде біздің қандай рәміздеріміз бар?
- Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
- Біздің президентіміз кім ?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Мемлекеттік тіліміз қай тіл ?
- Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.

Осыдан 28 жыл бұрын, яғни 1986 жылы желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға Алматы жастарының ереуілі болды. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Радиодан төтенше хабардың белгісі берілді. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д. Қонаевтың зейнеткелікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды. Асығыс өткен пленум шешімі дүйім Қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті. Олардың ойы халықтың құқықтары мен проблемалары туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай сай әскерлер қарсы алды. Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт-шыт болып ұшып жатты. Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын «Құйын - 1986» деген оперативті жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал еді, алаңсыз еді. 
Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды . Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түсіп, құрбан болғандар өте көп, солардың бірі Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаммеджанова тағы басқа мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді..Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.

Ал енді осы желтоқсан оқиғасына байланысты оқушылардың тақпақтарын тыңдайық.
1 - оқушы: 
Жалғасып соғыс өрті сан ғасырға, 
Біз көрдік қас дұшпанның балтасында. 
Еліме тәуелсіздік келіп жетті, 
Мың жылдық күрестердің арқасында. 

2 - оқушы: 
Ұлан-ғайыр далам менің кеңдігім, 
Ұзақ күтті - ау елім менің теңдігін 
Ата - бабам армандаған, аңсаған 
Ұрпақтары көрді тәуелсіздігін. 


3 - оқушы: 
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді, 
Күрескерлер осы күнді көрмеді. 
Қаны менен жанын берген ерлердің 
Есімдері биіктерге өрледі. 

4 - оқушы: 
Тәуелсіздік көптен күткен бақытым 
Әзер жеткен баға бермес жақұтым 
Өркендей бер, пейілі кең қазағым 
Қалықтасын көк аспанда бақ құсым.

5- оқушы:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір 
О, Тәңірім бізді баққа жолықтыр! 
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын, 
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!...


6-оқушы:
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.

7- оқушы:
Жалғыз Отан –адамның жүрегі ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,
Ербол, Қайрат – нағыз ердің бірі еді ғой.

8 – оқушы:
Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,
Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.
Болашаққа даңғыл жол салып берген,
Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.

Ал енді осы желтоқсан оқиғасынан бейнеқойылымға назар аударайық

Арада бес жыл өткенде қыршын өлген жастарға ескерткіш орнатты. 
1991-ші жылы Қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақ елі егемен ел болды. Бұл күн талай-талай қилы заманды басынан кешіріп келген Қазақ халқы үшін ақ жарылқаған күн еді. 
1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады. 
1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды. 
1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 

- Бүгінгі балалар, тәрбие сағатымыздың қорытындысы бойынша «XXI-ші ғасыр озаты»- атты интелектуалды сайысымызды бастаймыз . Сабаққа белсеніп қатысқан оқушыны сыныбымыздың «XXI-ші ғасыр озаты» деп тағайындаймыз. 
Ситуациялық сұрақтар қою арқылы оқушылар іріктеліп шығады. 

І-ші тур 
Ситуациялық сұрақтар: 
1. Егер әкім болсаң, еліңе қандай көмек көрсетер едің? (1-мин.) 
Осы сұраққа жақсы жауап берген 5 оқушы іріктеліп алынды. 
Оқушы жауабынан: 
№1. Мен туған жерімнің табиғатын көркейтер едім. 
№2. Мен балалар бақшасын салуға көмектесер едім. 
№3. Мен ауылыма су жеткізер едім. 
№4. Мен мешіт салдырамын. 
№5. Мен барлық адамға жұмыс тауып беремін. 
Ұпайлары: Барлығы да 5 ұпайдан алды. 

2. Шешенстан жерінде соғыс болып жатқанын білесіңдер. Осы елдегі өзің сияқты құрбыңа қандай көмек берер едің? (1-мин.) 
№1. Мен кітап сыйлар едім. 
№2. мен киім беріп жіберемін. 
№3. Мен тамақ берер едім. 
№4. Мен хат жазар едім. 
№5. Мен ойыншық сыйлар едім. 
Ұпайлары: 5 ұпайдан

3. Егер сен желтоқсан оқиғасы тұсында студент болып, саналы жас болсаң, желтоқсан оқиғасына қатысуың мүмкін. Оқиғаға қатысу мақсатың не? (1-мин.) 
№1. Туған елімнің басшысы Қазақ болғанын қалар едім. 
№2. Үлкендер арасында әділетсіздік болмау үшін күресемін. 
№3. Ел басқаратын әділ басшыны қалаймын. 
№4. Тәуелсіз ел болу үшін күресемін. 
№5. Өзімнің туған тілім үшін қатысамын. 

Ұпайлары: №1-3. 5 ұпай, барлығы 15 ұпай. 
Білімділігімен алға төрт бала шықты. 
ІІ-тур. 
Сұрақ-жауап. (1-мин.) 
1-сұрақ: Қазақ батырларын ата. 
2-сұрақ: Қазақ әнұранының авторлары кім? 
3-сұрақ: Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері. 
4-сұрақ: Қазақ ғарышкерін ата. 
Ұпайлары: 5 ұпай. 
Бұл турдан үш бала алға шықты. 
ІІІ-тур. 
Мақал-мәтелдердің жалғасын табу. (Отан, ел, туған жер, батыр, ерлік туралы) (2-минут). 
№1-ге: Отан үшін отқа түс----------------(күймейсің) 
Арың үшін алыссаң---------------(өлмейсің) 
№2-ге: Ерлік пен бірлік-------------(егіз) 
№3-ке: Батыр туса---------------------(ел ырысы) 
Жаңбыр жауса-----------------(жер ырысы) 
Ұпайлары: 5 ұпай
ІV-тур. 
Халықтық педагогикаға байланысты сұрақтар. 
1-сұрақ: Жеті атаңды ата.
2-сұрақ: Бес парызды ата. 
3-сұрақ: Бес қару. 
Келесі турға екі оқушы шықты. 
V-тур. 
Оқушылардың шығармашылық ой-өрісін дамытуға байланысты, мына: Туған ел, туған жер, Отан, Қазақстан, Елтаңба, егеменді ел сөздерін кірістіріп өз ойыңды өлең-шумағы арқылы жеткіз. 
Оқушы шығармашылығынан: 
№1.Қазақстан кең байтақ, 
Туған өлкемсің! 
Қазақстан тәуелсіз ел, 
Байтақ жерімсің! 
Егеменді елдің, 
Мен бүгінгі ұрпағы. 
№2 Сүйемін туған елімді, 
Сүйемін байтақ жерімді. 
Сүйемін Қазақ халқымды, 
Сүйемін Отан анамды. 
Ұпайлары: 5 ұпай
Сонымен бүгінгі «Желтоқсанның мұзда жанған алауы»атты тәрбие сағатымыздың «XXI-ғасыр озаты» атағын --------------------- жеңіп алды. Мойынына өзіміздің ту түстес лента тағылып, мақтау қағазымен марапатталды. 
Ал, ------------------- ынталандыру жүлдесіне ие болды. 
VI. Қорытынды сөз. 
Қазақ елінің бүгінгі таңда іргелі, мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосылып, ізгі ниетті адамдар назарына ілігуі оңайлықпен келген жоқ. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен Қазақ халқы ертеден-ақ үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өтті. Олар: туған елі, жері, ана тілі. 
Сондай-ақ еліміз озды, жеріміз жаңғырды, ана тіліміз өз мәртебесін алды. Осының бәрі – тәуелсігіміздің нәтижесі. 
Міне, оқушылар мына байлақтың иесі сендер – Қазақстан Республикасының келешегі, тірегі, тілегі де сендер.

Желтоқсан оқиғасы кезінде Қонаев қайда болды?

$
0
0

Желтоқсан оқиғасы кезінде Қонаев қайда болды?

1986 жылы желтоқсанда қазақ жастарының алаңға шығуының негізгі себебі Қазақстанның сол кездегі басшысы Дінмұхамед Қонаевтың орнынан алынып, билікке Колбиннің келуі болғанын білеміз. Жастар алаңда жүргенде Қонаев қайда еді? Оның одан кейінгі өмірі қалай болды? Міне, бүгінгі мақаламызда осы сұрақтарға жауап іздеп көрмекпіз.

 

Қонаев орнынан қалай алынды?

АҚШ-тың бұрынғы президенттерінің бірі Дуайт Эйзенхауэр: “Мен бүгін зор тұлғамен қауыштым. Ол – терең саясаткер, халықтар даналығын толық меңгерген адам. Ол – КСРО-ның сирек кездесетін тұлғасы” деп баға берген Дінмұхамед Қонаев қазақтың бағына туған, елу жылға жуық ел басқарған басшы болды. Оның қазақ үшін атқарған елеулі қызметтері өте көп. Қонаевтың кезінде Қазақстанда өнеркәсіп салынды, елде жаңа қалалар мен ірі елді мекендер пайда болды, Алматыны көрікті қалаға айналдырды, ірі ғимараттар бой көтерді, қазақтың ғылымы қайтадан жазыла бастады. Ол Кеңес үкіметінің құрамында бола тұра Өзбекстанға өтіп кеткен қазақ жерлерін қайтарып, Маңғыстауды Түркіменстанға беру туралы орталықтың ұсынысына, Қазақстанда неміс автономиясын құруға қарсы шықты. Қонаевтың ұлт алдында атқарған ұшан-теңіз қызметінің бағасын Үнді мемлекетінің негізін қалаушылардың бірі Джавахарлал Неру жақсы береді. Ол: “Мейірім-шуағаы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол халық – қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халық та бақытты. Сол перзент – Дінмұхамед Қонаев” деген болатын.

Мемлекет басшылары арасында тұтастай халықтың сүйіспеншілігіне бөленетін басшылар аз, тіпті сирек десек те болады. Ал Қонаевты халық жаппай жақсы көрді. 1985 жылы КОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы болып М.С.Горбачев тағайындалғаннан кейін Қазақстанның сол кездегі 1-хатшысы Дінмұхамед Қонаевты орнынан алып, 1986 жылдың 16-желтоқсанында ол орынға Г.В.Колбинді қойды. Бұл хабардан демде құлақтанған Алматы жастары КСРО-ның ұлт саясатына қатысты наразылықпен алаңнан бірақ шықты. Көздері ашық, көкірегі ояу жастардың қолында “Әр халықтың өз көсемі болуы керек” деген ұрандар жазылған плакаттар бар еді. Бейбіт шеру ретінде басталған бұл оқиғаның соңы қантөгіске айналды. Өз құқықтарын талап етіп, алаңнан кетпеген жастар: “Қонаев алдымызға шықсын. Бәрін өзі түсіндіріп берсін” деген де талаптар қойды.

 

Қонаев: “Алаңда сөз сөйлеуіме рұқсат етпеді”

Алайда алаңға шыққан жастардың алдына келіп, сол кездегі қазақ жазушылары мен ақындары, билікте жүргендер, өнер адамдары басу айтып, үйге қайтуға шақырып, сөз сөйлегенімен Дінмұхамед Қонаев алаңға келмеді, халықтың алдына шықпады. Оған себеп болған оқиға кейін, арада біраз жылдар өткенде барып, Қонаевтың “Өтті дәурен осылай” атты кітабы жарық көргенде ғана анықталды. Онда Димекең сол уақытта басынан өткен жағдайды былай әңгімелейді: “1986 жылы желтоқсанның 11-і күнгі Саяси Бюроның мәжілісінде зейнетті демалысқа шығуыма байланысты мені қызметтен босату туралы шешім қабылдады. Ал желтоқсанның 16-да Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Оны өзім ашып, КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Г.Разумовскийге сөз бердім. Ол менің зейнетті демалысқа шығуыма байланысты Саяси Бюроның шешімін оқып беріп, маған тілегін айтып, ыстық ықыласын білдірді. Орталық Комитеттің бірінші хатшылығына Г.Колбинді сайлады.

         Желтоқсанның 17-і күні сағат 11-де маған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы О.С.Мирошхин телефон соқты. Орталық Комитетке келуімді өтінді.

-       Жайшылық па? Мен зейнетті демалыстамын ғой? – деп едім, ол:

-       Алаңға бір топ жастар жиналды. Олар кеше өткен Орталық Комитеттің пленуымының шешімін дұрыстап түсіндіріп беруді талап етеді. Жиналғандардың алдында сөйлеп, істің мән-жайын түсіндіріп берсеңіз дұрыс болар еді, - деп жауап берді.

-       Жақсы, - деп және мен мынаны сұрадым. – Колбин келісе ме бұған?

Мирошхин телефон тұтқасын Колбинге берді. Ол Орталық Комитетке келіп, жастар алдында сөйлеуімді өтінді. Мен келісімімді бердім. Табан астынан жиналып, айтқан жерге бардым. Бірінші хатшының кабинетіне кірсем, Бюро мүшелері түгел жиналып, алаңға жиналғандарға не істеу керектігін ақылдасып отыр екен. Колбин екі адамға: Назарбаев пен Камалиденовке жастар алдында сөйлеуді ұсынды. Маған сіз былай етсеңіз қайтеді деген тапсырма болмады. Колбиннің кабинетінде бақандай екі сағаттай тапжылмастан отырдым. Тіпті менің сөз сөйлеуім туралы әңгіме көтерілген жоқ. Сосын Колбин Мәскеумен байланысып, әлдекіммен сөйлесе бастады. Әңгімесіне кедергі болмайық деп, Мирошхиннен басқамыз шығып кеттік. Араға аз-кем уақыт салып, Колбин барлық бюро мүшелерін жинап, оларға қосып мені шақырды. Кірген бойда ол маған:

-       Сіз боссыз, дем ала беріңіз. Біз өзіміз-ақ тиісті шара қолданып, тәртіпке келтіреміз, - деді.

Мен шығар алдында Мирошхиннен:

-       Не үшін шақыртты? Неге сөйлетпедіңіздер? – деп сұрадым. Ол былай деп жауап берді:

-       Ақылдаса келіп сізге алаңға шығып сөйлеуіңіздің қажеті бола қоймас деп шештік.

1987 жылы маусым айында Мәскеуде өткен КОКП Орталық комитетінің пленумында маған алаңға шығып, сөз сөйлеуге рұқсат етпегенін Мирошхин тағы да растады”.

 

Қонаевтың үш жыл бойы қуғын-сүргін көруі

Ал Колбин Қонаевтың сөйлеуіне өзі рұқсат бермегеніне қарамастан, оны айыптауға көшті. Алматыдағы көтерілісті аяусыз басып-жаншып, Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың 99-ын соттап, 83 адамды 2 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырып, екеуінің өлім жазасына кесілуіне мұрындық болды. Сонымен қатар, Қонаевтың соңына шам алып түсті. “Алаңға шығып сөйлемеді” деп жала жапты. Ол туралы Димекең: “Әйтсе де, арада біраз уақыт өткен соң Колбин сөз сөйлеген жерінде аузы-басы қисаймай мені алаңға жиналғандар алдында сөйлеуден үзілді-кесілді бас тартты деп айыптаумен болды. Менің естуімше, республиканың бірде-бір басшысы алаңға шыққан жастарға пленумның мән-жайын дұрыстап түсіндіріп бермеген. Оның орнына олар “мұздай қаруланған милицияны”, әскерді қарсы қойып, жиналғандарды аяусыз жазалаған. Қаншама студенттер мен жұмысшылар жазықсыз жапа шекті. Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің мәліметіне қарағанда, оқиғаға қатысқаны үшін немесе оларды қолдағаны үшін бірнеше мыңдаған студенттер оқу орындарынан шығарылған, көбісі оқуды тастап кеткен. Қыршын жастардың төгілген қаны үшін, он екіде бір гүлі ашылмаған жүздеген қыздар мен жігіттерді жазықсыздан жазықсыз соққыға жығып, тұтқындағаны үшін кім жауап беруге тиіс? Бұл сұрау белгісін талай адамның тұсына баттитып қоюға болады”, - деп жазады.

Міне, осыдан кейін-ақ Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1987 жылғы VII, IX пленумдары Қонаевтың қателіктерін әшкерелеу науқанына арналды. Бір кездері өз қолымен өсірген мемлекет қызметкерлерінің көпшілігі Қонаевқа қарсы сөз сөйледі. Жазушылар мен өнер адамдарына да Қонаевқа қарсы сөздер айтқызылды. Сондай жиындардың бірінде жазушы Сафуан Шәймерденов Димекең туралы: “Ол тым сұрықсыз! Сұрықсыздан үлкен сілкініс күтпеңіздер. Ол ұлтшыл емес. Ол өзінің айналасына таза емес адамдарды жинап алып, солардың мүдделерімен өмір сүрді. Дәлірек айтсақ, Қонаев – нағыз тамыр-таныстықтың жемісі, соның классикалық үлгісі. Ол – ешқашан да жалпыхалықтық мүдде биігіне көтерілмеген адам”, - деп айыптауға дейін барды.

Ал Қонаевтың өзі басынан өткен осы бір қиын күндерді былай еске алады:  “Ешқандай қатысым болмағанына қарамастан “Алматы оқиғасын” басты ұйымдастырушылардың бірі деп мені нысанаға алды. Түп етектен шап беріп ұстаудың небір айла-шарғысы жасалды. Желтоқсан оқиғасы өткеннен кейін үш жыл бойына мені және менің жақындарымды қуғындаумен болды. Ол үшін ар-ұяттан безген журналистсымақтар мен ғалымсымақтарды айдап салып, екі кісі бас қосқан жерде жамандап, сөй сөйледі, газет беттерінде құлаш-құлаш “сын” материалдар жариялады. Баяғыда бір байғұс: “Отырсам опақ, тұрсам сопақ дейді. Қатты жүрсем “қуаяқ” дейді, сөйлесем “тақ-тақ” дейді, сөйлемесем ақымақ дейді. Жоғары қарасам “шапыраш” дейді, төмен қарасам “сүзбе” дейді” деген екен. Сол айтқандай, садақ тартқан оқтай жүрдім бе десем, тұс-тұстан жала жауып, жағаға ұмтылатындар жоқ емес екен. Теледидар, радио, газет-журналдардың есігі мен үшін тарс жабылды. Маңыма да жуымады, маңайлатқан да жоқ. Ол ол ма, табалдырығымнан кісі аттатпай қойды. Мен туралы жазылып жатқан неше түрлі материалдарға көзқарасымды біліп, пікір алмасуға келген журналистерді де “ит қосып қуды”.

“Вашингтон пост” газетінде мақала жарияланды. Тілші менімен кездесудің оңайға түспегенін жазыпты. Біз шынында да қала сыртында жүздестік. Салған жерден ол менен:

-       Сіз бас бостандығы бар азамат емессіз бе? – деп сұрады.

Не деп жауап бергендейсіз? Әрине, бас бостандығы бар адаммын, бірақ…

Одан әрі жіліктеп беру оңайға түспеді. Әрине, менің дәлелдерімді мұхиттың арғы жағынан ат арытып, тон тоздырып келген журналист түсіне қояр дейсіз бе?” – деп еске алады.

         Қонаев солай Колбиннің үш жылдық шабуылына төтеп берді. Үй қамақта отырғандай болды. Бірақ халықпен байланысы үзіліп, адамдармен араласа алмай қалса да ешкімге өкпе артқан жоқ. Оған қоғам қайраткері Кеңес Аухадиевтің: “1985 жылы басталып, 1986,1987 жылдарға ұласқан байбаламдар Димекеңнің жүрегінен қан тамшылатып, өртеп-күйдіріп, санасын тілгілеп жатты ғой. Бірақ Димекең бәріне шыдады. “Мен – адалмын, оттай беріңдер” деп жайбарақат отырған сияқты. Еңбегін бұлдап, ешкімге өкпе артқан емес. Көзі жұмылғанша “Қалың орманда тек биік қарағайдың басын ғана жел шайқайды, халқыма өкпем жоқ” деуден танбай кетті”, - деген сөздері дәлел. Тіпті өзін іздеп барған журналист Серік Әбдірайымұлына ағынан жарылып сұхбат беріп, артынан жариялауға болатын сұрақтарды өзі іріктеп: “Қалғанын өзің таяқ жемейтін кезде жарияларсың. Кетпеннің басын бассаң, сабы маңдайыңа тиеді, қарағым. Сендер жассыңдар ғой, болашақтарың бар”, - деп өзінің қысастық көріп отырғанына қарамастан, адам баласына зәредей зиянын тигізбеуге барын салғаны – адамгершіліктің шыңы емей немене?

         Қонаев өзі жиі айтатын “Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын. Адамгершілік деген асыл қасиетті аласартып алмасақ екен. Өмір өзегі – осы, азаматтық жол да – осы” деген принциппен өмір сүрді, солай өмірден өтті... Есімі әлі күнге дейін ел аузында тек жақсы қырынан жүрген Қонаев қандай бақытты адам...

 

islam.kz

ҚАЗАҚША ӨЛЕҢ: 16 ЖЕЛТОҚСАН - ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

$
0
0


Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады. 
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға 
Азап шекті қайсар қазақ қыздары. 

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра, 
Талай қазақ гүлдерін де солдыра, 
Ел билеуге алып келді 
Колбинді Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

Егемендік – бұл елімнің елдігі,
Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік – елін, жерін қорғаған, 
Ербол менен Қайраттардың ерлігі. 


Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі, 
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін, 
Жүректерге сақтау керек үнемі.

Қызылордалық мұғалім ағылшын тілін бомждан үйренген

$
0
0

«Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алған қызылордалық мұғалім Абзал Іскендір ағылшын тілін бомждан үйренген.

Ол мұндай қадамға неге барғанын Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісіне айтып берді.

Абзал Жандәулетұлы Қазалы ауданындағы Ж.Жабаев атымен аталатын №234 мектепте физика пәнінен сабақ береді. Жақында Жапонияның маңдайалды оқу орындарының бірі Осака университетінің дипломын алып шықты. Алайда, бұл білім ошағына түсу Абзалға оңайға түскен жоқ. Ағылшын тілін жетік меңгеру жолында тынбай еңбектеніп, табандылық танытты.

«Әуелі «Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсу үшін құжаттарымды жинап, Қызылорда қаласында сынақтан өттім. Содан кейін, 2014 жылдың қаңтар айында Англияға аттандым. Ол жақта, Норвич қаласындағы Шығыс Англия университетінің тілдік орталығында ағылшын тілін үйрене бастадым. Алғашқы уақытта қиын болғаны рас. Сабақты академиялық тұрғыда оқып, ағылшын тілінде диссертация жазу керек болды. Мұғалімдерім берген тапсырмалардан бөлек, өз жоспарымды бекітіп алдым. Әр күннің әр сағатын тиімді пайдалануға тырыстым. Бір мезгіл ағылшынша кітап оқысам, бір мезгіл тынығып алам, яғни құлаққаппен музыка тыңдап, кино қарауға көңіл бөлдім. Менің бір байқағаным, ағылшын тілін теория жүзінде қанша үйренгеніңмен біреумен сөйлеспесең, оны жетілдіре алмайды екенсің. Ал мұнда біреумен ағылшынша сөйлесейін десем, тұманды Альбионда бір танысым жоқ. Сондықтан, мен бір қулыққа көштім. Өзім тұратын ауданда жүретін көше қаңғыбасымен (бомж) келісіп, күн сайын ағылшынша әңгімелесіп жүрдім. Әрине, тегін емес. Әр сөйлесуге барған сайын оған ыстық тамақ алып берем, соның ақысына ол менімен ағылшынша сөйлеседі. Өйткені, тәуекел етіп үлкен қадамға барған соң, мойнымда зор жауапкершілік тұрды. Осылайша, он бір ай Норвич қаласында ағылшынымды дамытып, оқып, Шеффилд қаласына бардым. Онда тағы да бес ай білім алдым. Нәтижесі жаман емес, IELTS-тан тест тапсырып шықтым. Сөйтіп, Жапониядағы үздік оқу орындарының бірі Осака университетін таңдап, оқуға түсіп кеттім», – дейді Абзал Іскендір.

Қызылордалық қарапайым мұғалім 2015 жылдың 1 қазанынан бастап Жапониядағы Осака университетінде физикафакультетінде оқи бастайды. Оның айтуынша, Осака университетінің оқытушылары өз саласының білгірлері ретінде әлемге танылған. Солардың ішінен Нобель сыйлығын алған Юкава деген профессорды ерекше атап өтті.

«Осака университетінде жоғары дәрежелі білім берумен қатар, студенттердің тұрмыстық жағдайына қатты көңіл бөледі. Мысалы, ол жақтағы жатақханалардың өзі хан сарайынан кем емес. Жатақхана бойдақ, баласы жоқ отбасылар және балалары бар отбасылар үшін болып үшке бөлінеді. Мен отбасыммен бірге барған соң екінші категориядағы жатақхананы таңдап, еш уайымсыз бар уақытымды білім алуға жұмсадым. Екі жылдық оқуымды аяқтап, қазан айында Осака университетін бітіргенім туралы дипломды қолыма алдым. Қазіргі таңда Қазалыдағы мектепте оқушыларға физика пәнінен сабақ беріп жүрмін», – дейді Абзал Іскендір.

Ал №234 мектептің директоры Марат Құдайбергеновтің айтуынша, «Болашақ» бағдарламасының түлегі 33 жастағы Абзал Жандәулетұлының ізденімпаздығы, шетел асып, білімін шыңдап келгені мектептердегі жас педогогтарға ғана емес, оқушыларға да өнеге болды.

«Жалпы, мектептерге «Болашақ» сияқты жобалардан қанаттанып шыққан мамандар көптеп керек. Олардың мол тәжірибесі, жаңашылдығы педагогтар қауымына оң әсер етеді», – дейді мектеп директоры.

Ахмет мерген

$
0
0

Пәні: Әдебиеттік  оқу

Сыныбы: 4  «а»

Тақырыбы: Ахмет  мерген

Мақсаты: Әңгіменің мазмұнын тарау тақырыбына байланыстыра отырып, оның  идеясын ашуға жағдай  туғызу, сыни тұрғыдан саралауға үйрету.

Міндеттері:

1.Туған жерге, оның табиғаты мен жануарларына деген сүйіспеншілікті адамгершілік тұрғысынан шешуді үлгі ету.

  1. Талдау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру арқылы шығармашылық дағдыларын дамыту.
  2. Бірлескен жұмыс негізінде ынтымақтастық атмосферасы орнату.

Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: ЖАДА, диалогтық оқыту әдістері, топтық жұмыс, «Ой қозғау»,

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: топтық бағалау критерийлері, маркер, постер

Күтілетін нәтиже:  1. Әңгіменің мазмұнын түсіне отырып, құнды ойлар айтуға дағдыланады.

                                  2.Әңгімені оқу арқылы, кейіпкерлердің мінез –құлқын бейнелей алады.

  1. Әңгіме мазмұнынан алған білімдерін өмірде пайдаланады.

Стратегиялар: «Миға шабуыл», топтастыру,  жеке, жұптық, топтық жұмыстар, «Ыстық орындық» әдісі,  табыс критерийлері,

                                                                             

Сабақ жоспары

 

 

Сабақ кезеңдері

Уақыты

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

 

Оқушының іс-әрекеті

 

Бағалау

Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?

І.Кіріспе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шеңбер құрып, қасындағы досына жақсы тілектер тілету арқылы сыныпта жағымды ахуал туғызып аламын.

Мақсаты: ынтымақтастық ахуал тудыру.

 

Сынып оқушыларын  бір , екі, үш сандары арқылы топтастырамын.

 Топтық жұмыс барысындағы «Алтын ережені» еске түсіремін

Оқушылардан үй тапсырмасын тексеру\ ойтолғау жазу, ойды жалғастыр, хат жазуға берілген \ негізінде  «Ыстық орындық» стратегиясын қолданамын.

«Ыстық орындық» стратегиясының шарты: орындыққа кез болған оқушы өз тобына тиесілі үйде орындап келген жазбаша жұмысын оқып шығады. «Құмыра" өлеңінің мазмұны бойынша оқушылар сұрақтар қояды,қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек.

Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін жинақтау, қорытындылау, бекіту, оларды жылдамдыққа, ептілікке, алғырлыққа үйрету. Осылайша үш оқушыдан сұралып өтіледі.

 

Оқушылар мұғаліммен көңіл- күйлерімен бөліседі.

 

Сыныптастарына тілек айту арқылы  көңіл-күйлері көтеріледі.

 

Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді.

Топ аттарын оқушылар өздері таңдап алады.

 

Оқушылар іштерінен ережені оқып шығады.

Оқушылар үйде әзірлеп әкелген сұрақтарын топтарға арқылы қояды. Сұрақ «Ыстық орындық» болғандықтан, онда көп отыруға болмайды. Ойыншы жауап бере алмаса, топ ішінен бір бала жауап береді немесе топ болып жауап беруі қажет.

 

 

 

 

 

 

Оқушылар  сыныптастарының жауаптары бойынша өз пікірлерін айтады. 

Оқушылар бір-бірі бағалайды, интерактивті тақтаға шығарылған критерий бойынша баға қояды. Бағалау өлшемдері мен өзінің бағасы туралы ойларын салыстырып айтады.

 

 

Жарайсыңдар, жақсы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауызша кері байланыс

 

Жарайсың!

 

Тамаша!

 

 

Смайликтер арқылы ОүБ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс ресурсы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

орындық, доп .

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Тұсауке

сер

 

 

Миға шабуыл сұрақтары арқылы тақырыпты ашып алу.

Қызығушылықты ояту. «Топтастыру» стратегиясы бойынша Мерген сөзін  қалай түсінетіндері бойынша білетіндерін, естігендерін жинақтау

Түрткі  сұрақтар қойылады

-Мергендік не үшін керек?

 -Адам қалай мерген  болады?

-Қандай мерген адамдарды білесіңдер?-Мерген болу үшін адамға қандай қасиеттер керек ?

-Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ахмет мерген»

 

 

 

 

 

 

 

Спортшы                           мүлт кетпейді

                           Мерген

 

Атқанын дәл тигізеді    құралайды көзге атқан

 

деп топтастырады

 

 

Оқушы жеке ойланады, жұбымен талқылайды,  топта тұжырым жасайды. Оқушылар өз болжамдарын, пайымдауларын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

Ауызша кері байланыс

 

 

Бәрекелді!

 

 

 

Өте жақсы, тамаша!

 

 

Жарайсыңдар!

 

 

 

 

 

 

Тиімді сұрақтар ресурсы

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану.

Автор туралы еске түсіру, мәліметтерін толықтыру Мәтінді оқып,талдау.Мәтіннің «Жарайды» деп басталған сөйлеміне дейін оқу

-Бұл өңірде қандай аюлар өмір сүреді екен ?

Қарттың жан-жануарларға жанашырлығы қалай байқалады

 

Осылайша бөлімдерге бөлу

 

Әр топ тақырыпша төңірегінде қысаша баяндап береді.

 

Сергіту сәті.

 

«Қара жорға» биін интерактивті тақтада ойнатылады, соны қайталап билейді, бойларын жазады

 

ІІ. Аюлардың тіршілігі жайында арнайы дайындалған видео-роликті көрсету.

 Әр топқа постер беру. Ұлттық нақышта асық иіру арқылы үш топқа тапсырма үлестіріледі

 

 

Кесте толтырады «ББҮ»

Оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысады.

 

Әңгіменің мазмұнына қарай оқушылар өз пікірлерін ортаға салады, біріне-бірі сұрақтар қояды.

Мұғалімнің сұрақтарына өз ойларын айтады.

Бөлімге ат қояды

 

Әр іс-әрекеттерін сол бойынша өздері бағалап отырады.

 

 

 

Оқушылар қозғалысқа түсу арқылы бойларын сергітеді.

 

 

 

 

1.Мұқият тамашалайды, тыңдайды.

1-топ   «Т-кестесі» толтыру

2-топ   Ахмет мергеннің іс-әрекетін талдау

3-топ  Аюдың тіршілігі мен  іс-әрекеті туралы талдау

 

Әр топ  өз жұмыстарын қорғайды

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауызша кері байланыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бессаусақ арқылы бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Инсиорт»

 

-Білемін

 

-Мен үшін жаңалық

 

-Білгім келеді

 

 

 

Бағалау құралдары : жест, смайликтер

 

 

Интербелсенді тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

асық

Маркер, постер

 

 

 

ІІІ. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Еркін талқылау» стратегиясы негізінде

Мәселенің шешімін табу жолдарын талдау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар топта бірлесіп  ойланып жұмыс  жасайды.

 

 Оқушылардың ықтимал жауаптары

-аюды атып алу

Аулап ұстап алу

Зообаққа өткізу немесе қорқыту

 

 

 

 

 

 

Ауызша кері байланыс

 

 

ОүБ

 

Жақсы, өте жақсы деген сөздермен қолпаштап отыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парағы бойынша жиынтық баға қойылады.

Оқушылар бағалау парағы  бойынша бір-бірлерін бағалайды.

 

Бағалау парақшалары

 

Тарбағатай тауы туралы ізденіп,мәлімет жинау.

Әңгіме мазмұнын айтуға дайындалу

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

 

Оқушы күнделігі

 

 

 

 

 

 


Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуінің ерекшеліктері.

$
0
0

              

         Қазіргі таңда мұғалімнің оқытудағы мақсаты -өз ойын айта білетін,өз бетінше  жұмыс істей алатын  интелектуалды ойлау қабілеті  дамыған шәкірт қалыптастыру. Мектептегі оқу үрдісі оқушылардың ізденімпаздығын, танымдық белсенділігін  арттырып, шығармашылық әлеуетінің  дамуына жол ашуы керек. Сонымен қатар білім беру оқушылардың  танымдық  жұмыстарын  өз бетінше зерттей  алуына, тәжірибеде қолдана білуіне бағытталуы қажет. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін  арттыру курстарының үшінші(негізгі) деңгей бағдарламасы оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп ,нәтижесінде еркін сенімді,сыни пікір- көзқарастары дамыған оқушы  болып қалыптасуын қамтиды.Дәстүрлі  оқытуда   алған  білім жинақталған  өзге  білімдерімен  сіңісе  алмайды, мән-мағынасы терең меңгерілмейді,механикалық  түрде  есте  сақталады, оқушы оны өмірде тиімді пайдалана  алмайды.Сындарлы  оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін  дамыту,алған білімдерін кез-келген жағдайда тиімді пайдалануын қамтамасыз ету. Сындарлы  оқытуда оқушылар өте маңызды рөль атқарады.Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.Осылайша, оқушы өз оқуы үшін жауапты болады. Егер білім игеру қолайсыз таңдалынса оқушылардың алған білімдерін  есте  сақтауы қиындық тудырады. Сондықтан да оқушылар сабақ аспектілеріне белсене қатысып, бір-біріне кеңес береді, өз сұрақтарын және болжамдарын қарастырады,эксперимент жасайды,тәуекелге барады. Метатану әдістерін игерген оқушылар оқыту және оқу үдерісінің жалпы мүддесінде мұғалімдермен тең әрекеттеседі және соңында мұғалім жұмысын өзі атқарады.    Оқыту  үрдісі  екі  жақты  үрдіс  болғандықтан, оқушының өз  бетімен  жұмыс  істеуі, дербес іс әрекеті  мұғалімнің басшылығымен қатар, олардың ізденімпаздығын,  белсенділігін,  өз ықыласымен жасайтын іс -әрекетін  де  қажет  етеді  

           Мұғалімге  қойылатын  бірінші талап  шығармашылық белсенділік, жоғары зияткерлік, терең  білімділік, кәсіби  сауаттылық..Мұғалімнің  құзіреттілігі өз  бетімен  орындалаты  жұмысты ұйымдастыруда  анық  байқалады.  Оқушының  өз  бетінше  жұмысын   тиімді  ұйымдастыра  білу – сол  арқылы білім,білік,дағдының жоғары  деңгейіне  шығу деген сөз.Американдық  психологтардың  зерттеуіне  сүйенер  болсақ  өз  бетімен  жұмысты  ұйымдастыру  дегеніміз- бұл  өз  бетінше  тани  білу, өз  бетімен  жаңа  нәрсені  анықтауға  ұмтылу  және  өз  тәжірибесін   терең  түйсіне  білу  қабілеті. Өз  бетінше  жұмысты  ұйымдастыру  психологиялық  тұрғыдан  алғанда нәтижесінде жаңа  материалдық рухани  құнды  дүние   тудыратын  әрекет.  Ал  енді  педагогикалық  тұрғыдан  алсақ,  өз  бетімен  жұмыс   дегеніміз - оқушының  белсенділігі .

        Осыған  орай  оқушылардың  өзіндік жұмысын  ұйымдастырудың маңызы  өте  зор.Өйткені  сол  арқылы  оқушылардың  іс-әрекетінің  дербестігі  артады.    Бұл  туралы

  А .  Байтұрсыновтың  пікірі  бойынша : «Бала  білімді   тәжірибе  арқылы  өздігінен  алуы  керек,  мұғалімнің  қызметі  -  оның  білімінің, шеберлігінің  ұзақ  жолдан  балалар  қиналмай  оңай  өту  үшін, керек  білімді  кешіктірмей  кезінде беріп  отыру үшін, балаға  жұмысты  әліне  қарап шағындап  беру  мен  бетін  белгілеген  мақсатқа  қарай  түзеп  отыру  керек» Ең  бастысы, жеке  тұлғада  өз  бетімен  жұмыс  істеуге деген  тұрақты   сұраныс  болып, өз  ісіне  қанағат  табу  сезімі   болуы  қажет. Оқушылар  өз  бетінше  істейтін   жұмыстарының мақсатын  айқын  түсінуі  және  өз  еркімен, өз  қалауымен  орындауы  керек.   

         Оқушылардың  өз  бетінше    жұмыс  істеуін   ұйымдастырудың  негізгі  ерекшеліктері  мыналар:  мұғалімнің  нақты тапсырмалар  ( нұсқаулар) беруі ,жұмысты  орындаудың  және аяқтаудың  уақытын  белгілеуі, мұғалімнің  басқаруымен  оқушылардың дербестігінің   өзара   байланысы , олардың  жұмысты  өз  еркімен  істеуі, оған  әсер   ететін  қызығушылықтар  және  т.б.   

          Сабақта   оқытудың  әр  түрлі  тәсілдерін қолдана  отырып, оқушылардың өз  бетінше  жұмыс  істеу  белсенділіктерін  арттыру  барысында  теориялық  білімдерін  кеңейтіп,  ойлау  қабілеттерін дамытуға  болады.  Оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырып  қана  қоймай  оларға  іздену, зерттеу  бағытындағы  тапсырма  беру   үлкен  нәтижеге   қол  жеткізеді.   

        Оқушылардың өз  бетінше  істейтін  жұмыс  - ерекше  маңызды  мәселе.  Осы  орайда  өз  бетінше  жұмыс   істеуді  ұйымдастырғанда,  оның  ішінде  зерттеу  жұмысын   бастамас  бұрын   сауалнама  жүргізу  арқылы   бейімділігін  анықтап  алу  керек.  Өз  бетінше  жұмыс  істеу  барысында  бейіміне  қарай  тапсырма  беру  және  орындай  алу  мүмкіншілігін  басты  назарға  алу  қажет.Тапсырмаларды  орындағанына  қарап  қорытындысын  жариалап,  бағалап  тұрған  дұрыс. Оқушыларға   жұмыстарын  талдап  немесе  қорғап  көрсету  керек .Осылай  жұмыс  істеу  арқылы  бала  бір  нәтижеге  қол  жеткізе  алады  және  өз  бетімен  жұмыс  істеу  қабілеті  дамиды, идея  туындайды, ізденісі  арта  түседі, білімге  құштарлығы  артады.   Оқушының  өз  бетінше  жұмыс  істей  отырып пәндік  білім, білік  дағдыларының  жиынтығы  арта  түседі.      Өз  бетінше жұмыс   ұйымдастыру   алған  білімдерін   теориялық  және  практикалык  біліктіліктерін   меңгерудегі  іс-әрекет:  Білімін  жан-жақты  көрсетеді,тапсырмалар  орындайды.Өз  бетінше  жұмысты ұйымдастыру  арқылы:білім  сапасын  арттыру, жеке  дара  тұлғаның  еркін  қалыптасуына мүмкіндік  береді.

       Өз бетінше жұмысты дидактикалық мақсатына қарай сабақтың әр түрлі кезеңінде қолдануға болады:

  1. Жаңа білімді меңгеру (материалды жан – жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жоспарын, конспектісін жасау, т.б. тәсілдерге үйрену).
  2. Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, т.б.).
  3. Білім мен дағдыларды қайталау (бақылау және тексеру) түрлері:

     жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар.

  1. Жаңа материалды игеруге дайындық;

Бұдан шығатын қорытынды өзіндік жұмыстарды мұғалім өз шеберлігіне, сабақтың мақсатына сай сабақтың әр түрлі кезеңдерінде, орынды, тиімді пайдалануына болады. Осылайша өз бетінше жұмыстар негізінде тұлғаның белсенділігін арттыруға, білімін жоғарылатуға болады.

Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы – жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:

  1. Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.
  2. Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, шығармашылық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
  3. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек.
  4. Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.

    Қорыта келгенде, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары: карточкалар, өздік жұмыстар, есептер шығарту, кестелер толтыру арқылы т.б. жүзеге асады. Өз бетімен орындайтын жұмыстары біріншіден, олардың ақыл-ойын таным белсенділігін, екіншіден сабаққа ынталарын, қызығушылығын, үшіншіден ешкімнің көмегінсіз дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.   Білім  саласындағы  өзгерістер  күнделікті  оқу  үрдісінде  тапсырмаларды  өз  бетінше  жұмыс  түрін  ұйымдастырудан   бастау  қажет  екедігін  айтып  отыр. Оқушылар  өз бетінше  жұмыстар  арқылы  білімге   ғана  емес  өмірге  үйрететін  қабілеттілікті  қажет  етіп  отыр .Мұғалімдер үшінші деңгей Бағдарламасын игеру барысында :Әрбір оқушыға үлкен үміт артады және оқушылардың білімдік жетістіктеріне жағымды үлес қосады.  Осыған  сәйкес  педагогтарымыз ақпараттық  қоғамнан  қалыспай :ерекше ұйымдастырушы бағыт  беруші  болуы заман  талабы  болып  отыр.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Дамыта оқыту техналогиялары» Б.А.Тұрғанбаева 2009ж
  2. Бастауыш мектеп № 2 2013ж       
  3. Білім шуағы №4 2014ж

Ә. Бөриев. Ересек оқушы

$
0
0

Тараз  қаласы. М.Әуезов атындағы  орта  мектептің 

бастауыш  сынып  мұғалімі:Жакипбаева  Жазира  Темирхановна

 

4 сынып                  Әдебиеттік    оқу   пәні

Сабақтың  тақырыбы: Ә. Бөриев. Ересек оқушы

Сабақтың   мақсаты: Ә Қастеевтің  өмірі және шығармашылығынан мәліметтерді                  талдап,мәтінге жоспар құру.

Сабақтың   міндеттері:1.Суретшінің  өмірі  мен  шығармашылығынан  туралы  түсіндіру

  1.   Әңгіменің  мазмұнын  ашу
  2. Өнердің түрлері   туралы мәлімет  беру, танымын  дамыту

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас  сабақ

Сабақтың  әдіс тәсілдері: Ой  қозғау, «Автор орындығы», «Аялдамамен оқу»  диалогтық  оқыту

Сабаққа қажетті-құралдар мен көрнекіліктер:  Интерактивті  тақта,суреттер,постерлер,қарындаштар,маркерлер,

Күтілетін нәтиже: 1.Суретшінің өмірінен  мәліметтер  алады.     

  1. Ой қорытады,пікірлерін айтады.
  2. Ұжымдасып бірлесе жұмыс істеу;                        

Сабақтың жоспары

Кезең

Сабақ бөлімдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Кіріспе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

 

Ынтымақтастық атмосферасын құру Кіріспе

 

 

 

 

 

 

 

Шаттық  шеңберін құру.

 

Топқа бөлу Психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады:

Кәне, достар, тұрайық.

Шеңберімізді құрайық.

Жақсы-жақсы тілектер

Бір-бірімізге сыйлайық!

 

Сыныптың оқушыларын 1-4 ке  санау арқылы топқа бөлу.

Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер

Оқушылар 1-4 санау бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасын сұрау

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасын тексеру.

«Автор орындығы» тәсілі

 

 Әр  топтан бір оқушы  жауап береді.

«Бессаусақ» арқылы бағалау

 

Білу

Жаңа  сабақ

Қызығушылық ояту

Топтық жұмыс

 

 

 

 

 

«Ой  қозғау»  стратегиясы

  Өнер  түрлерін білу үшін  топтастыру жасау.Сурет өнері туралы не білесіңдер?

-Қандай суретші туралы білесіңдер?

-Дұрыс

-Олай болса, бүгін біз Ә.Қастеев туралы  тереңірек танысамыз. 

 Ә. Бөриевтің  «Ересек  оқушы»  мәтіні

 

Әр топ  өнер  түрлері  топтастыру жасайды.

 

Топта  ақылдасады,ізденеді.

Түсіну

Мағынаны тану

    Ә.Бөриев  туралы  мағлұмат  беру.Ә.Бөриев- жазушы. 16.11.1946ж Жамбыл обл.Жуалы ауд. Қызтоған  аул. Дүниеге  келген. Ол «Арманына  жолыққан  адам»,  «Ақбидай»  т.б. шығармалары  бар.

 Оқушылар дәптерлеріне қысқаша   жазушы туралы конспект жазып алады.

 

 

Сергіту  сәті

«Қара  жорға» әнінің  ырғағына

Оқушыларға жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.

Оқушылар би  қимылдарын қайталап  жасайды

   Қолдану

 

 

 

 

 

 

Талдау

Жаңа  сабақты  талдау

 

Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін  қадағалау.

«Мағынаны тану»

1.Оқулықпен жұмыс

«Ересек  оқушы» әңгімені іштен оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу.

. «Аялдамамен оқу» стратегиясы бойынша әңгімені  талдау. Идеясын, мазмұнын оқушылармен пікірлесе отырып талдау жүргізіледі.

 

 

Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы бір оқушы өз тобына әңгіменің  мазмұнын түсіндіреді.

 

 

Жинақтау

Жаңа  сабақты  бекіту

Әңгіме мазмұнына жоспар құру тапсырылады.

Мақсаты:

Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.

Оқушыларға постер беру.

Оқушылар  постерге жоспар құрады.Топтан бір оқушы  шығып түсіндіреді

 

 

 

 

Қорыту

Сабақты қорыту

Мақсаты:

Оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру.

«Мен қандай баламын?» ойыны

 

Бұл ойынды ойнату арқылы оқушылар мәтіннен өздеріне қатысты жолдарды тауып, талдайды.

 

Үйге тапсырма беру

«Ересек  оқушы» мәтінін оқу  және  мазмұнын айтуға дайындалу.

 

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

 

Кері байланыс

Бағалау парағы бойынша жиынтық баға қойылады.

 

 

Оқушылар стикерге сабақ  туралы ойларын  жазады.

 

 

Біз не үйрендік

$
0
0

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: жыл мезгілін, қысқаша тақпақ, әнді, үй жануарларын, өткен ертегілерді, илеуді, сурет салуды.

Түсінеді : жаз туралы түсінік алды.

Қолдана  біледі: жыл бойы үйренгендерін естеріне түсіріп, сұрақтарға жауап берді.

Білім беру саласы: таным, қатынас, сенсорика, шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: қоршаған орта, тіл дамыту, көркем әдебиет, сенсорика, мүсіндеу, сурет, желімсіз жапсыру, ән

Тақырыбы: Біз не үйрендік

Мақсаты:  өткен оқу іс-әрекетін қайталай келіп, айналадағы болып жатқан құбылыстарды бақылап әңгімелей білуді, тақпақтарды жатқа айту, ертегідегі оқиғаларды кейіпкерлерді еске түсіру, шығармашылық саласы бойынша ұсақ қол моторикасын жетілдіруді, ән-би қимыл іс әрекеттер жасауды тиянақтау.

Көрнекіліктер: түрлі –түсті гүлдер оларға қарай ұшып келе жатқан түрлі-түсті көбелектер, алма, алмұрт, қонып отырған құстар бар тал, үй жануарлары, суретке, мүсіндеуге арналған құралдар мен фланелеграф, қиынды күн суреті, дымқыл салфетка, жылжымалы тақта, үлгі, ертегілер суреті, магнитті тақта, көлекңкелі театрға арналған сахна.

 

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті

Ұйымдастырушы

 қозғаушы қызмет түрі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушы 

Ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жетекші жөндеуші

 

Балалар ортаға шеңбер бойлап тұрып, жақсы лебіздер айтып, келген қонақтармен сәлемдесейік.

 

 

 

 

 

 Жылдың қай мезгілі?

Көктемде күн қандай?

Жаңбыр жауғанда жер қандай болады? Көктем туралы кім тақпақ біледі?

 

 

Міне балалар бүгіннен бастап құлпырып жаз мезгіліде келді, ендеше сол жаз мезгілін көзімізбен көріп тамашалап қайтайық.

 

Мына жерде нелер өсіп тұр?

Гүлдердің түсі ше? Гүлдерге нелер ұшып келе жатыр? Олардың түсі ше? Көбелектер адасып жүр өз гүлдерін таба алмай, қане көмектесейік.

Жаз мезгілі туралы, көбелектер мен гүлдер туралы тақпақ айтып беріңдерші?

 

 

 

 

 

 

Осы көбелектерге арнап ән айтып берейікші:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ал мына өсіп тұрғандар, талға қонып тұрғандар нелер?

Алма ағашында не өсіп тұр?

Сол алманы мүсіндеп көрейікші.

 

Анау жерден нелерді көріп тұрсыңдар?

Олар қалай дыбыстайды?

 

Мал немен қоректенеді, нені жейді?

 

Ендеше сол шөпті мына қағаз бетіне қылқаламмен  жасыл түсті бояу арқылы салып көрейік.

 

Балалар суретін аралап қарап, жасыл түспен қылқалам арқылы жоғарыдан төмен қарай сызықшалар арқылы шөп суретін салады.

 

Қане балалар осы жаз мезгілінде күн қатты ысиды емеспе, көріп тұрғандай күн сәулесі жоғарыдан қарап тұр, ендеше сол күн бейнесін фланелеграф бетіне мына пішіндер арқылы орналастырайық. Дөңгелек және таяқшалар арқылы.

 

Біздер қандай ертегілерді білуші едік, есімізге түсірейікші, ертеде атай мен әжейдің несі болыпты? Атай мен әжей соғып қараса сынды ма? Не жүгіріп келе жатып қағып кетеді? Тышқан не айтады?

 

 

 

 

Тәрбиеші: атай күзде бақшаға не өсіреді? Оны суырып жұла  алмаған соң кімдер мен нелерді көмекке шақырады?

Атап айтыңдаршы?

 

 

Атай әжейге не пісір деді?

Бауырсақтың алдынан нелер шықты? Бауырсақты не жеп қойды?

 

 

Күтпеген сәт: бөлмеге түлкінің келуі.

Түлкі: балалар сәлематсыңдар ма? Мен сендерді есіктен тыңдап тұрдым,  атайдың бауырсағын жеп қойғаныма қатты ұялып тұрмын, сендерден кешірім сұрап, сендерге мына тәттілерді әкелдім деп әкелген тәттілерін балаларға ұсынады.

 

 

Тәрбиеші қортындылап бүгін нелер жасағанын, не көргендерін естеріне салады, мадақтайды.

Шуақ шаша

Алтан таңда,

Мөлдір таза ауада

Табиғатта бәрі оянды,

Оян сенде бар бала

Сәлематсыздар ма қонақтар?

Балалар шеңбер бойымен тұрып. Қол ұстасып бір-біріне деген жылы сезімдерін білдіреді.

Олар қонақтарға қуана қарап сәлемдеседі.

 

Көктем мезгілі туралы қысқаша әңгімелеп сұрақтарға жауап береді.

 

Көктем, көктем, көктемде

Құстар келіп жеткенде,

Қосылып әнге салады

 

Көктемді қарсы алады.

 

Қуанған балалар тәрбиеші артынан ереді.

 

 

Гүлдердің түсін атап, көбелектердің  түстеріне байланысты, ұқсас гүлдерге қондырады.

 

Жаздүгіні шілдеде

Жеміс пісіп толады,

Қызыл жасыл көбелек

Гүлдерге келіп қонады.

 

Ал балалар жүріңдер

Қырға шығып көрейік,

Көп қызыл гүл терейік

Құшақтап ап келейік.

 

Мен тимеймін жасқанба

Дос болайық көбелек,

Жайнап тұрған бақшамда

Гүлдерімді көре кет.

 

Тұтқиылдан састырса

Жаңбыр жауса себелеп,

Тақиямның астына

Тығыла ғой көбелек,

Тығыла ғой көбелек.

 

Құстар , алма, алмұрт ағаштары.

Алма өсіп тұр.

Ермексазбен алма мүсінін мүсіндейді.

 

Сиыр, қой, түйе, ешкі, ат.

Балалар малдың дыбыстырын салып береді.

Шөп жейді

 

Қылқаламды үш саусақпен қыса жоғарыдан төмен қарай шөп суретін салады.

 

Барлық бала бірге үлкен ақ қағаз бетіне ұжымдаса сурет салады.

 

 

 

Балалар берілген фланелеграф бетіне күн сәулесін орналастырады.

 

 

 

 

 

 

Тауықтың алтын жұмыртқа шығарып беретінін, оның сынбайтынын және тышқанның құйрығымен қағып кететінін, жұмыртқа жарылып атай мен әжейдің жылайтынынын қысқаша сұрақтарға жауап беру арқылы естеріне түсіреді.

Шалқан екті, оны суыруға қызды, күшік пен мысықты тышқанды шақырады, тышқан келгенде шалқан суырылып кетеді деп жауап береді.

Атай бауырсақ пісір деді. Ол домалап кетті. Бауырсаққа қоян, аю, түлкі кездесті деп олардың қимыл ісәрекетін көрсетеді.

 

 

Балалар таң қалысып қарайды, сәлемдеседі.

Түлкінің келгеніне қатты қуанады.

 

Балалар ұсынған тәттілерін қуана алып, рахметін айтады. Қоштасып кетіп қалады.

 

 

Балалар тыңдайды, бақылайды, дұрыс жауаптарын тауып қысқаша әңгімелейді.

 

Ғажайып қорап

$
0
0

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сенсорика

Тақырыбы: «Ғажайып қорап»

Мақсаты: заттарды сенсорлық белгілері арқылы: түстерді, пішіндерді, көлемді ажыратып,  дәмді, сипап сезу мен есту, көру қабілеттерін арттыруды, қолдың нәзік бұлшық еттерін дамытуды тиянақтай отырып, ойлау қабілеттерін одан әрі жетілдіру.

 

Әдіс-тәсілі: сұрақтар беру, көрсету, тапсырмалар беру, өздігінен жұмыс жасату.

Көрнекіліктері:  түрлі-түсті пішінді қораптар, тапсырмаларға арналған, пішіндер мен ойыншықтар, кәмпиттер.

 

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі

Шеңберге тұрғызып,  балалармен жақсы көңіл күйде тілек білдіру.

Музыка әуенімен,

топ бөлмесіне билеп сылдырмағын сылдырлата айырқалпақ кіреді. Балалармен амандасып болған соң, қолындағы қорапшаға балалардың назарын аударады.

Келдік міне бақшаға

Кел достарым ортаға,

Ойнайық та, ойлайық

Шаттанайық, күлейік,

Ойымызға түйейік.

 

Айырқалпақтың келгеніне қуана қарайды.

Оның қолындағы қорапшаға назар аударады.

Ұйымдастырушы ізденушілік

Балалар менің мына қорапшама қараңдаршы, түсі қандай?

Иә, көк түсті.

Ал, пішіні ше?

Пішіні үшбұрыш екен.

Қазір мен қорапты ашып көрейінші, ішінде не бар екен?  Бұның ішінде тағы бір қорапша барғой өзі, мұның түсі қандай?

Дұрыс,  жасыл түс екен.

Ал пішіні ше?

Иә, шаршыға ұқсайды.

Бұл қораптың астында  тапсырма бар, міне сол тапсырманы орындап көрсеңдер деймін. Ұяшықтарға  пішіндер мен ойыншықтарды  орнатып кигізуқажет.

Енді  шаршыға ұқсас қорапты ашып көрсек қайтеді ?

Оның ішінде тағы қорап жатыр екен, оның түсі қандай деп ойлайсыңдар?

Дұрыс, сары түсті.

Ал, оның пішіні қандай? Тік төртбұрыш.

Шаршыға ұқсас қорап астында мынадай тапсырма бар, соны орындап көрейікші. Бұл сиқырлы кітапша, оның ішінде дыбыстар шығады, ол нелердің дауысы екен ажыратып айтып беріңдер. Сиыр, қой, жылқы, мысықтың дауыстарын естіп ажыратқан соң, сол үй жануарларының ойыншықтарын біртіндеп көрсету.

Тік төртбұрышты қорапты ашып көрейікші, оның ішінен не шықты?

Дөңгелек пішін болса, оның түсі қандай?

Қызыл түсті екен. Қорапшамыздың астында тағы бір зат бар сияқты, соны қолдарыңды сұғып, сипап көріңдерші.  Моншақтар екен, олай болса  мына жіпке тізейік, әр моншақтың түсін атаңдар.

Ал балалар, мына дөңгелек шар тәріздес пішінді ашып көрейін.

Ішінен нелер шықты, қандай пішінге ұқсайды?

Сопақшаға ұқсайды . Үлкен бе? Кіші  ме?

Кішкене көп сопақшалар шықты.  Дөңгелек  ішінде шарлар бар, соны алып үріп көріңдерші, кім қатты үре алады, кімнің шары үлкен, ал кімдікі кіші болып үрілді.

Түстерінде атап көріңдер.

 

 

 

 

 

 

Балалар мына сопақшаларды да алып, ішін ашыңдар.

Балалар қуанып ашып көрсе ішінен кәмпиттер шығады, оны жеп көріңдер  дәмі тәтті ме, ащы ма ажыратуы қажет.Балалар барлық тапсырмаларды орындаған соң , Айырқалпақ қоштасып шығып кетеді.

Балалар қорапшаға қарап, қойылған сұрақтарға жауап береді.

 

Түсін пішіндерін ажыратқан соң, тапсырманы орындайды.

 

Бұл қораптың да тапсырмасын орындайды.

 

 

Шаршыға ұқсасын айтады.

 

 

Бұл қораптың астында не бар екенін таңдана қарап, ойыншықтар мен пішіндерді алып ұяшықтарына сала бастайды.

 

 

 

 

Сары түсті қорапшаны ажыратып айтқан соң,

 

 

 

 

 

дыбыстарға көңіл аударады, үй жануарлары дауысын ажыратады.

 

Сиыр, қой, жылқы, тауық, мысық ойыншықтарын көріп атап айтады.

 

 

Тік төртбұрышты қорапшаның ішінен дөңгелек шарға ұқсас затты көргенде қуанып ұстап көруге жақындайды сипап көреді.

 

 

 

 

Әр –түрлі дөңгелектерді ұстап көріп оның моншаққа ұқсайтынын, жіпке әкеліп кигізуге тырысады.

 

 

Сопақша пішіндердің көп екенін айтады.

 

Дөңгелек ішінен сопақша пішінді заттар шыққанда таң қалысып, онық астындағы шарларды бір бірден алған кезде үруге жұмыстанады. Демалыс жаттығуын жасайды.

 

 Шарды үріп болып салыстырып көреді. Үлкен-кішілігін ажыратады.

 

 

Сопақша заттарды ашып көргенде қатты қуанып, кәмпитті ауыздарына тезірек салып дәмін татады.

Әуелі тәтті деп, сәлден соң ащы екенін сезеді.

 

 

 

Айырқалпақпен қоштасып рахмет айтады.

 

 

 

Жетекші жөндеуші

Бүгінгі келген айырқалпақтың не алып келгенін әңгімелей келіп, түстер мен пішіндерді, шардың көлемін, дыбысты, дәмді сезу мен сипап сезу сезімдерін жетілдірту және ажыраттыруды тиянақтап, балаларды мадақтап қотындылайды.

 

Сұрақтарға жауап беру арқылы, пішіндер мен түстерді, үлкен-кіші ұғымын, дәмді, дауысты ажырата білуді  үйретіп қайталайды.

Сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдылау.

 

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады:  заттардың сенсорлық қасиеттерін ажырата білді.

Ұғыну, қолдану:  ұяшықтарға пішіндер мен ойыншықтарды орнатып, шарларды үріп, моншақтарды жіпке тізіп, үй жануарлары дауыстарын ажыратып, дәмдерді сезіп, түстер мен пішіндерді ажыратып, тапсырмаларды орындады.

 

Аспан әлемі. «Ғарышқа біз ұшамыз»

$
0
0

 

Тақырыбы: Аспан әлемі.  «Ғарышқа біз ұшамыз»

1-сәбилер тобы

Білім беру саласы: таным, қатынас, шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: айналамен таныстыру, тіл дамыту, сурет салу, сенсорика

Тақырыбы: Аспан әлемі.  «Ғарышқа біз ұшамыз»

Мақсаты: балаларды аспан денелерімен таныстыра келіп, байланыстырып сөйлеуге, тәрбиешінің айтқанын дұрыс қайталауға,  сурет салу кезінде түсті ажырата алуы, қылқаламды дұрыс ұстап, өздігінен жұмыс кезінде заттарды дұрыс орналастыра білуге және ұқыптылыққа үйрету.

Көрнекіліктер: ай мен жұлдыз салынған қара плакат, қолдан жасалған зымыран, балаларға үлестірмелі құралдыр ай мен жұлдыз суреттері, қара түсті жолақшалар әр балаға жеткілікті, қара картон қағаз, бояу, қылқалам, үлгі, ыдыстағы су, тұғыр.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі

«Жылулық шеңбері»

 

 

 

Мақсаты:

 Балалардың тілін, ақыл ойын дамыту.

Терезеге қараңдаршы ненің сәулесі түсіп тұр?

Қазір күндіз, ал кешке қараңғы батып түн болады екен. Біз жерде тұрмыз, ал жоғарыға қарасақ аспанды көреміз.

Түнде ай түсіп аспанда жұлдыздар жарқырайды

Суреттен ғарышкер ағаларымыздың суретін көрсету, олар туралы әңгімелеу.

Ғарышкер дегеніміз аспанға зымыранмен ұшып барып, аспандағы жұлдыздарды айды тағыда басқа аспан денелерін қарап зерттеп келетін адам. Ол осы суретте көріп тұрған ғарышкер  Талғат,  Тоқтар ағаларымыз.

Кім ғарышкер болғысы келеді?

 

Сәлем бердік алтын күн!

Сәлем бердік ашық аспан!

Сәлем бердік жер ана!

Сәлем бердік баршаңа!

 

 

 

 

 

 

 

Күн сәулесі терезеге түсіп тұр.

 

Кешке түн болады .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар суреттен ғарышкер ағаларды көріп әңгімені тыңдап тамашалайды.

 

Мен деп дана тақпағын айта жөнеледі.

Батыр болам, көк аспанды сүемін,

Жұлдыздарға барып келіп жүремін.

Ұйымдастырушы ізденушілік

                           

Сендер сол аспанға ұшып барғыларың келеме?

Ендеше біз бүгін мынау тұрған зымыран деп аталатын көлікке мініп аспанға ұшамыз. Қане зымыранды кім айдап барады ?

 

 

 

Тәрбиеші балаларға қане бәріміз көзімізді жұмамыз, ұшуға дайындаламыз дейді.

Ал қане аспанға да келдік көзімізді ашамыз.

Тақтада ілулі қара плакат бетіндегі ай мен жұлдызға көңіл аудартады. Таныстырып әңгімелеп береді.

 

Мына жерде бір нәрсе жылтырайтын секілді балалар, барып қарайықшы, мынау қорапшада не бар екен?

Бұл тапсырмалар екен. Осы тапсырмаларды орындауымыз қажет.

1.Тапсырма жұмбақты шешу.

« Түнде аспанды торлайды, жарқырайды, ал күндіз жоқ»

2. Жұлдыздар суретін қара картон бетіне ақ түспен нүктелер арқылы қылқаламмен салу.

Мақсаты: балаларды бенелеу өнерінде ұқыптылыққа баули отырып, қылқаламмен қара картон бетіне нүктелер арқылы жұлдыз суретін салдыртып үйрету.

Ал балалар орнымыздан тұрып  «Күн мен түн» ойынын ойнап бой сергітіп алайықшы.

 

 

3. Тапсырма: қара түсті жолақша бетіне, яғни жоғарысына бір ай, төменіне көп жұлдыздарды орналастыруы қажет.

 

Өз бетімен жұмыс жасайды.

 

 

 

Ал балалар барлық тапсырманы орындадық, енді тобымызға оралып жерге түсуіміз қажет қане, орнымызға жұптасып тұра қаламыз, Айкөркем зымыранды от алдырады көзімізді жұмамыз, гуілдеген дабыс шығып ол тоқтағанда көзімізді ашамыз. Міне жерге де келдік.

 

Балалар қуанып, қолдарын соғып секіреді.

Балалар зымыранға жақындай түседі.

 

 

Айкөркем мен деп зымыранға қарай бет алып, балала дың алдына барып тұрады.

Балалар  жұптасып бірінен соң бірі тұрады.

Көздерін жұмып зымыранның гуілдеген дауысын тыңдап тұрады. Гуіл басылып, балалар көзін ашады.

Айналаға қарап таң -тамаша болады.

Ай мен жұлдыздарды қарайды.

Сұрақтарға жауап беріп ай мен жұлдыздармен танысып, қайталайды.

 

Таңданысып тәрбиешімен бірге қарайды.

 

 

 

 

 

 

Жұмбақтың шешуі жұлдыз деп табады.

 

Шығармашылық саласы бойынша суретті қара картон бетіне ақ түсті гуащпен қылқалам арқылы нүктелер салады.

 

 

 

 

 

 

«Күн мен түн» ойынын ойнап бой сергітіп алады.

 

 

 

Әр бала алдарына берілген жолақша бетінің, жоғарғысына бір ай, төменіне көп жұлдыздарды қойып орналастырады.

 

Балалар барлық тапсырманы орындап өз бетімен жұмыс жасайды.

 

Балалар жұптасып тұра қалады, көздерін жұмып тәрбиеші белгісімен көздерін ашады. Жерге келген соң қуанып, риза болады.

Жетекші жөндеуші

Жаңа білімдерін жинақтап, балаларға сұрақтар қою. Бүгін біз қайда бардық? Аспаннан не көрдік, сендерге ұнады ма?

Ненің суретін салдық?

Жолақша бетіне нелерді орналастырдық?

Өскенде ғарышкер болғыларың келеме?

Зымыранмен аспанға ұшқыларың келеме?

Балаларға салған суреттерін, жасаған жұмыстарын көрсету, мадақтау.

 

Аспанға барып, онда ай мен жұлдызды көргендерін.

 

Жұлдыз суретін салғанын, ай мен жұлдызды жолақшаға орналастырғанын, жұмбақ шешкенін, ойын ойнағандарын айтып әңгімелейді. Өскенде ғарышкер болып аспанға ұшқылары келетінін қуанышты сезіммен жеткізеді.

 

Күтілетін нәтиже :

Білуі керек: тақырып туралы, жаңа сөздер, түсіну.

Түсінеді :  күн мен түнді, аспан мен жерді, ай мен жұлдызды, зымыранның не екенін ажырата білу.

Қолдана біледі : тапсырманы өз бетімен орындауды, жұмбақты шешуді, сурет салуды, салыстыруды, ойынды ойнауда  ережені орындауды  білу.

 

 

Астанадағы мектептердің дәретханасын күлкіге айналдырған Сыздықованың өзі сын астында қалды

$
0
0

Бақыт Сыздықова елімізде дәретхана революциясын жасауды ұсынды. Экс-депутаттың айтуынша, оған аймақтардан мектептегі ашық-шашық әжетханаға шағымданушылар қатары көбейген, деп хабарлайды КТК

Қоғам белсендісі Астанадағы №7 мектептен есігі мен қалқаны жоқ дәретхана көрдім деп,  әлеуметтік желіде жар салған еді. Осыдан кейін Сыздықова әжетхана  жанашыры болып шыға келді. Ал мектеп басшыларының өз уәжі бар.

Бақыт Сыздықова Елордадағы №7 мектепте өткен спорттық сайысқа  қазылар алқасының мүшесі болып барған. Есік пен унитаздың арасын бөліп тұрған қабырғасы жоқ дәретхананы да сол жерден тапқан екен. Қоғам белсендісі әжетхананы суретке түсіріп, интернетке жариялаған. Мұны көрген қала әкімі Әсет Исекешевтен бастап Білім басқармасындағылар жалма-жан экс-депутатқа жауап жазыпты. Осылайша аяқ асты дәретхана жанашырына айналған Сыздықоваға қазір мектептердегі ашық-шашық әжетханаға шағымданушылар саны еселеп артқан көрінеді. Сыздықова тіпті қызды-қыздымен  елімізде лас дәретханаларға қарсы ауқымды күрес жарияламақ.

“Менің жазбамнан кейін жан-жақтан хаттар келді. Елімізде дәретхана революциясын жасайтын уақыт жетті деп ойлаймын. Мәселен, Қытайда үшінші рет дәретхана революциясы  өтіп жатыр. Астана ғана емес, Алматы, Қызылордадағы мектептерде де әжетханалар  сын көтермейді”, – дейді қоғам белсендісі Бақыт Сыздықов.

Бірақ, Бақыт Сыздықованың бұлай дүрлігуіне қарсы шығып жатқандар да бар. Сыздықова сияқты тағы бір белсенді Айдар Қырықбаевтың айтуынша, экс-депутат әжетхананы желеу қылып, өзіне жұрттың  көңілін аудармақ.

“Бұл кісі осы халықты, журналистерді, газет, телеарналарды өзіне көңіл аудару үшін «атың шықпаса жер өрте» деп,  түймедей нәрсені түйедей қылып шығарды. Менің Бақыт Сыздықоваға қарсы болғаным,  ол кісінің өзінің қара пиармен айналысып жүргеніне осының өзі дәлел”, – дейді Айдар Қырықбаев.

Бұрын Астаналық мектептердегі дәретханаларда есік, қабырға  болған. Білім басқармасы 2010 жылы унитаздардың арасындағы қалқандарды  жаппай алып тастау туралы бұйрық береді. Мектеп директорлары тек биыл дәретханаға қайта есік салыңдар деген тапсырма алыпты.

Сыздықова шулатқан №7 мектеп осы. Оқу орнының директоры қарашада тендер өткізіп, унитаздардың арасын бөліп, жеке кабинкалар жасатқан екен. Бірақ талапқа сай болмағандықтан, басшы оны бұзып қайта салуды талап еткен. Осы аралықта әжетхана экс-депутаттың көзіне түсіпті.

“Мен директор ретінде талап еттім.  Мынаны қайта бұзып бәрінікімен бірдей қылып,  жөндеп беріңіздер дедім.  Оқу процессі кезінде ол болмайды. Бір сенбі, жексенбі, бұзумен кетті”, – дейді Жанат Айтова.

Жалпы, Астанада есік-қабырғасыз 6 мектеп бар. Солардың бірі №30 мектеп-гимназия. Мұндағы унитаздардың қалқаны болғанымен, есігі жоқ.

“17 тамызда жаңа санитарлық тәртіп пен норма шықты. Ол бойынша туалеттерде есік болуы тиіс. Қазір балалар оқып жатқандықтан, жаңа талапты  қысқы демалыста  орындаймыз. Бастысы мәселе дәретханада емес, тәрбие мен білімде ғой”, – дейді Астана қаласындағы №30 мектеп-гимназияның директоры Сәуле Әзімханова.

Яғни, Сыздықова сынады екен деп, астаналық мектептер оқуды тоқтатып, жаппай  әжетханаға есік салуға кірспейді.

Ал экс-депутат мұнымен шектелмек емес. Бақыт Сыздықоваға әжетханада флешмоб ұйымдастырайық деп ұсыныс жасап жатқандар  бар. Жастарды жинап, жұртты шулатудан Сыздықованың тәжірибесі мол. Студенттермен бірге Гарлем шейк билеп елді елең еткізген қоғам белсендісі бір күні дәретханадан тікелей эфирге шығуы да ғажап емес.

Жаңа 500 теңгеге қатысты тағы бір шу шықты

$
0
0
Бұл жолы басқа емес, экс-депутат, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов әлеуметтік желідегі парақшасында мәселе көтерген. Жақында шыққан жаңа 500 теңгеде Астанадағы «Мәскеу» бизнес-орталығы бейнеленген. Ал бұл ғимарат Ресей азаматтарына тиесілі
«Неге МӘСКЕУ біздің ұлттық символымызға айналды? Бұл сурет жаңа 500 теңгеде қайдан жүр? Ұлттық валюта біздің егемендігіміздің символы ғой. ҚР Ұлттық Банкі Ресей азаматтарына тиесілі жеке меншік «Мәскеу» бизнес-орталығының купюраға түсуіне қалай жол берді? Жарайды, бейнесі бұлыңғыр шағаланы шатастырып алуға болар, ал мұнда ҚР Парламенті Сенатының жанына, Парламент Мәжілісінің ғимараты тұрған жерге «Мәскеу» ғимаратын салу кездейсоқтық болуы мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңы бойынша мемлекеттік қызметкер қандай да бір бизнеске басымдық бере алмайды. Біздің Астанамыздағы көптеген көрнекті жерлерді салуға болатын еді ғой. Ал мына купюрада бизнес орталыққа тегін жарнама жасалған. Бұл нұсқаны кім ойлап тапты? Қанша төленді? Суреттердің авторы кім? Жергілікті авторлар ма, әлде, шетелдіктерме? Тапсырыс берген біздің Ұлттық Банк пе, әлде, ресейліктер ме? Бұл купюрада қай елдің президентінің қолы қойылған?»-дейді Мұрат Әбенов.
 
Бұған дейін осы банкноттағы шағаланың бейнесіне қатысты дау туындаған болатын. Ұлттық банк оны көгершін дегенімен, желі қолданушылары шағала екенін айтқан. Ал кейін ол суреттің шетелдік автордың суреті екені анықталды.
 
Дереккөз: Reactor

Қағаз қалай пайда болды?

$
0
0
Қағаздың пайда болуы дүниежүзіндегі ең үлкен жаңалық болып есептеледі. 

Бәріміз де күнделікті өмірде қағаз өнімдерін пайдаланамыз. Алайда оның қашан, қалай пайда болғанын, кім ойлап тапқанын біле бермейміз
Қағазды ойлап тапқан ел - Қытай. Бұл жай ғана сәйкестік емес. Қытай мемлекеті бағзы замандардан-ақ кітап жазу шеберлігімен, басқару төрелігімен мықты болғандықтан, қажетті ақпаратты үнемі қағаз бетіне түсіріп отыруға міндетті болған. Қытай елінде қағаз пайда болмай тұрғанда олар ақпаратты бамбук ағашына, жібек маталарға жазатын болған. Бірақ бұл тиімсіз болатын, біріншіден жібек мата қымбат, ал бамбук таяқшасы ауыр. Сондықтан қытайлықтар жібек өндірген сияқты қағаз өндіру ісін де ойластыра бастады.

Елде бамбук ағашы көп өсетіндіктен қағазды да бамбук ағашынан дайындады. Бамбук ағашын жұқа шырпыға бөлшектеп, әкпен сулап, бірнеше күн бойы қайнатады. Дайын болған қоймалжың затты арнайы шұңқырда ұстап, мұқият араластырады, кілегей тәрізді зат пайда болғанша үстінен су қосып отырады. Осы тәрізді бірнеше өңдеу сатыларынан өткен соң ақыр соңында қатпарлы, жұқа парақтар пайда болады.

Қытайлар ұзақ ғасырлар бойы қағаз өндіру жолын құпия ұстап келгендіктен өзге мемлекеттер оны кеш меңгерді. 751 жылы Тянь Шань жерінде араб-қытай қақтығысында бірнеше қағаз өндіру шеберлері арабтардың тұтқынына түскен. Осы тұтқындардың арқасында арабтар қағаз өндіру кәсібін үйреніп алған.  

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

$
0
0

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы.

Мақсаты: Ата – аналардың үлгісі негізінде балаларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.  Ата- ана , тәрбиеші, бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт- дәстүр арқылы бала бойынада асыл да адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Міндеті: салт – дәстүрімізді ұрпақ бойына сіңіріп, ұлттық тәрбие беру.

Көрнекіліктер мен қажетті құрал - жабдықтар: отбасы туралы суреттер, ұлттық салт- дәстүрге қатысты суреттер мен заттар.

Барысы: ата-аналармен бірге ойындар, сұрақ жауаптар т.б

1  Сан сұраққа саяхат

2 Сыңарын тап

3 Ұрпақ үшін тыйым сөздердің пайдасы барма?

4 Сіздің пікіріңіз

                               

                                          Кіріспе бөлім

Сәлеметсіздерме ата-аналар, бүлдіршіндер біз бүгін Отбасындағы тәрбие бала өміріндегі маңызды роль атқаратынын сөз ете отырып сіздермен бірге қызықты тәрбие сағатын өткелі отырмыз.

                                        Шаттық шеңбері

Мына сұлу әлемде

Адам өмір сүреді

Үлкен менен кішіге

Күн сәулесін төгеді

                                         Негізгі бөлім

«Әке - асқар тау, ана - баурайындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ» деген . Сәби үшін ең жылы ұя ата – ананың аялы алақаны, мейрімі. Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Бала тәрбиесіне арналған асыл сөздерге тоқталу.

1  Сан сұраққа саяхат

1 Жеті ата деген не?,  өз жеті атаңды білесіңбе?

2 Төрт түліктің пірлерін ата?

(Ата – аналармен бірге)

2 Сыңарын тап

1 Әдепті бала ата- анасын мақтатар----------------------------------------

(әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

2Ана сүтін ақтамағанды   ---------------------------------

(ешкім жақтамайды)

 

3Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, --------------------------------------------

(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)

4 Қарағайға қарап тал өсер----------------------------------------

(қатарына қарап бала өсер)

 

5 Үйінде  ұл- қызы бардың  ------------------------------------------

(көгінде сөнбес жұлдызы бар)

Ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы сондықтан да болашақ ұрпақты ұлтжанды, рухани, Отанын , жерін сүйе білетін азамат етіп тәрбиелеуіміз қажет.

Ол үшін бала бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп өсіргеніміз абзал.

Кім біледі ұлттық салт- дәстүр дегеніміз не ?

Қыз ұзату, тұсау кесу, той малы, сәукеле кейгізу, есік ашар, құйрық бауыр, бесікке салу т.б.

Ендеше осы айтылғандардың кез келгенін алып балаларға көрсетіп азда болса ой салып тәрбие берейік.

Тұсау кесу дәстүрі

Ата –бабаларымыз жас нәресте алғаш қадам басып жүре салысымен оның тұсауын кесіп болашақ жолын ашып беретін болған. Тұсауды өнегелі елге сыйлы жасы үлкен қарияларға кестіретін болған себебі жас нәресте сол кісіге ұқсасын деген ырыммен.

Тұсауды ала жіппен

Тоқ ішекпен

Көк  шөппен кесетін болған олардың да өзіндік мән- мағынасы бар,

Ала жіп -кісінің ала жібін аттамайтын адал болуға

Тоқ ішек- келешекте сол баланың айналасы Отбасы туған туысы тоқ болып жүруіне

Көк  шөп- осы бала көгеріп көктесін жайқалып өссін, мал жаны көп болсын деген ниеттермен осылай жасайтын болған екен біз де осы салт- дәстүрді берік ұстанып ұрпақ тәрбиесінде кеңнен насихаттауымыз керек

 

                                        Сергіту сәті

Ал балалар тұрайық

Алақанды ұрайық

Оңға қарай бұрылып

Солға қарай бұрылып

Бой  сергітіп алайық

 

 

Жығылып  жатып сүрінгенге күлме

Күлме досыңа келер басыңа

Ауру қалса да әдет қалмайды

Ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі  деген сияқты нақыл  сөздерді бала бойына сіңіріп күнделікті айтып құлағына сіңіріп отырсақ біздің келешек ұрпақ  тәрбиелі болары сөзсіз .

                                                 Қорытынды бөлім

Ұлт тірегі білімді ұрпақ қолында

Ізденіңдер білім алу жолында

Еліңді сүй жеріңді сүй құрметте

Бүлдіршіндер алау оттай жалында

Құрметті ата-аналар  келіп ой пікір бөлісіп балаларыңызбен бірге тәрбие сағатына қатысып  ұрпақ тәрбиесі үшін аз да болса ой түйіп, атсалысқандарыңыз үшін  көп-көп рахмет.

                                                  Күтілетін нәтиже

Түсінеді:  ұрпақ тәрбиесі  үшін нақыл сөздер мен салт- дәстүрдің маңыздылығын.

Қолданады : нақыл сөздерді, салт –дәстүрге қажетті заттарды.

Меңгереді: сахналық қойылым көрсетуді, тәрбиелі сөздер айтуды

Ақтөбеде тоңған оқушылар мектепте сырт киіммен отыруға мәжбүр

$
0
0

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары сабақта сыртқы киіммен отыр. Жел мен аязды күні мектеп іші суытып кетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Ақтөбе қаласындағы таңдаулы мектепте жылу бар, жылуды ұстап тұруға мүмкіндік жоқ. Терезеден келетін жел мен ызғар оқушыларды тоңдырған соң мектеп әкімшілігі оларға сырт киіммен отыруға рұқсат берген.

Оқушылар бірнеше қабат киім киіп, аяқтарын жылы ұстауға тырысады. Бірақ тапжылмай отырған оқушылар тоңып жүргендерін жасырмады. «Мектеп іші салқын. Отырған соң қолымызға дейін тоңып қалады»,- деді мектеп оқушысы Серік Әкімжан. Ата-аналар да соңғы уақытта қалтырап келетін балалары үшін алаңдап отыр.

Ақтөбе қаласындағы №24 лингввистикалық  мектеп-гимназиясы 45 жыл бұрын салынып, пайдалануға берілген. Жылу жүйесі жаңартылып, 10 жыл бұрын жөндеу жұмысы жүргізілген. Бәрін тексере келе ескі, ағаш терезелерден жел келетіні, жылу батареялары қаншалықты ыстық болғанымен, бәрі далаға кететіні анықталды.

Мектеп кейбір терезелерді демеушілердің көмегімен жаңартып алған. Басым бөлігі, әсіресе жоғары қабатта ескі терезе тұр. «Терезелерді ауыстыруға, жөндеуге қаржы сұраған едік. 2017 жылы қаржы бөлінбеді.

2018 жылға да бюджеттен қарастырылмай қалды. Қаржыны жылу, электр желісін жаңартуға, терезелерді ауыстыруға сұраған едім»,- деді №24 мектеп-гимназиясының директоры Ғалия Ешмұханбетова.

Айта кетейік, Ақтөбе қалалық білім бөлімі №24 мектептегі проблеманы біледі. Олар балалардың тоңатынынан, сырт киіммен отыратынынан хабардар. Бірақ дәл қай уақытта жөндеу жүргізетінін айта алмады. Ақтөбе қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлназ Мырзағалиеваның айтуынша, жөндеу жүргізу үшін алдымен құжаттарын түгелдеуі қажет. Биыл барлығы 8 мектеп күрделі жөндеуден өтсе, оған 350 миллион теңге жұмсалған.  


inform.kz

 

Кириллица әліпбиі: Әуелгі мақсат христиан дінін уағыздау

$
0
0
Кириллица — славян әліпбиінің алғашқы екі түрінің бірі (екіншісі – глаголица). Әліпби славян ағартушысы Кириллдің атымен аталған әліпби. Кирилл 827 жыл шамасында Фессалоники (Солунь)қаласында туған. Кирилл славян елдеріне христиан дінін уағыздау үшін славян әліпбиін жасайды. 
Грек жазуының 25 әріпіне славян тілінің дыбыстарын белгілеу үшін қосымша 18 әріп қосып, 43 әріптен тұратын әліпби құрастырды. Қазіргі Кириллица 43 әріптен тұрады, ол әуелде 38 әріптен құралып, оған 5 әріп кейін қосылды. Кириллицаның әріптік құрамы көне славян тілінің дыбыстық жүйесіне сай келеді, сондықтан ол қазіргі славян тілдерінің көпшілігінің әліпбиіне негіз болды. Кириллица грек жазуы негізінде жасалған. Ресейге Кириллица 10 ғ-да енген.

 Орыс әліпбиінен Кириллицаның 12 әрпі шығарылып, екі жаңа әріп (й, е) қосылған.1940 жылы Кеңес Одағы халықтары біртекті әліпбиді қолдануы қажет деген саясатпен КСРО құрамындағы халықтардың жазуы жаппай кириллицаға көшірілді. Оның ішінде қазақ жазуы да кирилл әліпбиіне көшіріліп, бүгінге дейін қолданылып келеді.

Орыс тілінде жоқ қазақ тілі дыбыстарының таңбалары кирилл таңбаларына ұқсастырылып (қ-к, ғ-г, о-ө, ң-н), қазіргі қазақ әліпби қабылданды. Бұл әліпбидің қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін толық таңбалай алмауына байланысты кейінгі жылдары қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру мәселесі көбірек көтерілуде.

Абылай хан - талантты қолбасшы, сарабдал саясаткер, кәсіби дипломат ретінде.

$
0
0

Абылай хан - талантты қолбасшы, сарабдал саясаткер, кәсіби дипломат ретінде.

Биыл, қазақ елі үшін ерекше маңызды жыл. Себебі, қазақтың мемлекеттілігіне – 550 жыл толып отыр. Хандарымыз Керей мен Жәнібектің Шайбанилер өкілі Әбілқайыр ханнан іргесін бөлек салып, өз алдына орда көтеріп, Қазақ хандығын құрғандығына биыл – 550 жыл.

Елбасымыз осы орайда өзінің Ұлытауда берген сұхбатында: «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны білуі керек. Біз кеше ғана пайда бола қалған халық емеспіз» деген болатын.

1465 жылы ірге тіктеген Қазақ хандығы халқымыздың тереңнен бастау алатын тарихының жарқын беті, исі қазақтың ұлт болып ұйысқан кезеңі.

Керей мен Жәнібек хандар негіздеген Қазақ хандығы өз тарихында қилы кезеңдерді басынан өткерді. Қасым мен Хақназардың күшейіп, атағы шартарапқа таралып, қазақ үшін «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» мамыражай кезең орнатқан  әз Тәуке билігінен кейін елден билік кетіп, іргедегі жауларына есе жіберді. Міне, елбасына күн туған сол бір аласапыран кезеңде өзінің алғырлығымен, көзсіз батырлығымен, даналығымен билікке келген Абылай ханның қазақ тарихында алар орны ерекше.

Бүгінгі қазақ арасында, Абылай ордасы, Абылай жайлауы сияқты атаулар сақталып қалған, «Абылайдың асында шаппағанда.....!» деген сөз тіркесі, осындайда жасамағанда қашан жасамақсың мағынасына мағынасына саяды. Өткеннен мұра болған, негізінен қытай қазақтарының арасында сақталған “Абылай хан” — тарихи жыры да мәлім. Сонымен қатар, Абылай: «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» және т.б. күйлердің авторы ретінде белгілі. Бұл мысалдар, ұлы ханымыздың сегіз қырлы бір сырлы тұлға болғандығын дәлелдей түссе керек.

Тіпті заңғар жазушымыз – Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өзі, өзінің келесі ауқымды еңбегін Абылайға арнамақ болып, сол бағытта үлкен ғылыми ізденістер жүргізген екен. Тек, жазушының тосыннан келген сырқаттан дүние салуы ғана бұл жоспарын орындатпай тастаған [1, 116 б.].

Қанша уақыт өтсе де халық жадында осылай берік сақталған, артында үлкен рухани мұра қалдырған, бірнеше буын зерттеушілеріміздің ізденісіне себепкер Абылай ханымыз қандай тұлға? Және ханның халқының алдындағы осыншалық абырой –беделі немен байланысты? Мақала осындай сұрақтарды қамтып, мүмкіндігінше тарихи қайраткеріміздің түрлі қырларын  аша түсуге бағытталған.

Абылай хан – хан тұқымынан. Жошы тармағынан тарайды, оның ұлы Тоқай Темір, оның перзенті Өз Темір,  оның ұлы Қожа (кейде Тоқұлқожа), оның баласы Бадақұл Оғлан, одан  Орыс хан (1361 ж. Ақ Орданың ханы.). Орыстан Құйыршық хан туылады, Құйыршақтан Барақ хан. Одан Әбу Саидхан (Әбусағит) туылады. Қазақ халқы оны Әбусағитты – Әз Жәнібек деп те атайды [2, 178-179 б.]. Ал Әз –Жәнібек Абылайдың сегізінші атасы.

Жәнібек  Керей ханмен бірге қазақ мемлекеттілігінің, яғни қазақ хандығының негізін қалаушы. Жәнібектен Жәдік туылады. Жәдіктен Шығай тарайды. Шығайдан еңсегей бойлы ер Есім (1598 -1628), Есімнен Салқам Жәңгір (1652 ж.д.с.), Жәңгірден Уәли (Уәли бақы, Уәли бақи), Уәлиден қанішер Абылай (атасы), одан әкесі көркем Уәли, көркем Уәлиден Әбілмансұр дүниеге келді. Дүниеге келген жылы бір деректерде 1711, екіншілерінде 1713 ж. деп көрсетіледі. Халық жадында, Тәуке ханның билігі (1626. 1680 -1718 жж.) тыныш, берекелі кезең ретінде қалған. Сондықтан да, Абылайдың балалық шағына сәйкес келген Тәуке билігі қазақ үшін бейбіт әрі берекелі жылдар болды.

Ақсүйек билеушінің отбасында дүниеге келгенімен, жастық шағында Абылай да ойын баласы болатын. Бірақ ұлы ханның  балалық кезеңі қазақ тарихындағы қаралы уақыт «Ақтабан шұбырынды – Алқакөл сұлама» жылдарына сәйкес келіп, қайғы мен қасіретке, ауыртпашылыққа толы болды. Абылайды жасынан өткір, батыл болып өсуіне мұндай тағдыр тәлкегі де себепкер болса керек.

1722 жылы Цин императоры Канси қайтыс болады. Жоңғарлар қалыптасқан жағдайды пайдалана отыра 1723 жылы қоңтайшы Цеван Рабдан тұсында  70 мың әскермен (кей деректерде 100 мың деп көрсетіледі) қазақ даласына басып кіріп, қазақ халқын ауыр жеңіліске ұшыратады (Қайың сауған ақ тышқан жылы. Қоян, тышқан негізінен жұтты жылдар болған). Жау қазақтың астанасы Түркістанды алғанда әкесі көркем Уәли шайқаста қаза табады [3]. Сенімді жалшылардың бірі, Әбілмансұрды жасырып, соңынан өзімен бірге қаладан аман алып шығады. Жаугершілік заман болғандықтан, хан тұқымы өз шығу тегін жасыруға мәжбүр болып, күнкөріс қамымен түрлі жұмыстармен айналысады. «Сабалақ» есімімен Үйсін Төле бидің түйесін, Әбілмәмбеттің жылқысын бағады. Бірақ, көпті көрген, өмірлік тәжірибесі мол Төле би Сабалақтың қарапайым жалшы емес екендігін аңғарады. Көптеген аңыз әңгімелерге сәйкес, Сабалақтың бойындағы ақсүйектік  оның қанша ашықса да лас ыдыстан тамақ ішпеуінен, бір үзім нанның өзін серіктерімен бөле жеуінен аңғарылған екен. Қарны қаншалықты ашқанымен өзгелер сынды тамаққа ашкөзділік танытпаған, ешуақытта жерге жәй отырмастан, төсеніш төсеп отырады екен. Аталған қасиеттердің барлығы бидің назарын өзіне аударады.

Абылайға берілген тарихи мүмкіндік те көп күттірмейді. Жоңғардың жорығы қазақ халқына ауыр тиіп, жауынан ойысқан жекелеген Орта жүз бен Ұлы жүз рулары Самарқанға дейін, Кіші жүздің рулары Хиуа мен Бұхараға үдере көшеді. Халықтың мұңы мен зарын бейнелейтін «Елім -ай» әні шығады. 1726 жылдың күзінде Бадам өзенінің жағасындағы Ордабасыдеп аталатын төбеде қазақтың игі жақсылары жауға қарсы соғысу мақсатында жиылып, кеңес құрады. Жиынға Әбілхайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Жолбарыс сынды хандардың, сұлтадардың, Төле би, Қазыбек би сияқты билердің, батырлардың жиналғандығы тарихтан белгілі. Жиын қорытындысыда, бірауыздан бас қолбасшы болып – Әбілхайыр, бас сардарбек болып – Қанжығалы Бөгенбай батыр тағайындалады [4]. Шашыраңқы қазақ қолы біріктіріледі.

Алғашқы жеңіске Орталық Қазақстандағы Бұланты мен Білеуті өзенінің арасындағы Қарасиыр аталған кең жазықта қол жеткізілді. Бөгенбаймен басқарылып, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Тама Есет, Шақшақ Жәнібек, Малайсары және Тарақты Байқозы батырлар қатысқан бұл шайқас қазақ халқының сенімін арттырған үлкен жеңіс болды.

Ал 1729 жылы Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Итішпестің Алакөлі маңында қазақ тарихында ерекше маңызға ие Аңырақай шайқасы болып өтті [5,65 б.].  Шығысында Шу – Іле суайырық жоталары бар. Қазақ қолы Хантаудағы, Үлкен Орда қонған деп аталатын ыңғайлы жерге орнығады. Ал шайқас алаңы 200 шақырымдай аумақта жүргізіледі.

Соғыс жекпе – жектен басталып, жоңғар жағынан батыр, қолма –қол шайқастың шебері, әйгілі қолбасшы, Қалдан Цэреннің ұлы Шарыш шығады. Қазақ жағынан 17 жас шамасындағы Сабалақ шығады. Жекпе – жек сол сәтке дейін қазақ ортасында мүлдем беймәлім – Сабалақты, яғни Әбілмансұрдың жеңісімен аяқталады. Жауына абылайлап шапқан Сабалақтың батырлығы, абыройы күллі алты алашқа жайылады. Осы шайқасқа тікелей куәгер болған Бұқар, Үмбетай, Тәтті қара жыраулар оны жырына қосса. Уақыт өте бұл оқиға М. Тынышпаев, М. Көпей, Ш. Құдайбердиев және т.б тарапына жазылады. Абылайдың ерлігі туралы өзінің «Сабалақ» атты поэмасында Абайдың шәкірті Көпбай ақын да жазады.

Жалпы, көп зерттеушілер жыр дастандарды сенімді дерек көзіне санамайды. Бірақ, ауыз әдебиеті дамыған  қазақ халқының тарихын жазуда батырлар жырының, жыр дастандардың маңызы үлкен. Тіпті, танымал тарихшымыз Ермахан Бекмаханов: «Тарихшылар үшін қазақ фольклоры шынайылығы, байлығы, айғақтылығы бойынша таптырмас қазына» деп атаған болатын.

Аңырақай шайқасынан кейін қазақ арасында Абылай атанған Сабалақтың шығу тегін қызығушылық артып, оның билеушілер ұрпағынан екендігі анықталады. Бірақ, Абылай әрине бірден хан болмайды. Әбілмәмбеттің шатырына шақыртылған Абылай ХVIII ғ. 30 жылдарынан сұлтан атанып, ел басқаруға белсенді араласа бастайды. 

Замандастарының айтуына қарағанда Абылай орта бойлы, еті тірі, ширақ, яғни жылдам қимылдайтын, ер мінезді, сыртқы бейнесі көркем, досына адал, жауына қатал адам болған екен. Абылайдың жауына қаталдығы, стратегиялық маңызды сұрақтарда кері қадам жасамағандығы, сөзге шешендігі тарихтан белгілі. Абылай табиғатынан жаңаны білуге ұмтылған. Мысалы, князь, генерал  Владимир Урусовтың күнделігінде Орта және Кіші жүз билеушілерінің Ресейге адалдығы туралы 1740 жылдың 19 тамызы мен 1 қыркүйегі арасында Орынборда ант беруі сақталған. 28 тамызда хан мен сұлтан штаб офицерлеріне, олардың шендеріне, әскери бөлімдерде неше адам болатындығына қызығушылық білдіреді. Сонда Абылай сұлтан, ханға қарағанда тапқырлық танытып, сұрақ қоя бергендігіне кешірім сұрап, сұрақтардың ресей тәртібін білу мақсатында қойылғандығын, одан үйренгісі келетіндігін айтады. Және өздерінің бас киіммен отырғандығына таң қалмауын, себебі, өздерінің салтары солай екендігін жеткізеді. Бұл сөзге ханда бас изейді....Бірде, Абылай біз Ордады Император ағзамның отты қарудың түр –түріне иелік ететіндігін естідік,соларды көрсек дейді... [6] бұл айғақтар арқылы Абылай ханның орыс тарапының әскери құрылымын, отты қаруға ұмтылушылығын, шешендігі мен тапқырлығын көреміз .

Орынборға сол сол 1740 жылғы сапарында, князь Владимир Урусов қазақ билеушілеріне орыс қаруының қуатын көрсетеді. Зеңбіректерден оқ атқызады. Бұл қадамдардың қазақтарға психологиялық тұрғыдан ықпал ету мақсатында жасалғандығы белгілі. Және оған қоса Жайықтан өткен башқұрттарды қазақтардың көзінше жазалайды: 55 дарға асылып, 120 адамның бастары алынады, 301 адамның құлақтары мен мұрындары кесіледі. Бұл сапардан, Абылайдың ой түйіп қайтқаны сөзсіз.

1730 жылдар қазақ халқы үшін ауыр жылдар болып қала берді. Аңырақай шайқасы үлкен жеңіс болғанымен, қазақтар өз жеңісін еселей алмады. 1730 жылғы ресми түрде ұлы хан болған Болаттың қазасынан кейін бас хандыққа оның жас ұлы Әбілмәмбет сайланады. Ал бас хан болудан басты үміткер болған Әбілхайыр өз иелігіне кетеді. Және бұл даңқты қолбасшының 1731 жылдан орыс үкіметімен жасаған ынтымақтастығын білеміз. Нәтижесінде, қазақ халқының бірлігі қайта бұзылды. 

Қазақта бірлік болмауының қандай екендігін жас та болса, тәжірибелі Абылай жақсы түсінеді. Сондықтан, ол жаулардан келетін құлдықтан құтылу үшін біріншіден, халықты біріктіру, екіншіден, әскери қуатқа ие болу екендігін жақсы ұғынды. Осы мақсатта ол әр жүздің ықпалды адамдарынан қолдау алып, бір ту астына батырларды біріктірудің қажеттігін ерте ұқты. Және Абылайдың бұл мақсатының белгілі бір деңгейде орындалғандығын білеміз. Төле би, Қазыбек би Бұқарлардың оның жанына табылғандығын білеміз. Батырлардан: Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шақшақұлы Жәнібек, Шапырашты Наурызбай, Баян, Тарақты Байғозы, Шанышқылы Бердіқожа, Олжабай, Балтакерей Тұрсынбайлардың оны қызу қолдағандығы туралы ақпарат тарихтан белгілі.

Абылайдың батырларымен жорыққа бірге аттанып отырғандығы тарихтан мәлім. Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1730 - 1731 жылдары бірнеше үлкен ұрыстар болғаны. 1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүз руларының шығыс бөлігіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Бұл шайқастар қытай деректерінде де көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30-40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау «Қалданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп...» [7]  деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар билік Әбілмәмбет ханнан Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатын мойындаған Әбілмәмбет оған ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. XVIII ғасырдың 30-жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы Алексей Ираклевич Левшин «1739 ж. Орта жүзде Сәмеке ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген» [8], - деп жазды. Ш.Уәлиханов та осы пікірді қолдайды.

1738-1741 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғарларға бірнеше мәрте соққы берді. XVIII ғасырдың 40 жж. Абылай Жоңғарияға қарсы өзінің саяси ойынын бастайды. Сол уақытта хан ордасында қашқын башқұрт Қарасақал болған еді. Абылайдың бастамасымен Қарасақал өзін Қалдан Цэреннің інісі, халық арасында үлкен беделі болған Шоно батыр ретінде жариялап, таққа үмітті екендігін білдіреді. Абылайдың Қарасақал сынды авантюристерге ерекше мән беріп, ел мүддесіне жақсы пайдаланғандығын білеміз. Мысалы, ресей империясына қарсы соғыс ашып, өзін III Петрмін деп таныстырған – Емелян Пугачевті де Абылайдың қолдағандығы тарихтан белгілі.

Бірақ, Қарасақалмен байланысты авантюра жүзеге аспады және Қалдан Цэрен қайта тірілген өз бауырының артында кім тұрғандығын біліп қояды. Абылайдан Қарасақалды сұратып, ізінше жоңғарлардың қазақтарға шабуылы басталады. 1741 ж. ақпан-мамыр айлары аралығында Абылай жоңғарларға тұтқынға түседі. Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады.Тарихи мәліметтерде қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор губернаторы Иван Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те білдірген. Ұзақ уақыт қоңтайшының ордасында болған Абылай жоңғар билігінің ішкі иерархиясымен танысып, жоңғар тілін жете меңгереді. Мұндай білігі ханның Жоңғарияға қарсы болашақ саясатында көп пайдасын тигізді. 1745 жылы Қалдан Цэрен қайтыс болады. 1750 жылы билікке Лама Доржының келуі мемлекет ішіндегі билікке таласты күшейтті. Бұл таластарда жеңіліс тапқан Даваци ноян туыстары Әмірсана және Байнджурмен бірге 1751 жылы күзде қазақтарға қашып келеді, оларды абақ керейлердің басшысы Қожаберген батыр күтіп алады. Абылай тұтқындағы уақытында Әмірсанамен анда (қандық негіздегі достық) болып, жоңғардың биліктегі чорос тайпасының қызын әйелдікке алған еді. Сондықтан, қайын жұртындағы саяи ахуалды өз елінің мүддесіне шебер пайдаланады. Ал Жоңғария билеушісі қашқындарды кері қайтаруын талап етеді. 1752 жылы жазда Ұлы және Орта Жүз рубасылары мен батырлары кеңес құрып, Абылайдың қолдауымен, саяси қашқындарды кері еліне қайтармауға шешім қабылдайды.

Ханның әрі Төле бидің ойы дұрыс болғандығын уақыттыі өзі көрсетті. 1753 жылдың жазында жоңғарлар қазақ даласына шабуыл жасағанда, Абылай Давациді бас етіп, жанына өз қарамағындағы барлық жоңғарларды және іріктелген  қазақ жауынгерлерін Қожаберген батырға басқартып тосыннан Жоңғарияға аттандырады. Нәтижесінде, Лама Доржы өлтіріліп, мемлекеттік төңкеріс жүзеге асады. Жаңа қоңтайшы Абылай қолдаған Даваци болды. Жаңа қоңтайшы бірден Абылайға өз алғысы мен достық ұсынған елшілікті жібереді. Бұл саяси қадам, Абылайдың даңқын асыра түсті. Бірақ, Даваци билігі ұзаққа созылған жоқ. Оған қарсы қазақтардың бір бөлігінің қолдауын алған Әмірсана қарсы шығады. Жоңғарлардағы саяси бытыраңқылықты Цин империясы шебер пайдалана бастады. Билікке талас барысында Даваци әлсіреп, қазақтардың қолдауымен Әмірсана жеңіске жете бастайды. Қытай деректерінде: «Егер тез шешім қабылдап, қозғалмасақ, қазақтар жағдайды өз пайдасына шешеді» делінген ақпараттар кездеседі.

Қытайлардың жоңғар жеріне басып кіруіне Әмірсананың қытай билігінен көмек сұрауы формалді себеп болды. Осылайша, өзінің саяси тұрғыдан үлкен қателік жасағанын, Даваци қолын оңай жеңген Әмірсана уақыт өте түсінді.  Бірақ, уақыт кеш еді. Цин империясы өзіне көп жылдар бойы қауіп төндірген жауынгер халықтан біржола құтылуды мақсат етті. Әмірсана халықты қытайларға қарсы көтеріп, Абылайдан көмек сұрайды. Ал Абылайдың пікірінше, геосаяси тұрғыда Жоңғария қазаққа сол тұста керек еді. Себебі, Цин империясымен арада буферлік мемлекет рөлінде болатын. Сондықтан, Абылай Әмірсананы қолдап, көмекке 8 мыңдай қазақ қолын жібереді. Бұл қытай тарапының абыржушылығын тудырып, Абылайға бүлікшілерді қолдауын тоқтатуын талап еткен бірнеше елшіліктер жіберіледі. Қытайларға өзінің  дұрыс ұстанымда екендігін жеткізгенімен, Абылай жоңғарларға көмегін тоқтатқан жоқ.

Бірақ, әскери қуаты басым қытайлар қолымен «жоңғар қырғыны» жүзеге асырылғандығы мәлім. Әмірсана бой сауғалап, қытайлар 1756  жылдың көктемінде Абылайға Әмірсананы өздеріне қайтару жазылған грамотаны жолдап, қайтармаған жағдайда  үлкен зияны болатындығынан хабардар етті.  

Дей тұрғанмен, сөзіне берік Абылай Әмірсананы қытайларға бермеді, сол жылдың жазында император Цянлунь (Хунли) қазақ жеріне генералдар Хадаха және Дардананың басшылығымен екі қытай іскерін жіберді. Шаған, Оба мен Қарқаралы шайқастары қазақтар үшін сәтсіз болғанымен жер жағдайын шебер пайдаланғандықтан қазақ әскері жау қоршауынан оңай шығып кетіп отырды. Абылай Баянауылда әскер жинап, күзде кезекті қазақ –қытай шайқасы болды. Аталған шайқас Баянауылдан батыстағы Шідерті өзенінің жоғары ағысында болып, қазақ қолын Бөгенбай батыр басқарды. Бір қызығы, Хадаханың жетістікке жеткені туралы ресми рапортының шынайылығы күмән туғызады. Оған қарсы дәйек, қытайлар үлкен шығындарға ұшыраған, сондықтан да, аталған жерді жергілікті қазақтар  әлі күнге дейін «шүршіт қырылған» деп атайды. Қазан айында Бөгенбай батыр бастаған қазақ қолы Нияз тауы аумағында қытайлармен кезекті рет соғысып, оларды үлкен шығынға ұшыратады. Осылайша, қытайлардың суық түскенге дейінгі екі әскерді қосу жоспарын орындатпай тастайды. Соңынан екі әскербасының жоспарлары жүзеге асып, әскерлер біріккенімен, қытай жауынгерлерінің жағдайы өте ауыр болды. Оның дәлелі императорға «Жылқысыз қалдық. Суық қыс келді. Малымыз да азық-түлік те жоқ. Бұл жерде қыстау мүмкін емес» деген мәтіндегі хаттар жиі жазылған. Нәтижесінде, қытай әскерлері қазақ даласын тастап шықты. Селенга комендатының Сібір губернаторына 1757 жылы 17 қарашада жазған хатында күзгі жорық барысындағы 20 мың әскерден өз шекарасына 1600 адам оралды деп жазады [9].

Абылай Әмірсана арқылы жоңғар мемлекетін қайта құруға әрекет жасағанымен, ол нәтижесіз болды. Өз хандығы маңайындағы геосаяси ахуалдың ушыққандығын аңғарған Абылай 1757 жылдың қыркүйегінде Бейжіңге Ханжігер мен Өміртайдың басшылығындағы елшілікті жібереді. Аудиенция барысында қытайларға қарсы қазақ әскерінің қимылдары сөз болып, елшілер Тарбағатайдың байырғы қазақ жері екендігін мәлімдейді. Нәтижесінде, Қытаймен арадағы жағдай тұрақтанды. Бірақ, Абылай Қытай қаупінен сескеніп, Жоңғария қоластында болған, мемлекеттің жойылуымен бос қалған қазақ жерлері Ертіс, Іле, Тарбағатай аумақтарына қазақтарды шұғыл қоныстандыра бастады. Ел қонған соң, қытай тарапы 1757 жылы Тарбағатайдың,   1759 жылы жоғарғы Ертістің, ал 1760 жылы жоғарғы Іленің қазақ жерлері екендігін мойындады. Аумақтар қазақ иелігінде қалды. Осылайша Абылай өз дегеніне жетті.

Абылай тұсындағы қазақ халқының бірлігіне келер болсақ. Хан билігі Орта жүз бен Ұлы жүздге және Кіші жүздің бір бөлігіне таралды. Сыр бойын билеген Ералы сұлтан Абылай пікірімен санасатын, Арал аймағын билеген Досалы сұлтан Нұралы ханнан тәуелсіз болды. Ресми түрде Ресей қарамағында болғанымен Нұралы да өз саясатын Абылаймен санаса жүргізетін. Төле би билігіндегі Ұлы Жүз Абылайдың билігін мойындайтын. Ресми Ұлы хан Әбілмәмбет болғанымен, оның көзі тірісінде шынайы билік Абылайдың қолында болды. Бұл XVIII ғ. 50 -60 жж. еді.

Жоңғарлардың Жетісудан кетуі қырғыздармен арадағы қарым –қатынасты қиындатты. Алатаудың солтүстігіндегі жайылымдарға таласқан Ұлы Жүз бен қырғыздардың қақтығысы 60 -70 жылдары ашық соғыстарға ұласты. XVIII  ғ. 70 жылдарының соңында қырғыздар қазақ руларының жайылымдарына басып кіргесін, 1779 жылы Абылай қырғызды шауып, оларды талқандай жеңіп, басшысы Садырбаланы тұтқынға алады .  Қырғыздар қазақ жерлерін тастап, бітімге келеді. 1765 — 67 жж. Абылайдың қазіргі Оңтүстік Қазақстан аумағына қауіп төндірген Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ қалалары босатылады, ал Ташкент болса 1781 жылы қазақ билігіне көшіріліп, алым–салық төлеп тұруға міндеттенді [5, 72 б.].

Тарихтан, қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы екі жүз жылға созылған азаттық күресінің соңы «Шаңды жорық» деген атпен белгілі науқанның болғандығын  білеміз. 1771 ж. бір халық ретінде қаралатын, қазақтарға қарсы соғыста одақтас болған Еділ қалмақтарының шамамен 170 — 180 мың адамдық көші (40 мыңдай әскері болған) босап қалған атақонысы Жоңғарияға оралу мақсатында қазақ жері арқылы үдере көшті. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Қазақ жері арқылы өткен еділ қалмақтарын қазақ жасақтары жаппай қырғынға ұшыратып, Жоңғарияға аз ғана бөлігі жетеді. Нәтижесінде, аз санды қалмақтар жаңа хандықты құра алмайды.

Сол жылы (1771ж.)  Әбілмәмбет хан қайтыс болып, Түркістанда үш жүздің өкілдері ақ киізге көтеріп, Абылайды хан етіп сайлайды. Абылай хан қазақ даласындағы бір орталықтанған билікті күшейту мақсатында Орта және Ұлы жүз аумақтарында өз балаларын билікке отырғызады. 1774 жылы Әділ Ұлы Жүзге сұлтандыққа сайланып, оған Таласта қалашық салынып, өңірге  егіншілікті дамыту мақсатында қарақалпақтар қоныстандырылады. Ал Жетісуді Сүйік сұлтан билесе, Орталық Қазақстанда Қасым сұлтан билікке келеді

        Атап өтетін жайт, Абылайдың Қытай мен Ресейге қатысты сыртқы саясатының өзге көрші мемлекеттерге саясатынан өзгеше болғандығы белгілі. Хан әскери әлеуеті үлкен, отты қаруға иелік етуші екі алпауытқа  қатысты ептілік, бітімгершілік саясат ұстанған болса, өзге көршілерге қарсы жиі күш қолданып отырған. Абылайдың Цин және Ресей империяларына да бірдей өз бодандығын білдіргендігі белгілі, бірақ, іс жүзінде Абылай екі мемлекеттен де тәуелсіз болды. Оған Қытайға қарсы жүргізген әскери қимылдары мен жоңғардан босаған қазақ жерлерін қайтаруы мысал бола алады. 

Ресей тарапы 1777 жылы оны біржола өз жағына тарту мақсатында, ханның жазбаша өтініші бойынша оны Үш жүздің ханы ретінде мойындауға әзір екендіктерін жеткізеді. Мұның өз беделін өсіретіндігін түсінген Абылай 1778 жылы Петербургке өз ұлы Тоғым бастаған елшілікті жібереді. Бірақ, 1778 жылы Екатерина ІІ оны тек Орта Жүздің ханы ретінде мойындайды. Бұған ренжіген Абылай Орынборға, Троицкі мен Петропавлға ант берге барған жоқ, және хан өзінің бұл  қадамына қатысты: «халқым мені сайлау арқылы үш жүздің ханы ретінде бұрын ақ мойындаған. Басқалардың мойындауының маған қажеті жоқ!» делінген жауап қатқан.

Билігінің соңғы жылдары Абылай елдің бірлігі мен аумағын сақтауға ұмтылып, Ресей тарапымен байланысын мүлде  тоқтатады. Өмірінің соңғы  жылы хан сырқаттанып, 1781 жылы Ташкенттен қайтып келе жатқанда Арыс өзенінің бойында қайтыс болып, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне аруланып жерленеді.

1781 жылы Қызылжар өңірі Қараой деген жерде Абылай ханның аруағына бағышталған ас халықаралық деңгейге өткізілді. Оған орыс, қытай елдерінен өзге қырғыз, қалмақ, қарақалпақ сияқты көрші жұрттардың да игі жақсылары қатысты. Ас беру барысында Абылайдың ұлы Уәли ақ киізге көтеріліп хан сайланады. Бірақ, өкінішке орай Абылай мұрагерлері әке арманын орындай алмады, қазақтан бірлік кетіп, елді Ресей империясы отарлай бастады. ХІХ ғасырдың ортасынан ауа қазақ жері біржола Ресей империясының отарына айналды.

Ұлы хан дүниеден өтер тұста оның өмірлік адал досы, ақылшысы болған Бұхар жырау ханнан: Сенің бұл өмірде орындалмаған арманың бар ма? деп сұрағанда, Абылай:

  • Көп қан төгілді. Бірақ, оны мен төкпесем, менің қанымды жауларым төгер еді...;
  • Мен халқымды жер анаға үйрете алмадым, қалалар сала алмадық...;
  • Халқымды түгелдей біріктіре алмадым, жікшілдер мен басқаша ойлайтындардың саны көп! деп жауап берген екен.

Шүкір, елі үшін аянбай қанын да терін де төккен ұлы ханымыз -  Абылай арманда кеткенімен, бүгінде, алаш жұрты оның армандарына қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстан, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен сүттей ұйыған бірлігі бар, барлық көршілерімен шекарасы шегенделген, дамудың даңғыл жолына, кемел болашаққа аяқ басқан іргелі мемлекет.

Ал Абылай тұлпарының тұяғы тиген Қараөткелдің қасиетті даласында елордамыз, бейбіт күннің символындай болған ару қаламыз – Астана бой көтеруде. 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер мен дерек көздерінің тізімі:

  1. Жылдар, ойлар : естеліктер мен толғаныстар / Ә. Тәжібаев. - Алматы : Жазушы, 1976. - 472 бет.
  2. Әбілғазы Бахадүр. История монгол и татар, Казань. 1825 ж., 178 -179 бб.
  3. http://apgazeta.kz/2013/08/17/abylaj-mify-i-realnost/
  4. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998, VII том. – 174 б.
  5. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. /Қ.С. Қаражан, Ж.Ә. Әбсеметова, Ф.А.Қозыбақова, Т.Қ.Мекебаев, С.С.Саржанова, С.Смағұлов, Ш.Б.Тілеубаев; Редакциясын басқарған Қ.С. Қаражан. – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 216 б.
  6. http://apgazeta.kz/2013/10/05/abylaj-2/
  7. «Басбатыр және Атамекен». Әділет ұлттық апталық газеті. 2015 жыл 17 сәуір.

8.  Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей. Под общей редакцией академика М.К. Козыбаева.  Алматы, "Санат", 1996.— 656 стр. 

  1. Абылай. Акмолинская правда. 11 декабрь 2013 г.

 

Viewing all 2282 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>